Кіріспе ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығЫ ҚҰралдарымен дамытудың теориялық негіздері


Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,42 Kb.
#95180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕРТЕ ЖАС

1.2 Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні

Танымдық даму ерте жастағы балаларды жалпы дамытудың маңызды өлшемі болып есептеледі. Танымдық даму арқылы психикалық үдерістердің прогрессивті сапасы мен сандық өзгерістерін дәстүрлі түрде түсінеді. Ерте жастан тану танымдық белсенділік өз бетінше қалыптасатын сезімталдылықты білдірмейді, ол шарттары мен құралдарын анықтауға байланысты балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін, осы процестің тиімді өтуіне бағытталған арнайы ұйымдастырылған жұмысты талап етеді. Бұл жерде сөз баланың білімі туралы емес, оның танымдық дамуы туралы екенін айта кету керек. Біз ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымыен дамытудың компоненттерін үшке бөліп анықтадық: қажетсіну-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау. Қажетсіну-құштар болу компоненті балалардың танымдық қажеттіліктерін: қызығушылығын, құштар болуын, таңдамалы танымдық ісәрекетін көрсетеді. Ерте жастағы баланың танымдық қызығушылығына байланысты біз олардың жаңа нәрселерді үйренуді, түсініксіз заттарды анықтауды, шындықтың құбылыстарын, олардың мән-мағынасына тануды, олардың арасындағы байланыстарды және қарым-қатынастарды табуды қалайтынын байқаймыз. Танымдық белсенділік – адамның ең маңызды сапалары: қоршаған әлемді тек биологиялық және әлеуметтік бағдар мақсатында ғана емес, адамның әлемге елеулі қатынасы негізінде оның алуан түрлілігіне ену мақсатындағы, санасында маңызды аспектілері, себеп-салдарлық байланысы, заңдылықтары, қарама-қайшылықтары көрініс табатын жалпы белсенділік құбылысының маңызды саласы. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халқы шығармашылығы құралдарымен дамытуды тиімді жүзеге асыру үшін модель жасау қажеттілігі туындайды. Танымдық белсенділікті дамытуға әсер ететін факторлардың қатарына қазақ халық шығармашылығы құралдары арқылы баланың сенсорлық тәжірибесін кеңейту, сыртқы ортаны ұйымдастыру, ересектер ортасымен байланыс жасау; ересек ортада балаға үлгі-өнеге болуы, жеке қабілеттерге бағдар беру жатады. Ерте жастағы балалардың интеллектуалды шығармашылығы үшін жеке дамуын және алғышарттарды қалыптастыру – бұл басқарылатын үдеріс. Сондықтан, осы педагогикалық үдерісті басқару үшін біз үш кезеңді бөліп аламыз: мақсаттық, мазмұндық-іс-әрекеттік, аналитикалықтүзетушілік.


1. Бірінші - мақсаттық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ерте жастағы балалардың танымдық алғышарттарын дамытуды талдау болды. Осы мақсатта біз өлшемдер мен әдістерді анықтадық, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігінің алғышарттарын қалыптастырдық. Мақсатты белгілеу эксперименталды жұмыстың мақсатын, оның міндеттері мен сатыларын қалыптастыруды, түсінуді; педагогикалық үдерістің қатысушыларын ұйымдастыру мен үйлестіруді жетілдіру мақсатында педагогикалық әсерді жоспарлауды қамтиды.
2. Екінші басқарудың мазмұндық-іс-әрекеттік кезеңі мыналарды қамтиды: балаларды ерте дамыту орталығы жағдайында педагогтар мен балалардың, атааналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастыру бағдарламасының мазмұнын енгізу; педагогикалық үдерісті басқару; «Сәби танымы» бағдарламасын меңгеру барысында педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы түзету және өзара түзету; балалар мен ата-аналардың шығармашылық іс-әрекетінде белсенді жұмыс жасау – бұл үлгінің мазмұнын жүзеге асыру.
3. Үшінші кезең – танымдық алғышарттарды қалыптастыруда ерте жастағы балалардың шығармашылығын, педагогикалық үдерістің нәтижелерін 83 диагностикалауға және талдауға, нәтижелерді мақсатқа сәйкестендіруге және ерте даму студиясының жағдайында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастырудың педагогикалық моделін тиімді іске асыру мақсатында қажетті түзету шараларын анықтауға арналған. Осылайша, барлық үш кезең ерте жастағы балаларда танымдық белсенділікке қажетті алғышарттар жасауға бағытталған жабық циклді құрайды. Келесі функционалды блок. Онда мынандай функцияларды бөліп қараймыз: дамытушы; коммуникативті; әлеуметтік-мәдени; тәрбиелеу; оқыту; шығармашылық-қайта өңдеу функциясы. Дамытушы функция ойынның іс-әрекетінің шартты нормативтік деректермен (белгілі бір жастағы) ара-қатынасын қамтамасыз етеді. Ол ауытқуларды анықтауға және позитивті өзгерістерді енгізу үшін педагогикалық шаралардың жоспарын құруға көмектеседі, жеке құрылымға және баланың ісәрекеттеріне толықтырулар енгізеді. Бұл функция психикалық процестер мен жеке қасиеттердің қалыптасуына және дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа, педагогтардың, балалардың және ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігі барысында тірбиелеуден өзін-өзі тәрбиелеуге көшу, өз еркімен жұмыс істеу және оң қасиеттерді қалыптастыруды жолға қояды. Коммуникативті функция. Балаларды ерте дамыту орталығында жағдайында педагогтар, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастыруда педагогтар мен балалар арасындағы, балалардың өз арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Балаларды ерте дамыту орталығында оқу барысындағы толыққанды қарым-қатынас балалардың дағдыларын дамытуға және өзара әлеуметтік әрекеттесуге көмектеседі. Олар рөлдік ойындарды ойнау, өзінің мінез-құлқын әріптестерінің мінез-құлқына бейімдеу, қайырымдылық таныту, мінез-құлықтағы альтруисттік үрдістерге, агрессиялық элементтерді, әділетсіздікті, өркөкіректі айыптау қабілетіне ие болады. Қарым-қатынас кезінде туыстарына, жақындарына, өнер туындыларының қаһармандықтарына (эмоциялық көңіл-күйге жауап беру, эмпатияны көрсету, құмарта білу және жайлылық білдіру мүмкіндігі) жанашырлық сезімі дамиды. Әлеуметтік-мәдени функция. Педагогтар, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігі барысында баланың өзін-өзі көрсету қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, әлеуметтік тәжірибе де байытылды. Тәрбиелеу функция. Педагогтар, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастыру адамның белгілі бір қасиеттерін, ерекшеліктерін және қарым-қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді. Педагогтар, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық ісәрекетінің оқыту функциясы білімді, дағдыларды, танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті дамытуға ықпал етеді. Бірлескен шығармашылық әрекеттер жасау барысында бала әлемді толық және терең таниды, мысалы, балада өзінің тікелей тәжірибесінде кездеспеген таныс емес құбылыстар туралы түсінік пайда болады, оны бала ата-аналарымен қарым-қатынас кезінде игереді. 84 Шығармашылық-қайта өңдеу функция белгілі бір жайлылықты, қолайлы атмосфераны, рухани қуанышты, көңіл көтеруді құрумен байланысты, жағымды эмоцияларды ынталандыруға, жағымсыз ойлар мен көңілсіз ойлардан алшақтауға, бұл қызметке қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиетте үдерістің тиімділігі үшін өлшемдерді анықтағанда, тәсілдерді белгілеу, белгілі бір сатылардың дәйектілігі, даму кезеңдері жиі пайдаланылады. Біздің зерттеуімізде құштарлық белсенділік, талпынысты белсенділік, саналы белсенділік деңгейлерге бөлінеді. Бұл деңгейлерді сандық және сапалық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Бұл жағдайда өлшемдер кез-келген педагогикалық құбылыстың қалыптасуын, дамуын төменгі деңгейден барынша жоғары, барынша күрделірек кезеңге өтуді қарастырылады. Біз модельде ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы өлшемдері мен тиісті көрсеткіштерін ұсындық. Қажеттілік-құштар болу өлшемі: Қазақ халық шығармашылығына тұрақты қызығушылық. Көрсеткіштері: Қазақ халық шығармашылығы құралдарына қызыға қарауы, ұнатуы, қабылдауы. Деңгейі: құштарлық белсенділік Байқап-білу өлшемі:Қазақ халық шығармашылығын танып-білуге эмоционалдық жағымды қатынасы. Көрсеткіштері: Қазақ халық шығармашылығы түрлерін білуге ұмтылысы, сөздік қорының кеңеюі, ойындарға қатысуы, әуыз әдебиеті түрлерін, би қимылдарын қайталауға қызығушылығы, музыканы тыңдауға зейін қоюы, туындайтын кедергілерді еңсеруге деген нақты ұмтылыс. Деңгейі: талпынысты белсенділік. Үйреніп-жасау өлшемі: Қазақ халық шығармашылығы түрлерін білуге, үйренуге, жасауға ерік-жігерінің болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі. Көрсеткіштері: Ауыз әдебиеті үлгілерін жатқа айтуы, өздігінен қайталауы, құрақ қию, кесте жапсыру әрекеттерін өздігінен орындауы, білуге деген қажеттілігінің артуы, қиялдау, түсініп-ұғыну, ойлау әрекеттерін көрсете алуы. Деңгейі:саналы белсенділік.Сонымен бірізді әрекеттер қатарын көбейту (сюжеттік ойынның басталуы); тапсырманы қабылдау, сөйлеу нұсқаулығын түсіну, ересек адаммен ынтымақтастық (ойнау) тілегі; іс жүзінде әрекеттердің орындалуына назар аудару қабілеті. Бұрын баланың тәжірибесінде кездескен қысқа көлемді әңгімелердің оқиғасын (еш заттың көмегінсіз) түсіну, өз сөздерінде көпсөзді сөйлемдерді қолдану (үш сөзден көп).Қарапайым сюжеттік конструкцияларды орындау, олардың мақсатын түсіндіру мүмкіндігі.Ересек адамдардың нұсқауларына сәйкес қарапайым қимылдарды орындау.Эмоционалды жағдайды түсіну және атау; эмоционалды күйлердің графикалық бейнесін қабылдау. Нәтижені біз жеке тұлғалық дамыту және ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту алғышарттарын дамыту ретінде анықтадық.Біздің зерттеу жұмысымыз көрсеткендей, балалрды ерте дамыту орталығында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастырудың құрылымдық және функционалдық моделі ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарға сай болғанда ғана табысты іске 85 асуы мүмкін.Белсенді психологиялық ықпал ету қабілеті – жеке қасиеттер мен қалыптасқан жағдайға байланысты адамдарға әсер ету құралдарының алуан алуандағы. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың ұйымдастырушылықпедагогикалық шарттары тұрғысынан дамытушылық, мәдени-танымдық білім беру ортасын құру; баланың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыру; ана мен баланың шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы; педагог-бала-ата-анааның шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың моделін аталған педагогикалық шарттар негізінде тәжірибеде жүзеге асыру барысында «Сәби танымы» кешенді (педагогтарға, балаларға, ата-аналарға арналған бағытты қамтмитын) бағдарламасының мазмұны жасалды. Және оның аталған дамуды іске асырудағы тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді. Ол туралы келесі екінші тарауда баяндалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет