Кіріспе Қантүзілу


Постэмбрионалдық гемопоэз



бет4/5
Дата19.05.2022
өлшемі26,61 Kb.
#143940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кіріспе ант зілу

Постэмбрионалдық гемопоэз
• Постэмбрионалдық қанжасау арнайы гемопоэтикалық тінде – миелоидты тінде өтеді. Бұл қанның физиологиялық қалпына келуі болып табылады. Миелоидты тінде эрироциттер, моноциттер, тромбоциттер лимфоциттердің бастапқы түрлері дамиды. Лимфопоэз лимфоидты тінде жүреді де негізгі
үш қызмет атқарады: лимфоциттердің дамуы, плазмоциттердің пайда болуы, зақымданған жасушаларды және олардың қалдықтарын аластау.
• Миелоидты және лимфоидты тіндер дәнекер тіндерге жатады. Олар екі жасушалар туындыларынан тұрады: ретикулярлық тіннің жасушалары және гемопоэтикалық жасушалар. Ретикулярлық тінде келесі жасушаларды ажыратады: фибробластылар сияқты және макрофагтар. Ретикулярлық тіннің ішінде орныққан гемопоэтикалық элементтер полипотентті қанның дің жасушасынан дамиды.
Иммундық жүйе мүшелері:
1.орталық иммундық жүйе мүшелері:
-тимус (айырша без), сүйек кемігі;
2.перифериялық иммундық жүйе мүшелері:
-көкбауыр,
-лимфа түйіндері,
-әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.
Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі. Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.
Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.
Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
Иммунды жүйе мүшелерінің жастық ерекшеліктері
Сүйек кемігі-бір мезетте қан түзу және иммунды жүйе мүшелерінің қызметін атқарады.10-12 жастағы жас баланың сүйегінде қызыл кемік майы болады,үлкейе келе 20-25 жаста ол сары кемік майына ауысады.Сары кемік майында қан түзуші элементтер болмайды,көбіне май тіндерінен тұрады.Жалпы адам денесінде сүйек кемігінің үлесі 4,5-5%,бұл жалпы салмағымыдың 2,5-3 кг-ы деген сөз.Бұл үлестің жартысы шамамен қызыл кемік майының үлесіне кетеді.Қызыл кемік майының ретикулинді талшықтарды түзетін миелоидті тінін,бағаналық жасушалары бар гемопоэтикалық бөліктерін ажыратады.Бағаналы жасушалар барлық қан түзуші және иммунды жүйе жасушаларының бастапқы негізі болып есептелінеді.Бұл жасушалар көп мәрте бөліну қасиетіне ие.Мұндай бөліну нәтижесінде қан жасушалары-эритроциттер,тромбоциттер.лейкоциттер түзіледі.Қызыл кемік майында екі түрлі капиллярларды ажырады:қарапайым(диаметрі 6-20 мкм)-трофикалық қызмет атқарады;синусоидты(диаметрі 200-500мкм)-пісіп жетілген элементтердің қан айналым жолына өтуіне ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет