КІРІСПЕ
Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.
Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.
Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар: технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және т.б.); екіншісі – шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту (білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай, адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.
Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.
Еліміздің алғашқы ханымы С.А.Назарбаева өзінің “Өзін-өзі тану” бағдарламасын ұсынудың өзі өмір талабына сай, дер кезінде жазылған құнды еңбек. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі деген мәселелер өте маңызды.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Арттерапияның оқыту процесіндегі инновациялық технологияның озық үлгісі екендігін психологиялық жолмен анықтау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
отандық, шет елдік, Ресейлік арттерапия жөніндегі теориялық-әдістемелік материалдарға терең талдау жасау ;
инновациялық тұрғыдан арттерапия үлгілерін қолдану тәжірибесін кеңінен басшылыққа алу;
өзін-өзі тану бағдарламасына сәйкес арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану;
жоғарыда аталған проблемаларға байланысты әдістемелер кешенін іріктеп талдау және оларды қазақ тобына арнап аударып, бейімдеу;
анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерін өңдеп, салыстыру;
Зерттеу жұмысының объектісі. Озық психотехнология үлгісі ретінде – арттерапияның жоғарғы оқу орындарында өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының пәні. Психологиялық пәндер бойынша студенттердің шығармашылық тұрғыда өзіндік дамуын жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде – арттерапия және оның элементтері.
Зерттеу жұмысының болжамы. Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану”бағдарламасы сияқты құнды еңбектер табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін бірін-бірі толықтырушы арттерапия элементері, дамытушы-түзетуші жаттығулар және ҰЕҰБЭ (ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, білуге құштарлық, эстетикалық талғам) сауалнамасы қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - арттерапия элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі ретіндегі арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ тілінде ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін атқарады;
шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе отырып, адамның өзін-өзі тануына жол ашады;
арттерапия көмегімен психосауықтыру, емдеу шараларын толық жүзеге асыруға болады;
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы ретінде М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің “Педагогика және психология” мамандығы бойынша IV курс, ФК-03-3к1 тобының студенттері алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған 48 әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 81бет.
ТАРАУ – 1
1 Инновациялық оқыту технологиясының
ғылыми-теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту.
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттердің оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді.
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс-әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация” әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді.
Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.
Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Жаңа инновациялық технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауды оқу процесі жөніндегі әртүрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн.
Педагогикалық технологияларды енгізуде оқытушы іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, – деп көрсетеді С.В.Селевко.
Оқу-тәрбие процесінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің IY кезеңін бөліп көрсетуге болады:
І кезең; Жаңа идеяны іздеу
Ақпараттандыру және инновациялрды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу
Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
ІY кезең: Жаңалықтарды бекіту
Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін баағалау.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізуді төмендегідей жолмен көрсетуге болады:
Білім беру
|
А
|
Ақпараттандыру
|
Ә
|
Насихаттау
|
Б
|
Игеру
|
Жұмысты жетілдіру, жаңалықтар іздестіру
|
Ақпарат жаңалықтарын меңгеру
|
Оқыту, игеру
|
Пайдалану
|
Инновацияларды таралу үрдісінің бір түрімен (А,Ә,Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.
А – инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол ашылады;
Ә – олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;
Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі.
Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Елбасы Н.Назарбаевтың білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съездінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадырлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту./1,2,3,4,5,6,8,10/
Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі
ретінде
Алғаш арттерапияны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия, Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына анализ жасауға негiзделген фундаментальды жұмыстарынан басталады (Prinzhorn, H.,1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары және оның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды. Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.
Бейнелеу өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психологиясынан, ол өзiнiң суреттерiн жеке және әмбебап символдардың идеясын нақтылауға қолданған. Сонымен қатар, Наумбургтың терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi графикалық бейнелеудiң динамикалық теориясынан, оны АҚШ-та арттерапияның пионерi деп санайды. Кейiн келе арттерапияның дамуына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң үлестерi де тидi.
“Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне творчество арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.
Арттерапия өнерге негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi, формасы.
Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арттерапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арттерапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда арттерапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциональды фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Арттерапия - бiздiң ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды.
Арттерапияны жүргізу барысында клиенттерге бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық адам ретiнде бейнелейдi. Дәл қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.
Арттерапия фактiлi материалдардың жеткiлiктiлiгiне қарамастан, теориялық жағынан эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдiк қасиетi туралы жалпы қабылдаған теория әлi жоқ. Ол арттерапияға қатысты көпфакторлы қиындықтар мен оны салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыда зерттеудiң аз уақыттылығына және алғышарттарына байланысты.
Кратохвил арттерапияны – сублимационды, проективтi және әрекетшiл деп бөледi.
Ал Дельфина – Бейли арттерапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |