Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет54/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
бас 
арық, 
оман 
арық, 
оқ 
арық, 
құлақ 
арық

дақыл
мен 
егіс

пәлек
пен 
жапырақ
т.т. осы тәріздес сөздердің мағыналық жағынан 
сараланып қолданылуы, мақта шаруашылығындағы 
қозапая, шиіт, көсек, шанақ
, жүгері 
дақылдарына орай 
жүгері сотасы, собығы, шашағы
мен 
шашының
сараланып пайдаланылуы 
осындай қағидалар негізінде қабылданған сөздер. 


65 
Ана тілін жетік меңгерген Ә.Сатыбалдиевтың термин қалыптастыру барысындағы қадау-қадау 
ойлары бүгінгі күн үшін өзекті болып табылады, атап айтқанда: 

ана тілінің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдалану; 

ана тілінің шеткері қалтарыстарын (көне сөздерді, жергілікті тіл ерекшеліктерін, кәсіби 
ұғымдарды т.т.) қолдану; 

термин шығармашылығындағы жасампаздықты іске қосу; 

тұрақты атауларды өзгертпеу; 

тілдің сөзжасамдық мүмкіндіктерін батыл қолдану және т.б. 
Бұл тұжырымды көзқарастар қазіргі терминологиялық ізденістер үшін 
де өз құндылығын жойған жоқ әрі тіліміздегі термин қалыптастыру ісін жандандыратын, оның 
көкжиегін кеңейтуге атсалысатын маңызды пікірлер болмақ. 
Міне, осы тәріздес ғылыми жағынан шынайы айтылған көзқарастар сол кездегі салалық 
терминдердің зерттелу барысын (әрине, зерттелу қарқыны қазіргідей болмаса да) дұрыс арнаға 
бұруға өз септігін тигізді. 
Қазіргі түсінік бойынша салалық терминология дегеніміз – ғылым мен техникада, өндіріс пен 
шаруашылықта және т.б. түрлі салаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар, солардың 
жиынтығы. 
Қазіргі мерзімде салалық терминдер жайындағы көзқарастар ғылымилығы жағынан болсын
зерттелу әдіснамасы жағынан болсын жаңара түскені мәлім. 
Терминнің өз ішінде әлденеше қабаттан тұратындығы (жалпығылыми, ғылымаралық және жеке 
ғылымға тән терминдер) күрделі тілдік категория екендігі ескерілу керек. Осы тұрғыдан 
келгенде, проф. Ә.Жүнісбектің мына бір ұсынысы назар аудартады. Ғалым: «Біздің ойымызша, 
ұғым-атаулардың деңгейін алдымен сатылап алған жөн», – дей отырып, оларды үш топқа бөліп 
қарастыруды ұсынады: 
1.
Санаулы ғана арнайы мамандар тобы өздеріне ғана тән шағын ортада 
2.
және өзара ғана пайдаланатын күрделі және сирек кездесетін ұғым атаулар. Бұлар ұлт тіліне 
аударуға иліге қоймайтын жоғары технологияға қатысты ғылыми, қоғами, техникалық, 
дәрігерлік т.б. атаулар; 
3.
Жаппай орта білім деңгейіне лайық, сөйтіп кәмелеттік білім дәрежесін 
4.
қамтамасыз ететін ұғым-атаулар. Бұлар - әлі мамандығын таңдап ала қоймаған, дегенмен әр 
саладан хабардар ғана болып отыруға тиіс жастарға, сондай-ақ орта буын кәсіпкерлерге 
қажет ұғым-атаулар; 
5.
Жалпы көпшілік күнделікті пайдаланатын бұқаралық ұғым-атаулар. 
Осылай терминдердің құрамы мен жүйесін таза ғылыми, орта ғылыми және көпшілік ғылыми деп 
жіктейді де, “Мұның өзі терминжасам ісін біршама ретке түсіріп, оның желі бойындағы кезегінің 
басын ашып алуға мүмкіндік берері сөзсіз” [12, 31-б.] – деп түйеді. 
Алайда осы жіктеудің өзі айналып келгенде, терминологиялық лексика деп аталатын әдеби тілдің 
үлкен бір саласын құрайды. Қазіргі зерттеушілер осымен байланысты салалық терминология 
терминін көп қолданып жүр. 
Қазақ тілінде сала терминдерін қалыптастырудың алғашқы тәжірибелері Қазан төңкерісіне дейін де 
болған. Бұл пікірді барлық зерттеушілер растайды. Алғашқы қазақ газеттерінің тілін зерттеуші 
Б.Әбілқасымов: “Газет бетінде әр түрлі ғылыми, публицистикалық материалдардың көп 
басылуымен байланысты ғылымның белгілі тарауларына қатысты терминдік мағынадағы орыс 
сөздерінің ұғымын халыққа жеткізу қажеттігі туа бастады. Газеттегі ғылыми мақалалар көбінесе 
Орта Азияға шыққан ғылыми экспедициялардың есебі не солар туралы информациялық хабарлар 
болып келеді. Бұлардан басқа тарих, этнография, әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты мақалалар да 
басылып тұрған. Бұл жағдайда газет редакциясы көбіне оны қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер 
арқылы түсіндірме жолымен аударып беруге тырысқан, кей кездерде сол терминдік мағынадағы 
орыс сөздерінің өзін қалдырып та отырған” [13, 92-93 б.]. Газет тіліндегі термин жасаудың осындай 
тәжірибелерін айта келе, ғалым қазақ тіліндегі “ғылыми түсініктердің жарық көре бастаған дәуірі 
де сол кезеңдерден басталады” деген қорытындыға келеді. Осындай мазмұндағы пікірді 
кезінде Ғ. Мұсабаев та кезінде айтқан: “Ғылыми терминологияның элементтері Октябрь 
революциясына дейін болғаны да сөзсіз... Орыс мәдениетінің белгілі ұғымдарын қазақ тіліне 
қазақтың ХІХ ғасырдағы ағартушылары біраз енгізген болатын” [14, 137-б.]. Қазақ тілінде 
терминологиялық сөздіктер құрастыру ісінде, термин қалыптастыру тәжірибесінде өзіндік ой-пікір 
қалдырған зерттеуші А. Әбдрахманов салалық терминдерді зерттеуде мынадай ой 
айтады: “Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше


66 
Октябрь революциясынан бұрынғы кезеңнен бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, халық 
медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т.б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, 
атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып 
енгенін айқындау қажет” [15, 71-б.]. 
Ө. Айтбаев қазақ баспасөзінің термин жасаудағы қызметін ерекше атап көрсетеді. Ғалым былай деп 
жазады: “Баспасөз материалдарына қарап отырсаңыз термин түзудің әр алуан амалдарын 
байқайсыз. Бірде ана тілінің өз мүмкіндігі іске жаратылып жатса, екінші бір тұста өзге тіл үлгілері 
сол қалпы, не аздаған өзгеріспен қабылданады (залог, каталажка, дознание, доверенность, приговор, 
квитанция т.б.), ал үшінші бір тұста көптеген терминдер қазақ тілінен баламасын тауып аударылып 
отырады, немесе аударма қатарында түпнұсқа да бірге жүреді (Мәселен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет