І бөлім бойынша тұжырымдама
Сонымен, қорытындылай келе дипломдық зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде жаңа инновациялық оқыту технологиясының ерекшеліктері, оқытудың озық үлгісі – арттерапия және оның элементтері мен “Өзін-өзі тану” бағдарламасына қатысты көзқарастардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамалары келтірілген. Оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияның ерекшеліктері, оқыту процесінде қолданылатын элементтері мен арттерапияның диагностикалық, профилактикалық және психокоррекциялық жақтары қарастырылды.
Зерттеу жұмысымызға өзек болған еңбектер Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; прфессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы және С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану” бағдарламасы.
Жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып жүргізілген зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде оқыту процесінде арттерапия элементтерін жүйелі әрі бірізді, срнымен қатар сауатты қолдана білу әрбір жек тұлғаның өзін-өзі тануына жол ашады. Оның шығармашылық қабілеті мен қиялы байып, креативті ойлау қабілеті дамиды және өзін-өзі бағалауы жоғарылайтындығы анықталады.
Сонымен, инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапия және оның элементтерін оқыту процесінде қолдану өте маңызды әрі тиімді болып келетіндігі анықталған. Сонымен қатар, арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану сабақты жандандыра түседі. /9,10,16,/
ТАРАУ -2
2. Арттерапияны білім беру процесінде қолданудың эксперименталды зерттеу бөлімі
2.1 Арттерапия - оқыту процесінің тиімділігін арттыру шарасы
Қазіргі таңдағы көпетегн зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:
Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.
Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.
Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған творчестволық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.
Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.
Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің творчестволық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.
Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.
Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.
Арттерапия өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.
Арттерапияны құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде қолдануға болады.
Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен өткiзуге болады. Арттерапевт арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз, түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын функциясы айтарлықтай қиын әрi ситуацияға байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен творчествоның белгiлi бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде творчествоның, өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет болады. Арттерапевт сурет творчествосымен өзi шұғылданып жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп, түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың Әрқашанда ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдын ол қатысушылармен олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол “lстей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы. Клиентті болып жатқан ситуацияға қызықтыру керек, сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына, көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы, ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi характердiң сұрақтары шешiледi.
Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс.
Зерттеу жұмысымызда қолданған арттерапияның құрамды элементтерінің бірі - ертегі терапиясы.
Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.
Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.
Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.
Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:
өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;
оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;
қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
- үндестік пен күшті сезіну.
Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.
Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.
Психологиялық қызмет көрсету барысындаертегілерді қолдануға болады ма деген сұраққа біздің екі түрлі жауабымыз бар: жалпы және психологтарға арналған.
1. Ертегіні бәрі де жақсы көреді. Ертегіні мойындағысы келмейтін адамдардың өзі де жақсы көреді. Ертегіде бәрі де ертегідегідей ғажайып болады. Ертегіде мен туралы емес, әсіресе мен туралы, сіз туралы және ол туралы, біздің балаларымыз туралы деген сияқты жағдайлар кездеседі. Өз проблемаларымызды ертегі формасында көруіміз бен қабылдауымыз оңайырақ болады, она ауыр тимейді және көңіліміз де қалмайды. Ертегі кейіпкерлеріне әрбір жағдайдан шығып кету оңай, өйткені, ертегілерде бәрі де мүмкін болады. Кейіннен ойланып қарасақ, бұл шешімді өміріңдегі өзіңнің жағдайларыңа да қолдануға болады. Өйткені, ертегінің соңы әрқашан жақсы болып аяқталатыны барлығымызға мәлім.
2. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар
Ертегімен психологиялық қызмет көрсетудің
әдістемелік ерекшеліктері
Психологиялық тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған ертегілерді қолдануға болады.Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары болады. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:
ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;
жете түсіндірді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;
динамикалылығы;
алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;
ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік;
Атақты авторлардың ертегілерінің артық жақтарын ашып көрсетер болсақ, ұлттық ертегілердің жетістікті жақтарын қайталайды, яғни:
қойылымның әйгілілігі, балалық шақтан бұл ертегіні білу;
метафоралық;
қойылымдардың алуан түрлілігі, әртүрлік ұлттық нұсқадағы түрлері, солардың арасынан біреуін таңдап алу;
Ертегі терапиясын жүргізгенде атақты авторлардың ертегілерін қолданудың қиындық туғызатын жақтарына тоқталып кетер болсақ:
оқылып отырған кітаптың белгілі болуының салдарынан қызығушылықтың төмендеуініің мүмкіндігі;
көптеген қойылымдық қатарлар кейбір топтық сабақтарда шұғыл терапия жүргізуде, қысқа уақыттық терапия жүргізуде ертегіні жарамсыз қылады;
авторлық ертегілер міндетті түрде автордың көзқарасын көрсетіп отырады, ал бұл психолог пен клиенттің көзқарастарын үндестікке, ұйқастыққа алып келеді;
авторлық ертегілер өнердің әрбір туындысы секілді жанашырлықпен, ұқыптылықпен қатынас жасағанды талап етеді. Сол себепті психологтың ұсынып отырған жұмысы ретінде қойылымды өзгертіп отыру мүмкін болмайды. Ертегіні өзгерту немесе түрлендіру психологиялық қарым-қатынас атмосферасының бұзылуына және ертегінің бұзылуына әкеліп соғады.
Ал егерде ертегілер арнайы, ертегі терапиясы үшін жазылып отырса, онда жоғарыда айтылып өткен қиындықтармен кездеспеуге болады. Ертегі проблемаға қатысты шығарылып отырады, ал кей кездері нақты бір клиентке арналып арнайы жазылады. Топқа немесе жеке клиентке ұсынылатын ертегі оларға белгілі болмайды. Сол себептен, адамды толғандыратын немесе оның жеке ертегісі ретінде ұсынылып отырған ертегі қызықты болып келеді.
Ертегі терапиясының мақсат- міндеттері
Қалай үйрену керектігін үйрету.
Қажетті нәрсені емес, қызықты нәрсені ғана танып-білуді қалайтын адамдарға арналған оқытудың әдістемесін ойлап шығару.
Сенімділікті ояту. Сенімділік қана жекелік ресурстарды белсендіреді және іс-әрекет барысында қосымша күшті жеткізіп отырады. Шынайы сенімділік нәтиженің жетістігін көрсетеді. Ғасырлар бойы ертегілерді, мифтарды, аңыздарды және таң қаларлық тарихи оқиғаларды пайдалана отырып, сенімділікті оятқан және қалыптастырған. Ғажайып ертегілердегі ізгілікті істердің жеңіп шығуы кездейсоқтық емес, міне осы істер ішкі сенімділік пен ішкі саналы күшті оятады. Алғашқыда олар түсініксіз бір сезім, діріл ретінде байқалады, кейін келе сезініп жүзеге асыратын қабілетке айналып отырады.
Ертегілік қойылым барлық уақытта оған қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар мен коррекциялық жұмыстарда да өзінің көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады. Психологтар мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды.
Адамның бейнелерге нақтылай сәйкестене алмауы, оны спонтандылықтан айырады. Осы жерде көмекке ертегілер келеді. Дәл осы жерде тіптен өзгеруге мүмкіндік болады. Өзін күтпеген рольдерде сынап көруге жағдай жасалынады. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту.
Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.
Ересек адамдардың ертегі терапиясына бірден дайын бола алмайтынын естен шығармау керек. Психотерапиялық ертегілерді қолдануда негізгі үш нәрсені естен шығарып алмау керек:
орындылық;
шынайылық;
мөлшерлілік.
Психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ондай болмаған жағдайда, балық идея бұрмаланып кетуі мүмкін. Психотерапиялық ертегілерді айтып беру, бұл, клиент пен терапевт арасындағы “арақашықтықты” жақындатады.Осыған орай ертегі терапиясын жүргізуші терапевттен ашық-жарқындылық пен шынайы келбет танытуы талап етіледі.
Ертегі терапиясының құрамды бөліктерінің біріне – ойын арқылы терапия жүргізу жатады. Осыған жете тоқталып кетер болсақ, көптеген ғасырлар бойы әдебиеттанушылар, фольклоршылар, психологтар және педагогтар ойынның ұлы құпиялы жақтарын ашып-білуге ұмтылуда. Солардың еңбектері мен зерттеу жұмыстарының арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы ойынды баланың әмбебап және ажырамас бөлігі мен меншігі деп жариялады.
Ойын халықтық педагогиканың басты ережелерінің бірі болып табылады. Ол баланы болашақ өмірге дайындаудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Ойын баланың рухани жан дүниесін байытады және өмірдің құндылығын түсіндіреді. Өмірде жасалып отыратын әртүрлі іс-әрекеттерге көзқарасын қалыптастырады.
Ойын терапиясы - бала мен ересек адам арасындағы біріккен іс-әрекет түрі болып табылады. Осы іс-әрекеттер арқылы адамның ішкі “Мені” құрылып, нығаяды. Сонымен қатар, адамның қазіргі өмір сүріп отырған уақыты мен болашақ өмірінің моделі құрылады. Бұл ойында берілген өмірдің маңызды бір жағдайын ойнап, бастан кешірумен тығыз байланысты болады.
Ойын терапиясының ертегімен жүргізілетін негізгі бір түрінде ертегі оқылады немесе өсиет-нама ретінде айтылып беріледі. Ертегі формасындағы ойын баланың ойынға белсенділігін арттырады.
Жай ғана ойын терапиясын ғажайып, ертегі формасындағы ойынға айналдырудың екі формасы бар.
Ойындағы барлық нұсқауларды ертегіге немесе өсите-намаға айналдыру.
Ойын ертегіге байланысты ойдан шығарылады. Жұмыстың мақсаты мен тәрбиеленушілердің проблемаларына байланысты ертегілер іріктеп алынады және соған негізделе отырып ойынның қойылымы құрылады.
Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды./15,17,/
2.2 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат - міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені
Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөлімінің мақсаты - оқу процесіне арт-терапия элементтерін енгізуге дейінгі және оқу процесіне арттерапия элементтерін ендіргеннен кейінгі студенттердің “Өзін-өзі тануы”, жеке қасиеттерінің сапалық өзгешеліктерінің нәтижелерін салыстыру болды.
Зерттеудің болжамы: Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Зерттеудің обьектісі: Зерттеуге М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң “Педагогика және психология” мамандығының төртінші курс студенттері қатысты.
Зерттеудің пәні: оқыту процесіндегі арттерапия элементтері.
Зерттеудің мерзімі: «қыркүйек»_2006 ж._- «мамыр»_2007 ж._
Зерттеудің әдістемелері: арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар, ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасы.
Әрбір студенттің оқу процеснде жетістікке жетуіне көптеген факторлар әсер етеді. Солардың ішінен сабаққа дайындалу, сабақты өз бетінше оқу, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауы, өзінің танымдық іс-әрекетінің жеке ерекшеліктерін меңгере алуы, өзінің жұмыс уақытын дұрыс жоспарлай білуі, эстетикалық сезімі, ұжымшылдығы, ұйымдастырушылығы, еңбексүйгіштігі, білуге құштарлығы және т.б. бөліп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның жоғарыда атап өткендей жекелік құрылымдық бөлімдерін анықтау мақсатында ҰЕҰБЭ (ОТКЛЭ) тұлғалақ сауалнамасын қолдандық және арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтік сабақтар жүргізуді жоспарладық.
Әдістемелік зерттеудің міндеттері:
ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын топқа жүргізу, нәтижесін өңдеу;
эксперименттік топқа арттерапия элементтерін жүргізу;
дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізу;
арттерапия элементтері мен дамытушы- түзетуші эксперимент кешенін өткізгеннен кейін ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасын қайта жүргізу;
алғашқы және кейінгі сауалнама нәтижелерін өңдеп, салыстыру және болжамды дәлелдеу.
Зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөліміндегі құрылған болжамға сәйкес топ студенттерімен арттерапия элементтерін жүргізер алдын тұлғалық ҰЕҰБЭ сауалнамасы жүргізілді.
Тақырыбы: Тұлғалық ҰЕҰБЭ(ОТКЛЭ) сауалнамасы
Мақсаты:Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық (яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық), білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады.
Орындау ережесі: Сізге 115 сұрақтан тұратын сауалнама бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ия”, “жоқ” немесе “кейде” деп жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар.
Нәтижені өңдеу: сауалнама нәтижесін стандартталған саулнама кілтіне салып өңдейміз (қосымша Ә2 қараңыз).
Осы нәтижелерді толыққанды өңдеу барысында олардың орта мәні шығарылып, диаграмма құрылды.
Кесте 2
№
|
А.Ж.Ф.
|
Ұйымдастыру- шылық
|
Еңбексүйгіштік
|
Ұжымшылдық
|
Білуге
құштарлық
|
Эстетикалық
талғам
|
1
|
Азамат А.
|
16
|
13
|
10
|
12
|
11
|
2
|
Айгерім И.
|
12
|
13
|
15
|
14
|
19
|
3
|
Айдын П.
|
16
|
17
|
17
|
20
|
19
|
4
|
Алия Қ.
|
13
|
15
|
14
|
12
|
13
|
5
|
Ақмарал А
|
13
|
18
|
13
|
15
|
14
|
6
|
Ақмарал М.
|
15
|
22
|
14
|
14
|
12
|
7
|
Ахметжан Ә.
|
11
|
16
|
10
|
13
|
14
|
8
|
Бақытгүл Қ.
|
13
|
15
|
15
|
12
|
18
|
9
|
Гүлбану А.
|
10
|
14
|
10
|
11
|
15
|
10
|
Гүлдана А.
|
12
|
15
|
14
|
20
|
18
|
11
|
Гүлжамал У.
|
16
|
15
|
16
|
17
|
16
|
12
|
Ғабит Е.
|
17
|
20
|
18
|
19
|
16
|
13
|
Ділбар А.
|
14
|
15
|
12
|
10
|
12
|
14
|
Еркебұлан Б.
|
13
|
16
|
12
|
14
|
11
|
15
|
Жадыра Ж..
|
14
|
15
|
13
|
16
|
17
|
16
|
Жанар А.
|
10
|
11
|
11
|
9
|
14
|
17
|
Мақпал У.
|
14
|
13
|
14
|
13
|
13
|
18
|
Мөлдір А.
|
18
|
20
|
15
|
18
|
18
|
19
|
Нұрсұлу А.
|
11
|
13
|
12
|
15
|
12
|
20
|
Назипа Е.
|
15
|
12
|
14
|
15
|
17
|
21
|
Перизат А.
|
18
|
15
|
19
|
20
|
15
|
|
Орта мәні
|
12
|
15
|
13
|
14
|
13
|
Достарыңызбен бөлісу: |