Препараттың рецепторлармен байланысуы және әсерлесуі:
Аффинитет – «зат-рецептор» кешенінің түзілуіне әкелетін дәрілік заттың рецепторға туыстастығы.
Ішкі белсенділік – рецептормен өзара әсерлескенде, оны ынталандырып, заттың қандай да бір әсер туындататын қабілеті.
Агонист – аффинитеті және ішкі белсенділігі бар заттар.
Антагонист – аффинитеті бар, бірақ ішкі белсенділігі жоқ заттар.
Дәрілік заттардың әсерлерінің түрлері:
- Жергілікті әсері дәрілік затты енгізген жерде фармакологиялық әсердің пайда болуымен сипатталады.
- Резорбтивті әсер дәрілік заттың жүйелік қанайналымға сіңірілуінен кейін фармакологиялық әсердің дамуымен сипатталады.
- Рефлекторлы әсер действие дәрілік заттардың рефлексогенді аймаққа әсер етуі рефлекторлы реакциялардың пайда болуымен сипатталады.
Дәрілік заттардың әсерлерінің түрлері:
- Тікелей және тікелей емес әсерлер
- Негізгі және жанама әсерлер
- Таңдамалы және таңдамалы емес әсерлер
- Орталық және шеткі әсерлер
- Қайтымды және қайтымсыз әсерлер
Жағымсыз әсерлер:
- Жанама;
- Аллергиялық;
- Уытты;
- Тератогендік әсер
- Эмбриотоксикалық әсер
- Фетотоксикалық әсер
- Мутагендік әсер
- Канцерогендік әсер
Доза және дозалардың түрлері:
Дозалардың түрлері:
Емдік доза: бір реттік (pro dosi), тәуліктік (pro die) және курстық.
Кумуляцияға бейім ДЗ дозалары соққы және сүйемелдеуші болуы мүмкін.
Минималды (табалдырық) емдік доза – фармакологиялық әсер көрсететін ең аз мөлшер.
Достарыңызбен бөлісу: |