Рецепт үлгісі
Құрамы 1,5 хлоралгидраттан (Chloralum hydratum) және 50 мл крахмал шырышы (Mucilago Amyli) мен судың бірдей мөлшеріндегі микстураға жазыңыз. Бір реттік клизмаға белгілеңіз.
Rp.: Chlorali hydratis 1,5
Mucilaginis Amyli
Aquae purificatae āā 25 ml
M.D.S. Бір реттік клизма үшін.
|
Шырыштар тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттармен бірге бырыстырғыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Шырыштармен бірге спиртті препараттарды, қышқылдар мен сілтілерді белгілеуге болмайды, себебі олар шырыштың тұтқырлығын өзгертуі мүмкін.
Суспензиялар – Suspensiones
(Суспензия – Nom.sing. Suspensio, Gen.sing.Suspensionis)
Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.
Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.
Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді.
Суспензияның дисперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы –
сонымен қатар «Қолданар алдында шайқаңыз!» деп көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |