Кіріспе Қантүзілу


Бірінші (ұрықтан тыс) кезең



бет3/5
Дата19.05.2022
өлшемі26,61 Kb.
#143940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кіріспе ант зілу

Бірінші (ұрықтан тыс) кезең
Ол сары уыз қапшығында өтеді. Сары уыз қапшығының қабырғасы 2 қабаттан тұрады: ұрықтан тыс энтодермадан және ұрықтан тыс мезенхимадан. Мұнда жасушалардың бөліну нәтижесінде қан аралшықтары қалыптасады, олардың жасушалары екі бағытта дифференцияланады: ангиобласттар, аралшықтың шетінде орналасқан,эндотелийге айналады және алғашқы қан тамырларының қабырғасын құрайды; аралшықтың ортасында орналасқан дің жасушалары алғашқы қан жасушаларына — бласттарға айналады.
Эмбрионалдық гемопоэздің ұрықтан тыс кезеңінің келесі ерекшеліктерін
ажыратады:
1. Гемопоэз ошақтары ұрықтың денесінен тыс орналасады, провизорлы мүшенің мезенхимасында —сары уыз қапшығының.
2. Гемопоэз бір мүшеде орналасады — монотерриториальдық. Кейінгі кезде гемопоэздің амнион және хорион мезенхимасында өтетіні туралы мәліметтер пайда болуда, бірақ олардың эмбрионалдық гемопоэздегі маңызы толық зерттелмеген.
3. Гемопоэздің бір бағытта басымырақ өтуі: эритропоэз- мегалобласттық, ядролы және ядросыз мегалоциттердің дамуы.
4. Интраваскулярлық гемопоэздің басым болуы.
5. Гемопоэзді индуктивті әсерлер (сары уыз энтодермасынан) және гуморальды факторлар реттейді.
Екінші кезең (гепато-тимо-лиенальды).
Эмбриогенездің 5-6 аптасында өтеді. 2-ші айда дің жасушалары бауырда, көк бауырда, тимуста орнығады,және бұл мүшелерде қанның барлық пішіндік элементтері дами бастайды. Бауырда сары уыз қапшығынан келген дің жасушаларынан экстраваскулярлы нормоциттер, гранулоциттер
(нейтрофилдер және эозинофилдер), мегакариоциттер — тромбоциттер дамиды. Бауырда қан түзу эмбриогенездің соңына қарай біртіндеп тоқтайды, бірақ туғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Патология кезінде (анемиялар) бауырда гемопоэз қайта басталуы мүмкін (патологиялық экстрамедуллярлық гемопоэз).Көк бауырда гемопоэз эмбриогенездің 4-ші айымен 8-ші ай аралығында өтеді. 4-5 айда ол универсальды қан
түзу мүшесі болып табылады. Онда экстраваскулярлы барлық қан жасушалары түзіледі. Эритроциттердің,моноциттердің, мегакариоциттердің, гранулоциттердің дамуы басымырақ эмбриогенездің 5-ші айында өтеді,
кейін миелопоэз белсенділігі төмендейді, ал туар алдында көк бауырдың негізгі қызметі лимфоциттердің түзілуі болып табылады — лимфоцитопоэз. Тимуста гемопоэз эмбриогенездің 7-8 аптасында басталады. Бұл уақытта тимустың эпителиалдық стромасында алғашқы лимфоциттер пайда болады. Олардың саны біртіндеп көбее бастайды және жасушалардың рецепторлары пайда болады. Тимуста Т — лимфоциттердің әр түрі дамиды. Т —
лимфоцитопоэзге тимозин реттеушілік әсер етеді. Т — лимфоцитопоэз эмбриогенез соңында және ерте балалық шақта қарқынды өтеді. 3 жастан 20 жасқа дейін бұл үрдіс тұрақтанады, ал кейін біртіндеп төмендейді. Бірақ аз мөлшерде өмір бойы сақталады. Тимуста түзілген Т — лимфоциттер кейін шеткері иммунндық жүйе мүшелерінде орналасады — лимфалық түйіндер мен көк бауырда.Қан түзу лимфа түйіндерінде.
Лимфа түйіндері эмбриогенездің 8-10 аптасында қалыптаса бастайды. Дің
жасушаларынан эритроциттер, гранулоциттердің барлық түрлері және мегакариоциттер дами бастайды.Аталған мүшелер екінші кезеңде негізгі қан түзуші мүшелер болып табылады.Бірақ олармен қатар гемопоэз аз мөлшерде терінің, бүйректің, өкпенің дәнекер тінінде өтеді, туған соң патологялық жағдайларда бұл мүшелерде экстрамедуллярлық қан түзудің патологиялық ошақтары пайда болады.
Сонымен, эмбрионалдық гемопоэздің екінші кезеңіне келесі ерекшеліктер тән:
1. даму сатысындағы қан жасушаларының диапазонының кеңейуі
2. гемопоэздің экстраваскулярлық түрі
3. гемопоэздің көптеген мүшелерде орналасуы
4. диффузды қан түзуден ошақты қан түзуге өту
5. универсальды қан түзу мүшесінің қалыптасуы (көк бауыр)
6. организмнің реттеушілік жүйесінің қалыптасуының нәтижесінде қан түзуді реттеу механизмдерінің біртіндеп күшейуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет