Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет55/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
, заң 
сөзінің орнына 
низам

мен 
закон
сөзі қатар қолданылған)” [16, 153-б.]. 
Қазақ терминологиясын кезең-кезеңге бөліп баяндаудағы соны көзқарасты Ш. Құрманбайұлының 
еңбегінен табамыз. Зерттеуші қазақ тілі лексикасының терминденуін төрт кезеңге бөліп 
қарастырады: 1) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейінгі – І кезең; 
2) 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі – ІІ кезең; 3) 1930 жылдар мен 1990 жылдарға дейінгі аралықты 
қамтитын – ІІІ кезең; 4) 1990 жылдан бергі – ІV кезең [17, 118-б.]. Автор аталған кезеңдердің 
әрқайсысының ерекшеліктеріне тоқталады. 
Бұл айтылғандардан қазіргі қазақ терминологиясының, яғни сала терминдерінің бірден қалыптасып 
кете қоймағанын, оның даму, қалыптасу барысының түрлі жолдардан өткенін көреміз. 
Терминдік жүйенің дамуы ғылым мен білімнің, техниканың өрлеуіне байланысты. Оның 
қалыптасуында жеке тұлғалардың да атқаратын қызметі зор. Қазақ терминологиясында 
А.Байтұрсынұлының есімі айрықша аталады. Көптеген ғалымдарымыз А.Байтұрсынұлының 
термин жасау ісіне егжей-тегжейлі тоқталады. Сонымен бірге, мамандар тарапынан болсын, тілші 
ғалымдар тарапынан болсын белгілі бір сала терминдерінің зерттелуіне көп көңіл бөлінеді. Олар 
жеке-жеке сала бойынша да [18], төркіндес ғылымдар бойынша топтастырылып та [19] жан-жақты 
зерттеудің нысаны бола түсуде. Осы уақытқа дейін жарияланып жатқан сөздіктер қаншама. 
Солардың барлығы қазақ тіліндегі терминологиялық жұмыстардың қауырт жандануына негіз болып 
отыр. 
Жиырмасыншы ғасырдың 60-80-жылдарынғы терминологиялық зерттеулерде сала терминдерінің 
жасалуы, дамуы мен тұрақтануы бірқыдыру сөз болды. 
Зерттеушілер белгілі бір сала терминдерінің қалыптасуын кезеңдестіру жағына зерттеушілер көп 
мән береді. 
Айталық, С. Елубаев қазақ тіліндегі математика терминдерінің қалыптасуын үш кезеңге бөліп 
қарастырады: 1) 1920-1933 жылдар; 2) 1934-1949 жылдар; 3) 1950 жылдан қазірге дейін [20, 9-б.]. 
Сол сияқты И. Нұғыманов та қазақ тіліндегі химиялық терминдердің қалыптасуын шартты түрде 
үшке бөледі: 1) 1920-1933 жылдарды қамтитын алғашқы кезең; 2) 1934-1949 жылдар аралығындағы 
кезең; 3) 1950-1964 жылдар аралығындағы кезең. Зерттеуші әр кезеңге тән ерекшелікті төмендегідей 
сипаттайды. 
Бірінші кезең қазақ мектебін ана тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асырумен 
байланысты сипатталады. Бұл кезеңде қазақша химия оқулықтарын жазумен қоса, орыс тіліндегі 
химия оқу құралдарын қазақшаға аудару ісі белең алды. Терминдер жасалуының мынадай тәсілдері 
байқалды: 
1.
Заттардың бұрыннан келе жатқан тұрмыстағы атауларын пайдалану: 
алтын, күміс, 
қорғасын, күкірт, сынап, темір, мыс, қалайы.
Бұл терминдер жаңа мағынаға ие болып
заттармен бірге оларды құрайтын химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын атау 
үшін қолданылды. 
2.
Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген атауларды пайдалану. 
3.
Біраз химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының аттары калька жасау арқылы 
алынған, бұлар орыс тіліне де осы тәсілмен келген терминдер: 
гидрогениум – водород – 
сутек, карбонеум – углерод – көміртек, оксигениум – кислород – оттек, известковое молоко 
– ізбес сүті, белильная известь – ағартқыш ізбес 
және т.б. 
4.
Қазақша баламасы табылмаған химиялық элементтердің және заттардың орыс тіліндегі 
атаулары фонетикалық жағынан өзгертіліп алынған: 
кальций – кәлис, магний – магнез, иод – 
ыйод, каучук – қаушық, амальгама - әмелгем.
5.
Номенклатуралық терминдер жасауда сөз қосымшалары –ты, -ті, -лы, -лі, -лау, -лылау және 
т.б. кеңінен іске жаратылды. 


67 
Бұл кезеңде қазақтың химиялық номенклатурасының негізі қаланды. Олардың көпшілігі осы 
кезеңге дейін пайдаланылады. Алайда бұл кезде химиялық терминдер саны жағынан аз, мектеп 
көлеміндегі материалдарды ғана қамтыды. 
Екінші кезеңде, яғни 1933-1949 жылдарда қазақ тіліндегі химиялық терминдердің молаюы және әрі 
қарай жетілуі жүзеге асты, оларға әсер еткен жағдайлар мыналар болды: 
1) Әдеби тілдегі ғылыми терминологияның орнын, маңызын, жасалу 
принциптерін және даму перспективаларын анықтау мақсатымен республика көлемінде бірсыпыра 
шаралар іске асты. Мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды. 1935 жылы мәдени құрылыс 
қайраткерлерінің бірінші съезінде қазақ тілі және оның терминологиясы жөнінде арнайы мәселе 
қаралды. Съезд қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссиясының төрт бюллетені жарық 
көрді. Бұларда және бұдан кейін жарияланған тіл мамандарының мақалаларында термин сөздердің 
ерекшелігі, оларды жасаудың және орыс тілінен аударудың принциптері талданды. 
2) Терминологияның теориялық мәселелерімен бірге іс жүзінде қажет 
екі тілді сөздіктер құрастыру қолға алынды. 
3) Химия терминдерін жасау – химия мамандарының ісі. Сөз болып 
отырған кезеңде химиядан ғылыми дәрежесі және жоғары білімі бар мамандар шықты. 
4) Қазақ тілінде химияның тұрақты оқу құралдары жазылды. 
Үшінші кезеңде, яғни 1950-1964 жылдарда химиялық терминдер саны 
молайып, жоғары мектеп көлемін және химия ғылымын толық қамтитын дәрежеге жетті [21, 6-9 б.]. 
Қазақ тіліндегі медициналық терминдерді қарастырған К.Г. Аяпбергенова олардың қалыптасуын 
төңкеріске дейін және төңкерістен кейін деп үлкен екі салаға бөле отырып, оны үш кезең арқылы 
көрсетеді. Төңкеріске дейінгі медициналық терминдердің дамуына халықтық медициналық атаулар, 
сондай-ақ сол мерзімдегі баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаятының газеті”, “Дала уәлаятының 
газеті”, “Айқап”, “Қазақ” т.т.) жарияланған материалдар қызмет етті. Әсіресе бұрыннан келе жатқан 
халықтық медицина атаулары (Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет