Кіріспе. Фармакология ғылыми және оқыту пәні ретінде. Жалпы фармакология


Дәрілік заттардың таралуы сипаты анықталады



бет5/8
Дата10.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#157501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фармакология

Дәрілік заттардың таралуы сипаты анықталады:
  • ерігіштігімен (суда, майда);
  • қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы дәрежесімен;
  • аймақтық қанайналымның қарқындылығымен;
  • биологиялық тосқауылдардың жағдайымен

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ:
ДЗ қанмен жақсы қамтамасыз етілетін ағзалар мен тіндерге (жүрек, бауыр, бүйрек) тез түседі.
ДЗ бұлшықет, шырышты қабаттар, тері, май тініне өтуі баяу жүреді, себебі олардағы қан жылжу жылдамдығы төменірек.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР:
  • Капилляярлар мембранасы
  • Жасушалардың қабырғасы
  • Гематоэнцефалды тосқауыл
  • Плаценталық тосқауыл
  • Гематотестикулярлы тосқауыл
  • Гематоофтальмикалық тосқауыл

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚОРҒА ЖИНАЛУЫ:
ДЗ физика-химиялық сипаттамасына байланысты:
  • липофилді заттар май тіндерінде, мида, аз мөлшерде бұлшықет тінінде қорға жиналады, біркелкі емес жинақталады;
  • гидрофилді заттар, жиі қан сарысуының ақуыздарымен байланысып, жасушадан тыс қорға жиналады (жасушааралық сұйықтықта, бүйректерде), біркелкі жинақталады.
  • Көптеген ДЗ арнайы әсер ету орындарында таңдамалы түрде жинақталу қасиетіне ие болады. Мысалы, йод – қалқанша безде, жүрек гликозидтері – жүрек бұлшықетінде, аналық жыныс гормондары -жатырда.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ:
– организмнің ферменттерінің әсерінен дәрілік заттардың химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Биотрансформация келесі жүйелердің қатысуымен жүреді:
  • бауырдың монооксигеназалық жүйесі немесе микросомалық тотығу жүйесінің (НАДФН2, цитохром Р450)
  • микросомалық емес ферменттік жүйелер (цитозолді ферменттер, митохондриялық ферменттер).

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ:
Синтетикалық емес-метаболиттік трансформация
Синтетикалық - коньюгация
  • Тотығу
  • Тотықсыздану
  • Гидролиз
  • Сульфаттану
  • Глюкурондалу
  • Ацетилдену
  • Глутатионмен коньюгация
  • Алкилдену



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет