1 – ауа термостат; 2 – рама; 3 – автоклав; 4 – вал; 5 – элетр қозғалтқыш; 6 – редуктор; 7 – шкив; 8 – подшипник; 9 – термометр; 10 – термопара; 11 – жылытқыш; 12 – асбест; 13 – автоклавтың бекітпесі; 4,15 – автоклавты берілген режимде жылыту программалық бақылаушы қондырғы
2 сурет – Бокситті автоклавты сілтілеудің зертханалық қондырғысы
Автоклавтың ішіндегісін таяқшамен араластырып, Бюхлер воронкасында вакуумда сүзгілейді. Қызыл шламды 0,25 дм3 ыстық сумен жуып, жуғыш суды сүзгімен араластырады.
Байер әдісте алюминаттық ерітіндіні выкручиваниемен ыдыратады, бұл үрдістің жүру мерзімі 60-100 сағ. Болғандықтан №1 зертханалық жұмыста ол карбонизациямен ауыстырылады. Карбонизацияның әдістемесі №2 жұмыста суреттелген.
Карбонизация кезінде сілтілейтін алюминий гидроксидін сүзгілеп, 0,25 дм3 ыстық сумен жуып, 1100С температурада кептіргіш шкафта 1 сағат кептіреді де содан кейін 10000С температурада пеште 1 сағат қыздырады. Алынған глиноземнің салмағын өлшеп, (13) формуламен товарлық шығымын есептейді. Аз кремнийлі және жоғары кремнийлі бокситтерді өңдеу нәтижелерін теңестіреді.
Жазбалардың және берілгендерді өңдеу тәртібі. Бокситтердің минералдық және химиялық құрамы, айналмалы ерітіндінің есептелген құрамы жазылады, 50 см3 айналмалы ерітіндідегі бокситтің салымы және кальцинациядан кейінгі глиноземнің товарлық шығымы есептеленеді.
Қауіпсіздік техника бойынша нұсқаулар. Автоклавтармен жұмыс істеген кезіндегі қауіпсіздік техника қосымша шарттарды орындау қажет:
а) автоклавты берілген температурадан жоғары қызып кетуді болдырмау;
б) автоклавты суық сумен толық суығаннан кейін және тек қана оқытушымен бірге ашу;
в) автоклавты ашу кезінде қалқанды пайдалану және автоклавты оралмен жабу.
Кальцинация кезінде пешке жақсы кептірілген және жылтылған тигельдерді салу, пештен оларды қысқышпен және қолғаптармен алу керек.
Қыздырған нәрселерге судың түсуін болдырмау кажет.
Жұмыс бойынша есепке талаптар. Минералдық және химиялық құрамы беріледі және осы берілгендермен шикізатты өңдеуге Байер әдісін таңдауы түсіндіріледі.
Байер әдісінің теориялық негіздердің қысқаша түсіндірмесі және технологиялық операцияның суреттемесі беріледі, бокситті сілтілеу режимінің таңдауы негізделеді, сілтілеу үшін зертханалық қондырғы суреттеледі және оның суреті беріледі.
Аз кремнийлі және жоғары кремнийлі бокситтерді Байер әдіспен өңдеудің қорытындылары мен тәжірибелердің нәтижелері келтіріледі.
№ 2 Зертханалық жұмыс. Глиноземді бокситтен пісіру әдісімен алу
2.1 Глинозем пісіру әдісі өндірісінің физико-химиялық негіздері
Әдіс жоғары кремний бокситты сода және әктасты жоғары темпиратурада пісіруге негізделген, онда алюминий тотығы суда ерігіш қосындығы байланысады , натрий алюминаты (Na2O Al2O3) ал кремнизем азерігіш екі кальций силикатына (2CaO SiO2). Натрий алюминатын әрі сілтілегенде піспеден ерітінді алынады ал екікальций силикаты ерімейтін қатты қалдықта қалады.
Алюминий ертіндісінен алюминий сутотығын бөлу үшін, оны газдармен өңдейді, құрамында көміртегінің екі тотығы бар (CO2).
2.1.1 Боксит шихтасын дайындау. Боксит шихтасын 3 компоненттен дайындайды: боксит, әктас және сода. Сонымен қатар шихта дайындауға айналымдағы өнімдер түседі; айналым сода ертіндісі және әқ шлам алюминат ертіндісін кремнисіздендіргеннен түскен.
Шихтаны төмендегідей есептен шығарады
мол. = 1 (16)
мол. = 2 (17)
Мұндай шихта, қаныққан, піспеннің сілтіленгенде көп мөлшерде Al2O3 және Na2O алынады. Азтемірлі шикізат үшін қанықпаған шихта пайдалынады R2O тек Al2O3 байланыстыру үшін есептеледі (R-Na,K.).
Мұқият ұсақталған және жақсы араластырылған ылғал боксит шихтасы ылғалдылығы 37-42% пісіруге жіберіледі.
2.1.2 Боксит шихтасын пісіру, пісіру кезінде шихта компоненттерінің әрекеттесуі. Боксит шихтасын 1200-15000С айналмалы құбыр тәрізді пештерде пісіреді. Шихтаны пешке пульпа форсункасымен шашыратып береді.
Боксит – сода -әктас шихтасын пісірудегі үрдістерде келесі негізгі компонеттер қатысады:
Al2O3, Na2CO3, Fe2O3, SiO2, CaCO3, TiO2. т.б. глиназемнің содамен әрекеттесуі 7000С басталып 11500С аяқталады
Al2O3 + Na2CO3 =Na2O Al2O3 + CO2 (18)
Достарыңызбен бөлісу: |