Кіріспе ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығЫ ҚҰралдарымен дамытудың теориялық негіздері



бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,42 Kb.
#95180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕРТЕ ЖАС

Зерттеудің мақсаты: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуды теориялық негіздеу, моделін, эксперименттік бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту үдерісі
Зерттеу пәні: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың теориялық негіздері айқындалса, моделі мен оны жүзеге асырудың эксперименттік кешенді бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибеде тексерілсе,онда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігі артады, өйткені қазақ халық шығармашылығының айтуға жеңіл ауыз әдебиеті үлгілері, қимыл-қозғалысқа икемді би элементтері, ойы мен денесін дамытатын ойын түрлері, дүниетанымға ықпалы мол қолөнер туындылары олардың қоршаған ортасын тануға құштарлығын арттырып, тілі мен ойын дамытуға тікелей ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет