3. Ішектің қызметі бұзылып іш қатуы немесе іш өтуі пайда болады. Немесе бұл бұзылыстар алмасып отыруы мүмкін. Іштің қорылдауы жиілейді. Қабыну қосылуына байланысты ішектің жиырылуы күшейіп, секрециясы жоғарлап іштің өтуіне әкеп соғады.
6. Бүйенде , өрме және көлденең ішекте пайда болған ісіктерді пальпация әдісімен анықтауға болады.
Тоқ ішек рагының түрлері:
Тоқ ішек рагының түрлері:
2 түрге бөлінеді: оң жақ және сол жақ бөлігі рагының белгілері.
Бүйен ішекте, өрме тоқ ішекте және ішектің бауыр бұрышында ісіктер ішектің оң жақ бөлігіндегі ісіктерге , сол жақ бөлігіне көкбауыр бұрышындағы , төмендеген ішектердегі ісіктер жатады. Көлденең және сигма тәріздес тоқ ішектегі ісіктер өз алдына жеке.
ТОҚ ІШЕКТІҢ ОҢ ЖАҒЫНДАҒЫ ЭКЗОФИТТІ РАК көп уақытқа дейін ішектің саңылауына қарай өседі де, ішектің түйілуі ерте білінбейді. Ісіктің көлемі үлкен болғанда да ішектің шеңберінің едәуір бөлігі ісіктен бс болғандықтан нәжістің жылжуы бұзылмайды. Рактың бұл түріне байланысты ауру денесінде жалпылама өзгешеліктер (улану белгісі, дене қызуының аздап көтерілуі,әлсіздік,арықтау және анемия белгілері) пайда болады. Қанның азаюына байланысты пайда болған әлсіздік, бас айналу, бас ауруы болады.