Кіріспе. Фармакология ғылыми және оқыту пәні ретінде. Жалпы фармакология



бет4/8
Дата10.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#157501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фармакология

Фармакодинамика – дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерін, әсерінің орналасуын, әсер ету механизмін және әсерлердің түрлерін қарастырады.
Жеке фармакология
Дәрілік заттардың белгілі бір жүйелермен (жүйке, тыныс, жүрек-қан тамыр және т.б.) өзара әсерлесуінің сұрақтарын қарастырады.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ:
энтералды
(АІЖ арқылы)
парентералды
(АІЖ тыс)
  • пероралды (ауыз арқылы)
  • тіл астына
  • буккалды (ұртқа)
  • ректалді (тік ішек арқылы)
  • зонд арқылы (асқазанға, он екі елі ішекке)

1. Тері жабындысының тұтастығы бұзылмай:

Сіңірілу (абсорбция – лат. absorbeo – сіңіремін) – дәрілік заттың енгізген жерден биологиялық мембраналар арқылы қантамыр және/немесе лимфа жүйесіне түсуі.
Сіңірілу бірнеше механизмдер бойынша іске асады:
Сіңірілу үрдісіне ықпал ететін факторлар:
Жас, жыныс, жүктілік, сыртқы факторлар (экология), организмнің тұқым қуалауға байланысты болатын жеке ерекщеліктері, циркадтық (тәуліктік), мезгілдік және басқа да биоырғақтар, ас қорыту жүйесінің патологиясы, дәрілік заттардың бір-бірімен және тамақ өнімдерімен әсерлесуі.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ:
Дәрілік заттар қантамыр жүйесіне түскеннен кейін адам салмағының шамамен 7% құрайтын қанның барлық көлемінде (орта есеппен 5 литр) таралып, ағзалардың тіндері мен жасушаларына жетеді.
Дәрілік заттар қанда бос күйінде немесе қан сарысуының ақуыздарымен (негізінен, альбумин) байланысқан түрінде айналып жүреді.
Көптеген ДЗ қанда иондалған түрінде болады және қан сарысуының ақуыздарына туыстастығы жоғары болады (қышқыл - альбуминдерге, сілтілер - альфа1-қышқыл гликопротеиндерге).
Жүйелік қанайналымға түскеннен кейін дәрілік заттар организмнің түрлі тіндеріне таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет