Қарапайымтәжірибе тармақталған құрылысы жоқ, өзара байланысқан және өзара әсерлескен аз мөлшердегі элементтері бар қарапайым қызмет жасайтын объектілерді зерттеуге қолданылады.
Күрделі тәжірибеде құрылысы тармақталған өзара байланысып әсерлескен элементтерінің мөлшері күрделі қызмет орындайтын объектілер немесе құбылыстар зерттеледі. Элементтердің байланысуының жоғары дәрежесі кез келген элементтің немесе байланыс күйінің өзгеруі, жүйенің басқа элементтер күйінің өзгертуіне әкеліп соғады. Зерттеудің күрделі объектілерінде бірнеше әртүрлі құрылымдардың, мақсаттардың бар болуы мүмкін. Сонда да күрделі объектінің нақты күйі сипатталуы мүмкін. Өте күрделі тәжірибеде белгісіз себептерге байланысты күйі анықталмаған объект зерттеледі.