Кіріспе ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығЫ ҚҰралдарымен дамытудың теориялық негіздері


ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі50,42 Kb.
#95180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЕРТЕ ЖАС

2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері
Ерте жастағы балаларды қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту бағдарламасын енгізу заманауи білім беру мен әлеуметтік-мәдени кеңістікте барынша өзекті болып табылады. Жасалған бағдарлама қазіргі мектепке дейінгі білім беру мен оның психологиялық-педагогикалық талаптарына, сондай-ақ ерте жастағы балалардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін олардың жас ерекшелігі мен қажеттіліктеріне сай нақтыланған. Бұл балалардың қимыл, сөз және шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру, жаңа білім алуға ұмтылу, өткен материалдарды қайталаудан ләззат алу, психикалық үдерісітің тұрақтануы арқылы дәлелденген. 102 Бағдарламада анықталған артықшылықтар мен жағымды мүмкіндіктер мынадай белгілерден көрінеді: ерте бейімделуді қамтамасыз ету, баланың жеке тұлғасын этникалық әлеуметтендіру; өз халқының мәдени дәстүріне жағымды қарым-қатынас орнату; адамгершілік нормаларын қалыптастыру мүмкіндігі; ата-аналардың өз балаларымен отбасындағы қарым-қатынасының жақсаруы. Осы білім беру бағдарламасының негізінде ерте жастағы балаларды «педагог – ата-ана – бала» жүйесі бойынша кешенді дамыту мен тәрбиелеу жүзеге асады. Ол халық шығармашылығына отбасылық қызығушылықтың өсуі, өткен материалдарды отбасылық-тұрмыстық жағдайда бекіту, ата-аналардың сабақ үдерісі мен мерекелерге белсенді қатысуымен дәлелденеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет