Кіріспе диссертациялық жұмыстың өзектілігі



бет16/17
Дата18.08.2022
өлшемі314,74 Kb.
#148146
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Диссертация по новому (1)

Идеологиялық шаралар

- Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен әйелдердің қылмыс жасау арқылы өз проблемаларын шешуден саналы түрде бас тартуын қалыптастыру;
- Әйелдерді қылмыс жасауға теріс қарауға бағытталған белсенді өмірлік ұстанымға ынталандыру;
- Дайындалып жатқан және жасалып жатқан қылмыстар туралы ақпараттандыру жөніндегі жұмыста құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға, құқыққа қарсы әрекеттерді ашуға және тергеуге көмек көрсетуге ынталандыру

ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертациялық жұмысты жазу барысында әйелдердің қылмыстылығына қатысты кейбір криминологиялық проблемаларды зерттеу және талдау жүргізілді. Нәзік жандылардың қылмыстарын алдын алу бойынша іс-шаралардың түрлі кешені меңгерілді. Келесідей нақты аспектілер қарастырылды: әйелдердің қылмыстық мінез-құлқын анықтайтын факторларды зерттеу жүргізілді, қылмыскерлердің негізгі психологиялық сипаттамалары көрсетілді, қарастырылған қылмыс түрінің алдын алу негіздері мен алдын алудың өзекті проблемаларына талдау жасалды.


Қоғамдағы мәдениеттің, моральдың алатын орны әйелдің қоғам мүшесі ретіндегі маңыздылығының дәрежесін білдіреді, оның дамуы мен гендерлік кемсітушілік мәселелері, әйелдер қылмыстылығына орын алуына ықпал етеді осындай әрекеттердің салдарынан әйелдер қауымын агрессияға шақырады. Диссертациялық зерттеудің авторы отандық және шет елдік криминологтармен, әйелдер қылмысы олардың статистикалық көрсеткіштерін, орын алған нақты қылмыстық әрекеттерді, олардың салдарын, жасау әдістері мен тәсілдерін және құралдарын, қылмыстық мінез-құлық ерекшеліктерін, қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды, сондай-ақ қоғамдағы әйелдің рөлін және жәбірленушіні таңдаудағы яғни виктимологиялық аспектілерінің ерекшеліктерімен толығымен келіседі.
Өздеріңіз байқағандай әйелдермен жасалынатын қылмыстар әрекеттерінен туындаған қылмыстар өздерінің жасалу тәсілімен, әйелдердің мінез-құлықтарымен ерекшеленіп, ғылымның көп ізденуіне себебін тигізіп отыр. Осындай әйелдермен жасалынған қылмыстардың ішінде зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдана отырып кісі өлтіру және денсаулыққа зиян келтіру болса, жасөспірімдер арасында бұзақылық ниеттен туындаған қылмыстық әрекеттер көптеп кездеседі. Тәжірибедегі материалдардан байқағанымыз әйелдер қылмысының санында зорлық-зомбылық әрекеттерінің үлесі 15% құрайды. Мамандардың пайымдауынша соңғы 5 жыл көлемінде зорлық-зомбылық әрекеттерінің салдары әйелдер арасындағы орнын ескере келе, террорлық актілерге қатысу, кепілге алу, отбасындағы бірге тұратын азаматтан жәбір көре отырып оған қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдану салдарынан осы қылмыстардың түрлерін жасауы орын алуда.
Осы орайда әйелдер қылмысындағы өзгерістерді талдау жоғарыда аталған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің едәуір дәрежесін көрсетеді.
Әйелдер қылмысының ситуациялық сипаты жағынан алдын-ала дайындалған әрі күрделі, екендігін зерделей келе, соңғы жылдары олармен жасалынған қылмыстар санының азайғанымен, олардың ішінде ауыр қылмыстарын жасаған әйелдер санының жылдан-жылға артып кележатқандығын байқадық.
Әйелдердің материалдық және тұрмыстық тәртіпсіздік, отбасылық қатынастар аясында зорлық-зомбылық жасау ықтималдығы жоғары екенін ескере келе, кінәлі мен жәбірленушінің арасындағы келіспеушілік не бірін-бірі сыйламаушылықтан туындаған әрекеттерде арандатушы фактор ретінде көбіне жәбірленушінің өзі болады, сондай-ақ, оның қылмыстық қоздырғыш мінезқұлқының ерекшелігі орын алады.
Диссертациялық жұмыс объектісі мен пәнін теориялық зерттеу және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша біз келесі ұсыныстарды гипотезалар, тұжырымдар мен ұсыныстарды :
1. Жалпы қылмыстың жыныстық түрі ретінде әйел қылмысын қарабайыр түсінуден бас тарту және оны тәуелсіз әлеуметтік проблема ретінде қарастыру ХХІ ғасырдың криминологиялық доктринасының сындарлы дамуының қажетті шарты болып табылады. Мұнда аймақтық аспект ерекше мәнге ие. Жынысы атрибутивті белгі бола отырып, уақыт пен кеңістікте өзгеріссіз қалады. Феминистік криминологияның аймақтық аспектісі олардың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, этнонационалистік, геосаяси сипаттамалары бойынша әртүрлі аймақтардағы әйелдер қылмысының заңдылықтарын зерттеуге негізделген (нақты әкімшілік аумақтың ерекшелігін ескере отырып, криминологиялық саясат пен криминологиялық алдын-алу практикасы. Мұндай ұсыныс жағдайында қылмысқа әсер етудің тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігінен туындайды
2. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әйелдердің қылмыстық мінез-құлқын тудыратын жағымсыз жағдайларды үнемі анықтау қажет. Бұл құбылыстарды зерттеуге тек қана құқық қорғау органдары емес, психологтардың, әртүрлі қоғамдық ұйымдардың және еріктілер қозғалысының қатысуы пайдалы және тиімді болып саналады. Ортақ мақсатқа – әйелдердің зорлық-зомбылық қылмысының алдын алу және болдырмау – жету үшін күш біріктіру тиімді нәтижеге әкеледі. Мысалы, біз әйелдерді қорғау, оларға қиын өмірлік жағдайлар кезінде (отбасындағы қақтығыстар мен қорлау, ажырасу, жақын адамдарынан, баласынан айрылу, жұмыстағы қиындықтар және материалдық сәтсіздіктер) психологиялық көмек көрсету бойынша моральлдық тұрғыда көмек көрсететін іс-әрекеттерді келтіре аламыз.
3. Әйелдер қылмысының құрылымдық көрсеткіштерін зерттеу барысында біз әйелдер көбінесе жалдамалы және зорлық-зомбылық қылмыстар жасайды деген қорытындыға келдік.
4. Отбасы институтына және әйелдің санасына жас кезінен бастап дұрыс құндылықтарды, адамгершілік негіздерін, этика мен тәртіпті енгізуге ерекше назар аудару керек. Сәйкес қасиеттерге ие бола отырып, әйел кейіннен баласын лайықты және адамгершілігі мол адам ретінде тәрбиелейді. Бұл алгоритм болашақта жалпы қылмыстың төмендеуіне негіз болатын заңға бағынатын өркениетті қоғам құруға мүмкіндік береді.
5. Әр түрлі авторлардың әйелдердің қылмысын анықтайтын факторлар туралы пікірлерін талдай келе, бұл әлеуметтік құбылыстың негізгі себептері ретінде отбасы беделінің әлсіреуі, әйелдердің қоғамдағы рөлі, экономикалық қатынастар туралы стереотиптердің деформациясы, халықтың мәдени жіктелуі, қақтығыстардың, дұшпандық қатынастардың артуы, өзара құрмет пен деңгейлік адамгершілік құндылықтардың тез төмендеуін қарастырамыз. Қылмыс енді мүлдем қолайсыз құбылыс ретінде қабылданбайды. Әйелдер өздерінің жоғары сезімталдықтарына байланысты тез арада азғындыққа бой алдырып, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және т.б.қоғамдық тәуелділіктермен байланысты болады.
6. Отбасылық зорлық-зомбылық жасаған әйелдердің жеке басын зерттеу олардың қылмыстық әрекеттерді жасауының жалпы психологиялық негізімен қатар, қылмыскерлердің жеке келбеті мен олар жасаған қылмыстардың егжей-тегжейлі көрінетін кейбір нақты аспектілері бар деген пікірге әкеледі. Бұл нақты аспектілер жеке тұлғаның да, қылмыстың да типтік формаларын көрсетеді.Криминогендік жағдайдың дамуында екі тарап бар – қылмыскер және жәбірленуші. Отбасылық қылмыстарды талдауда қылмыстың құрбаны қылмыскерден кем емес рөл атқарады. Тығыз байланыс, қарым-қатынас, сезім мен эмоциялар, ұзақ уақыт бойы шешілмеген, отбасылық-тұрмыстық негізде дамып келе жатқан қақтығыстар отбасылық топ мүшелерінің құрбан болуына әкеледі.
7. Әйелдің қылмыстық мінез-құлқын қалыптастыруға, ең алдымен, мынадай факторлар әсер етеді:
1) отбасылық өмір мен тұрмыстық ортаға байланысты факторлар.
2) мәдениет саласындағы қолайсыз процестерге байланысты факторлар – шынайы әйел мәдениетін оның суррогаттарымен алмастыру (эмансипация, феминизм, қылмыстық субмәдениеттің нұсқалары және т. б.);
Әйелдің қылмыс жасауына ықпал ететін негізгі криминогендік компоненттер келесі факторлар болып табылады: ата-аналардың отбасында теріс әсер ету көзінің болуы (бір немесе екі ата-ананың маскүнемдігі, олардың қоғамға қарсы мінез-құлқы); ата-аналар арасындағы немесе ата-аналар мен қыздар арасындағы шиеленісті немесе жанжалды қатынастар; отбасы құрылымының бұзылуы (ата-аналардың біреуінің болмауы); жалпы (атап айтқанда, педагогикалық) қарым-қатынас мәдениетінің төмен немесе жеткіліксіз деңгейі; қыздың ішкі әлемін түсінбеу; отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
8. Біздің зерттеуімізде қылмыскер әйелдің жеке басының криминологиялық сипаттамасы келесідей негізгі блоктарға негізделген:
1) Әйел тұлғасының әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары.
2) Әйел тұлғасының моральдық-психологиялық сипаттамалары.
3) Әйел тұлғасының қылмыстық-құқықтық сипаттамалары.
9. Әйелдер қылмыстылығының әрбір себебін жеке-жеке қарастыра отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: әйелдердің қылмыс жасауын алдын алу және болдырмау мақсатында біз жалпы профилактикалық іс-шараларды әйелдер қылмысының алдын-алу бойынша үш маңызды топқа жіктедік.
Ең алдымен, Қазақстандағы әйелдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық шаралар. Қылмыскер әйелдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық шараларды әзірлеу тұрғысынан біз мыналарды ұсындық:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, республиканың экономикалық әлеуетін арттыру бойынша тұрақты шараларды әзірлеп, халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту бойынша шаралар қабылдауы және халықтың жағдайын және әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуі керек.
2) Әйелдер, кәмелетке толмағандар (қыз балалар) қылмысына ықпал ететін себептерді анықтау және қолайсыз отбасылық жағдайларды жою арқылы отбасын нығайту және қолдау шараларын жүзеге асыру.
3) Әйелдер қылмысының алдын алудағы рухани қатынастардың рөлі. Мешіттер мен шіркеулер қылмыстың алдын алуға оң әсер етуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі осыған қатысты өзінің идеологиясын анықтауы қажет. Біздің зерттеулерімізден, Қазақстан Республикасында бірде бір идеология, оның ішінде діни, мемлекеттік идеология ретінде танылмайды деген қорытынды шығады.
4) Құқық қорғау органдарының әйелдер қылмысымен күресін күшейту қажет.
Сонымен қатар әйелдер арасындағы қайталама қылмыс жасау фактілерінің алдын-алу үшін, жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмыспен қамтамасыз етудегі (жұмысты бөлу квоталарын орындаудағы) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ұйымдастырушылық талапты төмендегідей шараларды қолдана отырып күшейту керек:
әкімдердің қызметін бағалау рейтингіне жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған квоталардың орындалуы бойынша мәліметті енгізу;
- мемлекеттік еңбек инспекторларымен жазасын өтеуден босатылған адамдар (әйелдер) үшін жұмыс орындарының квотасын орындау бөлігінде, оның ішінде профилактикалық бақылау жүргізу кезінде кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысын күшейту. Заң нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы жазасын өтеуден босатылған адамдарды (әйелдерді) жұмысқа орналастыруға бағытталған шараларды бірлесе (тығыз) жүргізу үшін, мониторингтік топтар құру;
- мемлекеттік еңбек инспекторларына ақпараттарды ұсына отырып, «Электрондық еңбек шарттарының» АЖ-не жазасын өтеуден босатылған 93 адамдар (әйелдер) үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын есепке алу және мониторингілеу жүйесін автоматтандыру.
Әйел адамның қылмысына ескерту жасау құқық қорғау органдары үшін манызды болып табылады. Сол себепті, әйел адамның қылмысына ескерту қылмыспен күресу аумағында тұтастай бірге қарастырылып, шешілуі қажет. Мемлекет айел адамға материалдық көмек және әлеуметтік қолдау көрсетуі, сондай-ақ, әйел адамның табыс табуына жағдай жасауы қажет. Әйел адамның қылмысына ескерту жасау заңдылықты күшейтеді және біздің елімізде құқық қорғауды реттейді.
Елімізде әйел мен баланың әлеуметтік жағдайларын көтеруге бағытталған түрлі әлеуметтік бағдарламаның орындалуы дәл сол кезеңдегі экономикалық жағдай мен тұспа-тұс келіп, әр дайым жаңартылып отырулары қажет.
Осылайша әйел қылмысының алдын-алу ана мен баланы қорғауды, отбасы институтын жан-жақты қолдауды ескере отырып, қылмысқа қарсы күрестің қоғамдық бағдарламаларына сәйкес жүргізілуі керек, себебі әйелдің қоғамдағы орны да оның адамзат қауымының бастамасы, тәрбиелік белгісінің айтарлықтай орын алатынын ескере келе белгілі бір статуста екендігіне назар аудару қажет. Сонымен қатар, қалай болғанда да жаны нәзік, жүрегі мейірімді, дүниеге сәби әкеліп, ана болуға жаралған әйелдердің қылмыс жасауы әрбір адамнан бастап, қоғамымызды алаңдататын, тек алаңдатып коймай тез арада түзеуді талап ететін күрделі мәселе. Себебі әрбір қылмыс жасаған әйелдің артында шеттей бала-шағасы, иесін күткен ошағы бар екенін ескеріп, олардың болашағы яғни жаман жолға түспеуі үшін күресудің маңыздылығының зор екендігін ескерген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет