МАЗМҰНЫ
-
-
КІРІСПЕ
|
6
|
1 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
|
8
|
1.1Аналитикалық шолу
|
8
|
1.2 Бастапқы және қосымша шикізаттарға сипаттама
|
13
|
1.3 Іс-тәжірибе бөлімі
|
15
|
1.3.1 Зерттеу жүргізу әдістемесі, қондырғы сызбасы
|
15
|
1.3.2 Зерттеуді талдау әдіс
|
17
|
1.4 Зерттеу нәтижесі және оларды талдау
|
24
|
1.5 Технологиялық бөлім үшін ұсыныс және қорытынды
|
32
|
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
|
33
|
2.1 Технологиялық желі мен оның тәртібін және өндіріс тәсілдерін таңдау, сипаттау
|
33
|
2.2 Таңдап алынған технологиялық желіні сипаттау
|
37
|
2.3 Негізгі және қосымша қондырғыны таңдау және сипаттау
|
39
|
2.4 Өндірістің технохимиялық бақылануы
|
40
|
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР
|
42
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
47
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
48
|
Қосымшалар
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі - қазіргі таңда Қазақстанда нан және нан өнімдері сапасына маңызды көніл бөлінуде. Олардың көрсеткіштері ингредиенттер құрамына әсер етеді. Сондықтан нан және нан - бөлішке сапасының жақсы болуы және сақталғыштығы ерекше қызығушылықты туғызады.
Соңғы жылдары денсаулығына адам үшін пайдалы азық-түлік өнімдерін әзірлеуге көптеп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда азық-түліктердің құрамында адам ағзасына биологиялық тұрғыдан жағымды әсер ететін, қауіпсіз және әртүрлі ауруларға қарсы, сондай-ақ, қартаюды тежеуге көмектесетін функциональды ингредиенттер болуы шарт. Яғни, тамақтану рационына функционалды өнімдерді мейлінше көп пайдалану керек.
«Функциональды тамақтану» терминін ең алғаш жапондық ғалымдар 1989 жылы енгізген. Функционалды тамақ ол ағзаны энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ ағза үшін құрылыс материалы ретінде және денсаулықты жақсартуға да көмектеседі. Функционалды азық-түлік өнімдері адам ағзасында бір немесе бірнеше функцияларды атқарады,мысалы иммунитетті көтереді, зат алмасу процесін реттейді, семіруді тежейді, адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады, жалпы алғанда денсаулықты сақтайды.
Практикалық маңыздылығы. Қазіргі таңда елімізде өнім өндіру мәселесіне ерекше екпін жасалып отыр. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады. Қазіргі замандағы ең кенеулі, денсаулыққа пайдалы шикізат кебек болып отыр. Пайдалы заттарға клетчатка да кіреді, ол сұлы ұны құрамында өте көп. Клетчатка жеміс және көкөністерде, көптеген жарма мен жасыл көкте бар, бірақ тек қана кебек құрамында оның мөлшері ең көп деп мойындалған. Клетчатка өзінің денсаулықты жақсартатын қасиеттері арқасында бағаланады: ол ас қорытуды жақсартады, ішектерді тазалайды, ағзадан токсиндарды шығарады. Иммунитет пен зат алмасу күйі ас қорыту жүйесіне байланысты, демек сыртқы келбетіміз бен хал-жағдайымыз да оған бағынышты. Сұлы ұнының тағы бір құндылығы - ол арықтатады.
Ғылыми жаңалығы – нан өнімінің құрамына сұлы ұнын және қарбыз дәнін қосу арқылы функционалдық нан өнімін алу.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – нан өніміне сұлы ұнын және қарбыз дәнін қосып функционалдық қасиеттегі дайын өнім алу. Нан сапасын және оның биологиялық құндылығын жоғарылату. Нан өнімдерінің ауру адамдарға пайдалығын арттыру. Сонымен қатар нанға қатысты әдеби шолу жүргізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі заманғы талаптарға сай өнім өндіру үшін дипломдық жұмыстың келесідей міндеттерін белгіледік:
нан өндірісінде заманауи технологиялық желіні таңдап қолдану;
таңдалынған технологиялық желі бойынша алынған өнімнің сапалық көрсеткіштерін зерттеу;
қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмысын жасау кезінде қоспа түрінде алынған шикізатқа сипаттама беру;
технологиялық желі бойынша негізгі жабдықты таңдау және сипаттау
Зерттеу нысаны – нан өнімінің технологиялық желісін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |