Кіріспе. Егіншілік туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар


-дәріс Арам шөптерді жіктеу (классификациялау)



бет5/13
Дата24.04.2017
өлшемі5,04 Mb.
#14956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

8-дәріс Арам шөптерді жіктеу (классификациялау)

1.Арамшөптердің жалпы жіктелуі

2.Аз жылдық арамшөптер

3.Көп жылдық арамшөптер

1.Біздің республикамызда 300-ге жуық түрі бар.Бұлардың ішінде 120 түрлі паразиттік арамшөп,оның ішінде 36 түрлі арам сояуды,80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады.Сонымен қатар,220түрлі жартылай паразитті арамшөптер өседі.Арамшөптер осындай көп болғандықтан оларды жіктеу қажет.



Жіктеу негізіне мыналар алынған:

1.Өсімдіктердің қоректену әдісі

2.Өмір сүру ұзақтығы

3.Көбею тәсілі

Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптер үш топқа бөлінеді.



1.Паразиттік арамшөптер

2.Жартылай паразиті арамшөптер

3.паразитті емес немесе жасыл арамшөптер

Паразиттік емес арамшөптер вегетациялық ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:



1.Аз жылдық арамшөптер

2.көп жылдық арамшөптер.

2.Аз жылдық арамшөптер дегеніміз – екі жылдан артық өмір сүрмейтін,соның ішінде бір-ақ рет тұқым беретін өсімдіктер.Олар тұқым арқылы көбейеді.

Аз жылдық арамшөптер вегетациялық ұзақтығына байланысты бес топқа бөлінеді:

1.Эфемерлер

2.Жаздық арамшөптер

3.Қыстап қалатын арамшөптер

4.Күздік арамшөптер

5.Екі жылдық арамшөптер.

Эфемерлер – вегетациялық мерзімі өте қысқа арам шөптер.олардың өсу мерзімінің ұзақтығы 45 – 60 күннен аспайды және бір маусым аралығында бірнеше тұқым бере алады.Бұлардың өкілі ретінде жұлдызшөпті атауға болады.

Жаздық арам шөптер деп ерте көктемде шығып күзге қарай өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз.Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте және кеш шығатын арам шөптер болып екіге бөлінеді.

Ерте шығатын жаздық арам шөптер ерте көктемде пайда болып,егін жиналғанға дейін немесе мәдени өсімдіктермен бір мезгілде пісіп жетіледі.Бұларға қар сұлы,алабота ,жусан жапырақты ойран шөп тағы басқалары жатады.

Кеш шығатын жаздық арам шөптер топырақ әбден қазған кезде пайда болып,мәдени өсімдіктерден кеш пысып жетіледі.Олардың негізгі өкілдері:кәдімгі гүлтәжі,арам кенешөп,мысық құйрық,итқонақ және басқалары.

Қыстап қалатын арам шөптердің екі түрлі ерекше қасиеті бар.Егер ерте көктемде көктеп шықса,онда олар жаздық арам шөптер сияқты вегетациялын сол жылы аяқтайды.Ал егер олар кеш көктеп шықса,бұл ретте арам шөптер қыстап қалады да,келер жылы вегетациясын ерте аяқтайды.Қыстап қалатын арам шөптерге:ярутка,жұмыршақ және басқалар жатады.

Күздік арам шөптердің қыстап қалатын арам шөптерден айырмашылығы олардың өздерінің дамуы үшін қысқа маусымның төменгі температурасын қажет етеді.Өзінің көктеп шыққан мезгіліне қарамастан сабағын,гүлін,жемістерін тек келер жылы береді.Күздік арам шөптерге:күздік бидай арпабасы жатады.

Өзнің вегетациялық толық циклын екі жылдың ішінде аяқтайтын өсімдіктер екі жылдық арамшөптер деп аталады.



Көп жылдық арам шөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп,соның ішінде бірнеше рет дән түйіп,ұрпақ беретін өсімдіктер.Олардың тұқымынан да,вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.

Көп жылдық арам шөптерді тамыр жүйесіне қарай мына топтарға бөлуге болады:кіндік тамырлы,шашақ тамырлы,бадана және түйнек тамырлы,өрмелегіш тамырлы,тамыр сабақты,атпа тамырлы.



Кіндік тамырлы арам шөптер тұқымынан және аздап вегетативті жолмен көбейеді.Бұлар бау бақшада,егістіктерде,тыңайған жерлерде,парктерде және басқада жерлерде кең тараған.Арам шөптер қатарына кәдімгі жусан,дәрілік бақ- бақ,кәдімгі цикорий,күміс қазтабан және т.б жатады.

Шашақ тамырлы арам шөптер.Олардың тамыр жүйесі шашақталған жіп тәрізді,әрі күшті дамыған.Көбінесе тұқымнан өседі.Бұл топқа үлкен бақа жапырақ,күйдіргі сарғалдақ,алисма сияқты басқада өсімдіктер кіреді.

Бадана және түйнек тамырлы арам шөптер.Бұлар негізіне вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді.Бадана тамырлы арам шөптер баданалары арқылы,ал түйнек тамырлары жер астындағы жуан сабақтарының көмегімен көбейеді.

Өрмелегіш тамырлы арам шөптер.Бұл топтың арам шөптері төсемегі және тамыр өркендеріне көбейеді.Негізінен осы арам шөптер астық және техникалық дақылдардың,бір жылдық және көп жылдық мал азықтық шөптердің арасында өседі.Көп тараған түрлері өрмелегіш сарғалдақ,қазтабан,шырмауық бударасы болып табылады.

Тамырлы – сабақты арам шөптер – ең зиянды өсімдіктердің бірі.Олар вегетативтік жолмен дер асты тамыр сабағы арқылы көбейеді.Тамыр – сабақ дегеніміз – түрін өзгерткен жер астындағы сабақ,онда қыстап шығу үшін қоректенетін арам шөптер.Тамыр – сабақты арам шөптерге жатаған бидайық,жауқияқ,кәдімгі қамыс,құмай,дала қырықбуыны және т.б. жатады.



Атпа тамырлы арам шөптер.Бұл арам шөптер де вегетативтік жолмен тамыр атпалары арқылы көбейеді.Негізгі тамыры терең бойлап кетеді,одан көлденең тамырлар – атпалар пайда болады.Атпа тамырлы арам шөптерге дала қалуені,дала шырмауығы,қызғылт қаулен,қызғылт кекіре және басқалары жатады.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін негізгі арамшөптердің түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет