Кіріспе 1 Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің теориясы



бет6/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,2 Mb.
#4771
1   2   3   4   5   6   7   8   9

– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

– оқушылардың қарапайым құралдарымен және әр түрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;

– пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру. Стандартта «Еңбекке баулу» пәні – оқушылардың технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды. Атап айтқанда, оның мазмұны төмендегідей құрамда құрылды:

– еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер;

– өмірдің әр түрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары;

– түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктері;

– техникалық еңбек негіздері;

– көркем еңбек негіздері;

– тұрмыстық еңбек негіздері;

– дизайн негіздері. Мектептің бастауыш сатысындағы «Еңбекке баулу» пәні мазмұнының даму болашағы мектептің негізгі, жоғарғы сатыларындағы «Технология» пәнінің мазмұнында дамытылады. Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:

– техникалық еңбек;

– көркем еңбек;



– дизайн;

– тұрмыстық еңбек. «Еңбекке баулу» пәнінің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі – 272 сағат, әр сыныпта оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағаттан болып белгіленді. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауыл шаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылды. Бұрынғы «Өзіне-өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілді. Ол бүгінгі ауыл мектептерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. Сонымен бастауыш сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны: техникалық еңбек, көркем еңбек, дизайн, тұрмыстық еңбек бөлімдерінен тұрады. Базалық білім мазмұнын жүзеге асыру барысында оқушылар: Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді. Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді. Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандырады. Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді. Мектеп, сынып, отбасында түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. «Еңбекке баулу» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне қойылатын талаптар пәннің ерекшелігі ескеріле отырылып, «білуі тиіс» және «үйренуі тиіс» деп сараланып берілген. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны бойынша оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне жетуін тексеру жалпы техникалық білімі, іскерлігі, практикалық жұмыстарды орындауына қарай бағаланады деп белгіленген. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда оқушының өзінің еңбек әрекетінің нәтижесіне сол күнгі сабақ барысында жетуіне және оның бағалануына мүмкіндіктер тудыру мақсатында «Еңбеке баулу» пәнін қосарланған сабақтар түрінде оқыту ұсынылып отыр. Оқушыларды еңбекке даярлау жүйесін педагогикалық мәнде жүзеге асырудың бір жолы технологияны тереңдетіп оқытатын мектептерді көптеп ашу болып табылады. Бұл білім саласындағы мүлдем жаңа бағыт. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің құрылымдық дифференциациясы 3 сатыдан тұрады. І саты (V–VІІ сыныптар) – модульдік принцип бойынша оқу технологиясын дифференциациялау; ІІ саты (VІІІ–ІХ сыныптар) – бір технологияны дифференциациялық әдіспен тереңдеп үйрену; ІІІ саты (Х сынып) – арнаулы, кәсіптік даярлық негізінде дифференциалап оқыту. Оқуды дифференциялау оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектепте негізінен 10–16 жас аралығындағы балалар білім алады. Жасөспірімдер организміне тән ерекшеліктер – бұл кезеңде олардың бойы өсіп, бұлшық еттері ширай түседі. Ал 8–12 жастағыларды алатын болсақ, олардың омыртқа, жамбас сүйектері бекіп үлгермейді. Бұлшық еттері әлсіз, жүрек те үздіксіз өсу үстіндегі организмді қанмен қамтамасыз етіп үлгіре алмай жатады, осыдан барып, олар тез шаршайды, сабаққа деген ықыласы төмендейді. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептегі оқуды дифференциациялау қажеттілігі физиологиялық та, психологиялық та процестерге қайшы келмейді. Оның мынадай аспектілері бар:

1) дифференциациялау жайлы сөз еткенде оқу орнының статусын анықтайтындай білім берудің ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілері де назардан тыс қалмауы тиіс;

2) технологияны тереңдетіп оқыту барысында оқушылардың профильдік бағдар алу мүмкіндігін анықтау, олардың барлық кезең бойынша дамуын қамтамасыз ету, бұл үшін жеке тәсілді қолдана білу қажеттігі;

3) технологияны оқытуды дифференциациялау – ұлттық экономиканың әр түрлі салаларымен (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс), еңбектің көбірек ұшырасатын түрлерімен (металл, ағаш, тері, мата, азық-түлік өңдеу), электротехникалық, радиотехникалық және ауыл шаруашылығы жұмыстары, тұрмыстық қызмет, халықтық қолөнер, құрылыс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы машиналарымен байланысты болады. Оқу бағдарламасын, еңбек және технология түрлерін таңдау технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің өндіріс орындарына жақын орналасуына, ішкі мүмкіндігіне және оқу материалдық базасына байланысты. Аталмыш факторлардың есепке алу білім сапасын жақсартып, оқушы қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп қабырғасында балалар мен қыздарды даярлаудағы айырмашылық еңбек барысында оларға түсетін физикалық салмақ және жүктемелерімен ерекшеленеді. Технология мазмұнын дифференциациялау 3 бағытта жүргізіледі:

1) модульдік принцип негізінде;

2) блоктар бойынша модульдер, графикалық сауаттылықтың элементтері, бақылау-өлшеу аспаптары, техника элементтері, технология негізі, еңбек практикасы, т.б.;

3) күрделілік деңгейі бойынша. Оқушылар іс-әрекетінің 3 деңгейі болады:

1) өзі зерттейтін объектіні сыртқы белгілері арқылы ажырата білу;



2) объектіні және оның қадір-қасиетін тани, саралай білу;

3) алынған білімді практика жүзінде қолдана білу, кез келген сыныптың күрделі міндеттерін шығармашылықпен орындай алатын жағдайға жету. Осылайша технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің педагогикалық негіздері анықталады, олар оқушы дамуын қамтамасыз ететін басты құрал екендігін дәлелдейді.Технологияны тереңдетіп оқытатын мектепті құру түптеп келгенде оқытудың дифференциациялық принциптерін жүзеге асыруға негізделген. Оған оқушылардың бейімділігі, процесінің сапасын арттыру, оқу процесін интенсивтендіру және технологияны тереңдетіп оқыту есебінен кәсіптік оқу мен дәстүрлі еңбекке даярлық мерзімін қысқарту міндеттері де кіреді. Соңғы уақытта жалпы білім беретін мектеп шәкірттерінің қоғамға пайдалы еңбегінің мазмұны мен түрлері едәуір жақсарып, оның өрісі кеңейе түсті. Қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы бағытындағы мекемелер мен ұйымдарда оқушылардың өндірістік бригадалары мен звенолары көптеп құрыла бастады. Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылуына орай сол жылдары оның құрылымдарында механикаландырылған звенолар, отрядтар, отбасылық агрегаттар, экипаждар, т.б. өмірге келді. Агроөнеркәсіптік бірлестік құрылымындағы еңбекті ұйымдастырудың бір ерекшелігі – оның практикалық және кәсіптік бағдары басымырақ болады. Оқушыларға арнаулы жұмыс орындары бөлінді, техника күші және озат технология қолданылды. Өндіріс учаскелерінде жазғы каникул күндері шәкірттердің дербес жұмысы ұйымдастырылды. Бригадалық подряд принциптері жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы құрылымындағы оқушы еңбегін ұтымды ұйымдастыру өзекті проблема болып саналады. Өйткені, өнімді еңбекті ұйымдастыру әдістері тәрбие мазмұнымен сәйкес келеді. Әлбетте, әдістердің түрлері көп-ақ. Әйтсе де, жеке бастың үлгі-өнегесі, нұсқау беру, жаттықтыру, ақыл-кеңес беру, бағыт-бағдар берудің шоқтығы биігірек секілді. Оқушыларды дәстүрлі еңбекке даярлау ісін жетілдіру жаңа, тың, белсенді тәсілдерді іздеп табуды қажет етеді. Мұндай ізденіс оқушы еңбегін ұжым өкілдері, өндіріс озаттары және жаңашылдарымен бірге ұйымдастыруды талап етері сөзсіз. Оқушылардың өнімді дәстүрлі еңбегін ұйымдастыру түрлі әдістер мен тәсілдерді педагогикаға негіздеп қолдануды ғана емес, сондай-ақ оның тиімді түрде жоспарлануын да талап етеді. І–ХІ сыныптар арасында оқушылар еңбегі міндетті болған соң қайсыбір мектепте болмасын сол дәстүрлі еңбекті ұйымдастыруға бағытталған анық, дәл іс жоспары болуы шарт (әлбетте, бұл оқушылардың өндірістік бригадасының тәрбие жоспары болмауы тиіс). Календарлық жоспар еңбек объектісін, жұмыс көлемін, оқушылар санын, олардың жетекшілерін, материалдық базасын, шикізат пен материал көздерін қамтуы тиіс. Оқушыларды мал шаруашылығындағы дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің қажеттігі бұрыннан да көтеріліп келген мәселе болатын. Оған байланысты әр түрлі ғалымдар әр кезде орынды пікірлер айтқан болатын және өздерінің зерттеу жұмыстарын да ұсынған еді. Мысалы, С.Сапаров (жалпы кәсіпке бағдарлау), А.Сейтешев (мектеп пен өндіріс ұжымының жұмысшы мамандығын таңдаудағы біріккен жұмысы), В.Рымаренко (өнімді еңбек үстінде оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастыру), Б.Мишкурова (ауылшаруашылық жұмысына бағыттау), С.Курбанов (ауылшаруашылық кәсіптеріне даярлаудың педагогикалық негізі), А.Сайыпов (қой шаруашылығындағы механикалық еңбекке даярлау), Ш.Тудунов (еңбекке баулуды қой шаруашылығындағы еңбекпен байланыстыру). Бұл еңбектерде айтылғандардың бәрі де мал шаруашылығы жөнінде дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуді бір жолға сала алмады. Оның үстіне авторлардың көтеріп отырған мәселелері жеке мәселелер ғана. Әр елде қалыптасқан жағдай басқа елдердің жағдайына қарағанда мүлдем басқаша болатыны белгілі. Демек, Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығындағы кәсіп иесін даярлау күрделі де маңызды іс. Алайда мал шаруашылығындағы дәстүрлі кәсіпке оқушыларды тәрбиелеу атқарылуға тиісті бағдарламалық іс-шара ретінде ұсынылмай отыр. Сондықтан мектеп пен отбасы, жұршылық мұны міндетім деп түсінбейді. Ал ауыл, село жастары дайындығының жоқтығының салдарынан кәсіптің теріс жағын көбірек танып, одан қашуы заңды құбылыс. Біздің пайымдауымызша, ауыл шаруашылығындағы кәсіптерге оқушыларды тәрбиелеудің жолдарын төмендегіше қарастырған тиімді:

1. Педагогикалық ұжымдардың (сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің, тербиешілердің) оқушыларды ауыл шаруашылығындағы еңбекке тәрбиелеудегі міндеттерінің нақтылануы.

2. Мектепте ауыл шаруашылығы кәсібіне оқушыларды оқытуды ұйымдастыру. Оларға білікті мамандарды қатыстыру.

3. Мал шаруашылығы кәсібі түрлерін жеке-жеке насихаттау (мал мамандары, зоотехник, мал дәрігері, еңбек адамдарын: жылқышы, шопан, түйеші, бақташы, сауыншыларды қатыстыру).

4. Оқушылардың ынта, тәрбие деңгейіне қарай кәсіп түрлерін (сәндік-қолданбалы өнердегі: ұста, зергер, тігінші, етікші, т.б.) таңдауы. Оған сынып жетекшілері мен ата-аналардың оқушы бойындағы қабілетіне қарай келісімі. Ол келісім оқушының алған бағытын нақтылайды.

5. Ауыл, село жастарының мал шаруашылығындағы кәсіп түрлерін сүюге баулитын жұмыстарды дұрыс, жоспарлы, жүйелі жүргізіп, мал түліктерін күтіп-баптаудағы халықтық дәстүрлермен ұштастыру қажет.

6. Оқушылардың мал шаруашылығы жөніндегі еңбекке ынтасын тәрбиелейтін озат тәжірибелерді жинақтау.

7. Мектепте және өндірісте ата кәсіпке баулитын мерекелер, конкурстар, кештер, ұлттық ойындардың оқушыларды тәрбиелеу үшін жүйелі өткізіліп тұруы.

8. Тәлімгерлердің тұрақты болуы, сынып жетекшілері, мал мамандарын тарту.

9. Отбасында әр түрлі мамандардың болуы да кәсіпке бейімділікті шыңдайды. Қазақстан Республикасының көптеген облыстарында малшы балалары үшін ашылған мектеп-интернаттары бар. Осы мүмкіншілікті пайдаланып профильді сыныптар ашылған да болатын. Алайда қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық болып бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру, оқушыларды, сондай-ақ жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың нарықтық-экономикалық жағдайын, оқушылардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографиялық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді. Сонымен, қазіргі кезеңде мал шаруашылығындағы қолөнер мен тұрмыстық еңбекте жұмыс істейтін жастарды даярлау бүгінгі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің бірі болмақ. Демек, нарық тығырыққа тіреген тұста халық ұмытыла бастаған ұлттық еңбек тәрбиесі идеяларына бетбұрыс жасап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі, жанашырлығы оянып, оны тұрмыс-тіршілігіне айналдырып, сол арқылы күнкөріс көруге ұмтылды. Соның әсерінен еліміздегі кеңес өкіметі кезіндегі халыққа жаппай киім тігетін фабрикалар ұлттық бағытқа мамандана бастады, көптеген бағыттағы ұлттық шеберханалар дүниеге келді. Сөйтіп, қазақ халқының ұлттық мақтанышы – дәстүрлі көркемөнер еңбек түрлері (шапан, камзолдардан бастап күнделікті тұрмыста киетін киімдер, киіз үйдің ішкі, сыртқы жабдықтары, көрпе, жастық, кесте, кілем, бау-басқұр, сырмақ, қоржын, аяққап, басқа да тұрмысқа қажетті ұлттық нақышпен безендірілген бұйымдар мен кәде-сыйлар, бас киімдер тігу мен жасау) өндірістік дәрежеде аз да болса өз сабақтастығын жалғастыра бастады. Қорыта келгенде, ұлттық бағдарлама негізінде өткізілетін еңбек сабақтарында оқушылар политехникалық білім алумен қатар, жалпы политехникалық біліктілікті, яғни еңбек барысын жоспарлауға, жұмыс орнын ұйымдастыруға дағдыланады, бұйымды белгілеу, өлшеу, қию, өңдеу, жинау, монтаждау, сәндеу іскерлігін меңгеріп шығады. Әрине, оқу жоспарына енген пәндер бойынша жасалған бағдарламалар мазмұны дәстүрлі еңбек түрлерін толығымен қамтиды, оқушылардың еңбек тәрбиесі осымен шешімін тапты деп айтуға болмайды. Өйткені мұндай мақсатты бүгінгі таңда негізге алынып жүрген еңбек тәрбиесінің тұжырымдамасы да көздемейді. Біз осының бәрін ескере отырып, зерттеу барысында қазақ халқының дәстүрлі еңбек тәжірибесін оқушылардың еңбек тәрбиесінде пайдалану әдістемесін даярладық. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Қазақ отбасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеудегі дәстүрлі шаруашылықтарын атаңыз. Оларға қысқаша мазмұндық сипаттама беріңіз?

2. Қазақ отбасындағы ер баланы еңбекке тәрбиелеу дәстүрлерін атаңыз? Мазмұндық сипаттама беріңіз?

3. Қазақ халқының қыз балаларды дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз?

4. Мектепке дейінгі мекемелердегі дәстүрлі еңбектің түрлерін атаңыз және олардың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сипаттама беріңіз?

5. Жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі еңбекке баулудың жолдары қандай? Әдебиеттер

1. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы, «Рауан», 1994. – 112 б.

2. Әмірғазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері. –Алматы, Дайк-пресс, 1996.- 157 б.

3. Шәмкенова Р. Зергерлікте ғажайып мағына бар. //Қазақстан мектебі, № 10, 1996. – Б. 21-23.

4. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.

5. Әбдіғапбарова Ұ.М.Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері. Арнайы курс бағдарламасы.-Аламаты,1997,-22б. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. 1-4 сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні арқылы оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеудің қазіргі жағдайына шолу жасаңыз.

2. V-XI – сыныптардағы «Технология» пәні арқылы қазақ халқының қандай дәстүрлі шаруашылығына оқушыларды тәрбиелеуге болады? Оның бүгінгі таңдағы жағдайынан баяндама жасаңыз.

3. Болашақ мамандар даярлаудағы этнопедагогика ғылымының қажеттілігіне мазмұндық сипаттама беріңіз.

4. Болашақ мамандардың халықтық педагогикадан меңгерген білімдерін педагогикалық практика пайдалану дәрежесін сипаттаңыз.

5. Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланудың жолдарына сипаттама жасап, бір тәрбие сағатының үлгісін көрсетіңіз 2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени- әлеуметтік ортадағы оқушылардың дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді. Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы оқушыларды халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр. Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:

• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;

• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық нысанда қалыптастыру;

• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;

• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.

• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады. Оқушыларды жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған. Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесін» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді. Әдістеме алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды көздейді:

1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде оқушыларды тәрбиелеу мазмұны.

2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану.

3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану.

4. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелер тәрбиесінде пайдалану.

6. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін оқушылар тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау.



  • 2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі

2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі

Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени- әлеуметтік ортадағы оқушылардың дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді. Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы оқушыларды халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр. Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:

• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;

• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық

нысанда қалыптастыру;

• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;

• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.

• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе

ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады. Оқушыларды жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған. Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесін» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді. Әдістеме алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды көздейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет