аденокарцинома , шырышты, қомақты рак және аралас түрі болып бөлінеді.
Тоқ ішек рагі жай өсіп, кеш метастаз береді. Экзофитті ісіктің макроскопиялық шегі мен микроскопиялық шегі үйлесетін болса, инфильтративті ісіктің макроскопиялық шегінен 2-3 см қашықтықта рак клеткаларын кездестіруге болады.
Тоқ ішек рагі лимфа жүйелері арқылы метастаз береді.Лимфа жүйесі арқылы метастазды жиі ішектің сол жақ бөлшегінде орналасқан эндофитті өскен шырышты және қомақты ісіктер береді.
Қан арқылы метастаз негізінде бауырда пайда болады.