Диаграмма 2.
Бұл жерде де жауап нәтижелерінің ортақ мәндерін таба отырып, диаграмма құрылды.
Арттерапия элементтерін оқу процесінде қолданғанға дейінгі және арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығуларды оқу процесінде қолданғаннан кейінгі топтағы өзгерістер өңделіп, алғашқжәне кейінгі нәтижелер салыстырылды. Нәтижелерді өңдеп, салыстыру барысында мынадай өзгерістер байқалды.
Кесте 4
№
|
Шкалалар атаулары
|
Эксперимент нәтижелерін бағалау
|
Арттерапия элементтерін оқыту процесіне ендіргенге дейін
|
Бағалау
|
Арттерапия элементтерін оқыту процесіне ендіргеннен кейін
|
Бағалау
|
1
|
Ұйымдастырушылық
|
12
|
Орта
|
17
|
жоғары
|
2
|
Еңбексүйгіштік
|
15
|
Орта
|
20
|
жоғары
|
3
|
Ұжымшылдық
|
13
|
Орта
|
16
|
жоғары
|
4
|
Білуге құштарлық
|
14
|
Орта
|
21
|
жоғары
|
5
|
Эстетикалық талғам
|
13
|
Орта
|
18
|
жоғары
|
ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасының нәтижелерін бағалау.
Өздеріңіз 4-ші кестеде көріп отырғандайз ерттеу жұмысымыздың барысында оқу процесіне арттерапия элементтерін ендіргеннен кейін, топ мүшелерінің еңбексүйгіштігі, эстетикалық талғамы, білімге құштарлығы, ұжымшылдық пен ұйымдастырушылық қабілеттері өскен. Біз бұл салыстырмалы ерекшеліктерін диаграмма ретінде көрсетуді жөн деп санадық.
Диаграмма 3.
Бұдан шығатын қорытынды, арттерапия элементтері пайдалы, әрі оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілі ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданудың маңыздылығы жоғары екендігі байқалады. Яғни, оқыту процесінде сауатты ұйымдастырылған арттерапия элеметтері жеке тұлғаның өзін-өзі тани отырып, үйлесімді дамуына жол ашады. Өзіндік бағалауы жоғарылайды.Қоршаған ортамен қарым-қатынасы оңтайланады. /16,17,19,20,22/
2.3. Арттерапия арқылы адамның жан-жақты дамуының әдістемелік практикалық нұсқаулары
Мұғалім мамандығы – қиын әрі қызықты мамандық. Мұғалім үшін ең қиын нәрсе – сенің соншалықты беріліп өткізген сабағыңнан соң көздері мөлдіреп, еш нәрсе түсінбей қалған балаларды көру. Не істеу керек?
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында ұлттық және әлемдік мәдениет, жалпы адамзаттық құндылықтар, білім алуда тілді және мектептің түрін таңдау еркіндігі негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағдарламалары айқындалған. Онда қоғамды ізгілендірудің, яғни адамдар арасында бірін-бірі сыйлау, бір-біріне көмектесу, қоғамның талаптарын сыйластықпен қарау сияқты адамгершілік тәрбиесі негіздерін бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылардың дүниетанымындағы басым құндылықтар ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған.
Осы жерде арттерапияның маңызды жақтары ашылады. Яғни, арттерапия элементтерін дамытушы-түзетуші трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені арттерапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет атқарады.
Арттерапияның диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетер болсақ, ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдері арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды. Соның нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы болып табылады.
Арттерапияның психопрофилактикалық қызметі – адамның өмірінде кездесетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз психикалық жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай отырып, алдын-алу болып табылады.
Ал, арттерапияның психокоррекциялық қызметі , ол арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығуларды бірлікте пайдалана отырып, анықталған психикалық жағдайға түзету жүргізу болып табылады.
Арттерапияны жүргізген кезде төмендегі сызбада көрсетілген әдістерді пайдалануға болады.
Сызба 2
Артерапияның жүргізілу жолдары
Сызбада көрсетілген әдістердің көмегімен адамның көңіл-күйін көтеріп, ішкі конфликтер мен қатты эмоцияларды сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, терапиялық процесті жеңілдететді. Адамның қиялын, шығармашылық қабілетін, творчестволық ойлауын дамытады.Әрбір жеке тұлға бойында сенімділікті оятады, сол сенімділікті сезінуге, қоршаған ортаны шындықтағы бар өз тұрғысынан қабылдауға үйретеді. Арттерапияның әрбір функциясы адамның гармониялы дамуына өз үлестерін қосып отырады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделулерін қамтамасыз етеді.Жалпы жеке тұлға оқу процесінде өзін-өзі көрсете білуі тиіс. Мұнда жеке тұлғаның шығармашылық еркіндігі, өз бетімен қызмет етуі, өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра білуі, өзінің жеке басының өмірде рухани дамуын қамтамасыз етуі секілді қызметі дамиды. Жеке тұлғаның рефлексивтік және ойша іздену қызметі қалыптасады. Өзінің “Мені” және өзін-өзі көрсете білуі дамып, адам қарым-қатынас әлемінің есігін ашады. Сол себепті, оқу-тәрбие процесінде арттерапия элементері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар кешенін бірлікте ұйымдастырып, жүйелі өткізу оқу-тәрбие процесін жандандыра түседі деген тұжырым жасаймын./27,32,34,38,40/
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл дипломдық зерттеу жұмысында жаңа инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі, психотерапияның жас әрі мамандандырылған формасы – арттерапия жан-жақты қарастырылды. Зерттеу жұмысымның теориялық зерттеу бөлімінің өзі маңызды мәселелерді қозғайтын екі бөліктерден тұрады.
Оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияның ерекшеліктері, оқыту процесінде қолданылатын элементтері мен арттерапияның диагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық жақтары қарастырылды. Сонымен қатар, арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн ерекшелігі, өтілу барысы ғылыми әрі әдістемелік тұрғыда анықталды.
Төмендегі авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-әрекеті; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өзін-өзі тану” бағдарламасы; және тағы да басқа еңбектерде көрсетілгендей шығармашылықтың, яғни креативтілік тұрғысынан жеке тұлғаның дамуы бүгінгі таңда маңызды мәселе болып отырғандығы дәлелденді.
Зерттеу жұмысымызға өзек болған еңбектерге сүйене отырып жүргізген теориялық және эксперименталды зерттеуіміздің нәтижелеріне тоқталып кетер болсақ: оқыту процесінде арттерапия элементтерін жүйелі әрі бірізді, сонымен қатар сауатты қолдана білу әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі тануына жол ашады. Оның шығармашылық қабілеті мен қиялы байып, креативті ойлау қабілеті дамиды және өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.
Арттерапия - ішкі кернеулер мен қатты эмоциялардан босатады. Арттерапия элементтерінің көмегімен топтың қалыптылығын сақтап, өзара қарым-қатынасты жағымды әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Шығармашылықтың көмегімен адам өз сезімдерін терең түсініп, жүгендей білуге үйренеді. Бұл оның әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, еніп кетуіне бағыт-бағдар беріп отырады. Креативтілік адам бойында сенімділікті оятып, оның қалыптасуына негіз болады. Қоршаған ортаны, шындықтағы болмысты өз тұрғысынан қабылдауға үйретеді. Арттерапияның әрбір функциясы әрбір жеке адамның үйлесімді дамуына үлес қосады.
Өнер арқылы терапия жүргізудің көмегімен – жеке тұлғаны мазалайтын өзекті мәселелер айқындалады, эмоционалдық қысым төмендейді, агрессия, негативизм, демонстрация түрінде көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізіледіәлеуметтік барьер, теріс әсерлі бағдарлардан арылтады. Сонымен қатар шығармашылық - өзара әрекеттке түсудің тиімді жақтарын қалыптастырады. Атап айтсақ, өзара келісе алушылық, өзгеге жол беру, жалпы іске өз үлесін қоса білу, өз беделін бағдарлай алу секілді жекелік құндылықтар коррекцияланады.
Жалпы, оқу-тәрбие процесін ізгілендіру мақсатында оқытудың креативті жақтарын дұрыс ұйымдастыра білсе, арттерапияның берері мол. Арттерапия оқыту процесін өзінің шынайы көрнекіліктерімен жандандырып, әрбір білім алушының білімге, ғылымға деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, қоршаған ортаға байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады. Жалпы арттерапияны интерактивті оқыту әдістемесінің қатарына жатқызса да болады. Өйткені,білім алушы мен арттерапевт немесе педагог та сабақ барысында белсенді позцияда болады. Тағы да айта кететін жағдай арттерапиямен тек арттерапевт, психолог немесе педагог қана айналыспайды. Арттерапиямен барлық маман иелері, үй жағдайында ата-аналар сауатты түрде айналысса, қоғамымыз шығармашыл, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары дамыған жеке тұлғалармен толыққан болар еді.
Сонымен, дипломдық зерттеу жұмысымыздың теориялық және эксперименталды бөлімдерін тұжырымдамалап, қорытындылай келе зерттеу жұмысымыздың: “Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді әрі орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады” деген болжамымыз дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |