Айырша без(тимус)-пішіні екіге ажыраған айырға ұқсағандықтан айырша без деп аталған.Ассиметриялы оң және сол үлестерден тұрады.Сол жақ үлесі әдетте оңға қарағанда ұзынырақ.Тимус басқа иммунды жүйе мүшелерінің барлығынан ерте дамиды,пайда болғандағы салмағы 12-15 г.Әсіресе қарқынды өсу уақыты сәбидің өмірінің алғашқы 3жылы.Массасы үш есе үлкейіп 36 г-ға жетеді.20 жасқа дейін ол айтарлықай өзгермейді,ал одан кейін инволюцияға ұшырайды.Безде 50 жасқа келгенде 90 пайызын құрайтын байланыстырғыш тіндер пайда болады.Тимустың максимальді өсу барысындағы мөлшері -сол жақ үлесінікі 7-15см,оң жақ үлесінікі 3-10см,екі үлесінің де ені 2,5-6 см.Ерте жаста без мойын-көкіректік қалыпта орналасады,яғни оның төменгі ¾ і алдыңғы көкірекаралықта орналасып өзінің ұшымен 3-ші, кейде 4-ші қабырғаралыққа жетеді,ал жоғары бөлігі төс сүйектің тұтқасынан сәл жоғары орналасады.Бездің алдынан төссүйек,екі бүйір жағынан өкпелердің жиектері,ал артынан перикардтың жоғарғы бөлігі және жүректің ірі қантамырларының бастау алатын жерінде орналасады.
Көкбауыр-құрсақ қуысының сол жақ ІХ-ХІ қабырғалар орналасқан тұсқа сәйкес орналасады.Екі беті ажыратылады:көкеттік және висцеральді.Висцеральді бетінде әртүрлі мүшелер көрші орналасауына байланысты пайда болған асқазандық,ұйқыбездік,бүйректік,жиек ішектік беттерін ажыратады.Жоғарғы ,төменгі жиектері,алдыңғы,артқы ұштары айқындалады. Бірнеше байламдары бар: lig.gastrolienale, lig.phrenicolienale, lig.phrenicocolicum. Сірлі қабығының астында пульпасы орналасады.Ішке қарай бағытталған трабекулалар пульпаны ақ және қызыл пульпаларға бөледі.Ақ пульпада лимфоидті тіннің шар тәрізді жинақталған шиыршығы орналасады. Олар қызыл пульпаның деңгейінде шашыраңқы орналасқан.Қызыл пульпаның негізгі қызметтері:өлген эритроциттерді,басқа да бөтен элементтерді жою;қанды депонирлау;антителалар түзу;ағзаны темірмен,өт пигменттерімен қамтамасыз ету;ақ пульпада Т-лимфоциттер орналасады.
Қорытынды Қорыта айтқанда,қан түзу және иммунды жүйе мүшелерінің анатомиясын білудің клиникалық маңызы зор.Әсіресе,қатерлі ісіктер кезінде ісіктердің лимфа түйіндерінің ағысының бойымен таралу қаупін ескеру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: Адам анатомиясы (Атлас), 3-том. Жүрек-тамыр жүйесі. Ә.Б.Әубәкіров., Ф.М.Сүлейменова., М.З.Шайдаров., Т.М.Досаев. –Астана: Фолиант,2010.-280 б.
И.В.Гайворонский Анатомия человека 2-том 329-331 беттер