Кіріспе. Анатомиялық ерекшеліктері II. Негізгі бөлім



бет15/17
Дата24.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#133130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
339283 (копия)

Ісік көлденең тоқ ішектің ортасында орналасқанда ортасынан резекция жасалады. Ісік тоқ ішектің көк бауыр бұрышында, төмендеген бөлігінде, сигма бөлімшесінің жоғарғы жағында болғанда ішектің сол жақ жартысын шажырқаймен алып тастайды(гемиколонэктомия). Тоқ ішектің рагына емдік әсер тигізетін химиялық препараттардың саны аса көп емес. фторурацил, фторафур дәрілері аурулардың 20-25 пайызына ғана уақытша ремиссия береді, 5-фторурацил, винкристин қосып қолданғанда 43 пайызға дейін көтеріледі.

 

Тік ішектің клиникалық анатомиясы

Тік ішектің ұзындығы 15-17см,жоғары шеті сегізкөздің 3-омыртқасының тұсында орналасқан.Ішекте үш бөлім бар:

1-төменгісі тік ішек каналы (2-3см)

2-үстіңгісі тікішексигма бөлігі(2-3см)

3-ортаңғысы жамбас қуысының кең жері (10-13см)

Ректосигмоид және анальды (көтен) жағы тар боп келеді.

Тік ішек рагының патологиялық анатомиясы

  • Тік ішек рагы 80-85,0% жағдайда ампуласында орналасады да,оның ортасында-30-35,0%,төменгі бөлігінде-25-35,0%,ал жоғарғысында-20-25,0% және ректосигмоидты жерінде-10-15,0% . Көтен аймағында-3-4,0% кездессе,-2-12,0% ауруларда бірден тік ішектің бірнеше жерінде пайда болады.
  • Патанатомиялық түріне сәйкес экзофитті,эндофитті және аралас болып келеді.Тік ішектегі ісік жиі ыдырайды,ол кезде оның ортасы терең ойық жараға айналады(табақша тәрізді рак).Ал жайылмалы ойық жара көтен маңайында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет