Метрология негіздері
Өлшеу
Өлшеү әдістері
Өлшеу құралдары
Өлшеу құралдарын тексеру
Өлшеу құралдарын таңдау
Зерттеуге арналған құралдар
Өлшеу
Өлшеу — бұл арнаулы техникалық заттар көмегімен физикалық шамаларды анықтау. Өлшеудің мәні өлшенетін шаманы бірлікке алынған (эталон) белгілі шамамен салыстыру.
Өлшеудің теориясы және практикасымен метрология айналысады. Метрология — өлшеу, қамтамасыздандыру әдістері және құралдары туралы бірлігімен қажетті дәлдікке жету туралы ғылым.
Метрологияның негізгі проблемаларына мыналар жатады:
• Өлшеудің жалпы теориясы;
• Физикалық шама бірліктері (анықталуы бойынша бірлікке тең мән
берілетін шамалар);
• Олардың жүйелері (кейбір принциптерге сәйкес түзілген негізгі және
туынды бірліктердің жиынтығы мысалы, БЖ халықаралық бірлік жүйесі);
• Өлшеу құралдары мен әдістері;
• Өлшеу дәлдігін анықтау әдістері;
• Өлшеу нәтижелері заңды бірліктерде берілетін ал өлшеу қателіктері берілген ықтималдықпен белгілі болатын өлшеу бірлігі қамтамасыздандыру негіздері.
Эталондарға бірліктердің оның мөлшерлерін төменде тұрған өлшеу құралдарына беру мақсатымен сақтау және қайта өңдеудің қамтамассыз ететін өлшеу құралдары (немесе өлшеу құралдарының кешені) жатады. Эталондар арнайы ерекшелікпен орындалады, соның ішінде мысалы, ұзындық, масса бірліктері және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |