2.3 Негізгі және қосымша қондырғыны таңдау және сипаттау
Қамыр илеу машинасы ретінде 12 суретте көрсетілген X-26 қамыр илеу машинасы таңдалынды.
1-мөлшерлегіш жетегі; 2- мөлшерлеу пульті; 3- илеу корпусы; 4- қалақшалы илеу біліг; 5-елеу машинасының жетегі;6- ұнның деңгейін көрсететін электронды құрылғы
Сурет 12. Қамыр илеу машинасы
Машина қамыр илеу корпусынан, ол тот баспайтын болаттан жасалынған. Корпус бойына білік орналасқан, оның винттік желісі бойынша 8 қалақтар орналасқан. Корпус ортасында қалқа бекітілген, ол арқылы бірінші бөлімдег қамыр екінші бөлімге ағызылады. Илеу үшін мөлшерлегіштерден корпусқа ұн, су және сұйық компоненттер беріледі.
Сұйық ашытқы қамырды барлық керекті ұның 25 – 30% пайдаланып дайындайды. Оның ылғалдылығы 65 – 70% болады, ал сұйық тұздалған ашытқы қамырға 0,6% тұз салынады. Осы сұйық ашытқыларды ХЗМ – 300 маркалы аппаратта дайындайды. Кейбір зауыттардақамырды ашытқы қамырсыз бірден ашытқы салып илейді. Онда Х – 26 А және И8 – ХАГ – 6 шанағы бірнеше бөліктерге бөлінген агрегаттарда илейді.
Достарыңызбен бөлісу: |