ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мен мемлекетте бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажеттілігі жағдайында қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде баланы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне аса мән беріліп отырғаны мәлім. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан халқына Жолдауында – «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керектігі» - көрсетілген [1]. Қазақ халық шығармашылығының құралдары бір жағынан ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін арттыруға әсер етсе, екінші жағынан олардың тұлғалық ерекшеліктерінің ұлттық негізде қалыптасуына ықпал етеді. Олай болса, қазақ халық шығармашылығының түрлерін ерте жастағы балалардың ерекшеліктеріне сәйкес саралап, жіктеп, олардың осы бағыттағы мүмкіндіктерін анықтап, пайдаланудың жолдарын айқындап практикаға енгізу қажет. Әрине баланың танымдық белсенділігін дамыту мәселелерін қарастыру бұрынғы кезеңнен-ақ, сонау ежелгі грек философтарынан (Аристотель, Платон, Сократ және т.б.) бастау алады. Проблеманың өзектілігін талдау мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуда қоғамның сұранысы мен педагогика ғылымында оның теориялық және тәжірибелік-эксперименттік негізделуі арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетті, атап айтқанда: - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту қажеттігі мен оның теориялық негіздерінің зерттелмеуі; - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық шығармашылығы мүмкіндіктерінің жоғары екендігі мен оның практикада жеткіліксіз пайдаланылатындығы; - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық шығармашылығы құралдарын пайдалану қажеттілігі мен оны пайдалану бойынша кешенді бағдарлманың жетіспеушілігі және оны жүзеге асыру формаларының, тиімді әдіс-тәсілдерінің толық зерттелмеуі. Осықарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.