2.2 Таңдап алынған технологиялық желіні сипаттау
Таңдап алынған технологиялық желінің сызбасы 11 суретте көрсетілген және сипаты төменде берілген.
Желінің құрылысы және жұмыс жасау принципі. Нан зауыттарына ұнды ұнтасу көліктерімен жеткізеді. Ұн тасу көліктерді көлік таразыларында өлшейді де жүкті түсіреді. Ұнды пневматикалық түсіру үшін ұн тасымалдау көлігі қабылдау қалқаншасына 8 қосатын ауалық компрессормен және майысқақ шлангымен жабдықталған. Ұн тасу көліктерінің сыйымдылықтарындағы ұнды құбырлармен 10 қысым астында сақтау сыйымдылықтарына 9 тиейді.
Тұз ерітіндісі және ашытқы эмульсиясы сияқты қосымша шикізаттарды сыйымдылықтарда 20,21 сақтайды. Тұз ерітіндісін арнайы қондырғыда алдын-ала дайындайды.
Желінің жұмыс істеу барысында бидай, сұлы ұндары және қарбыз ұнтағы (қарбыз дәні диірменде ұнтақталады 28) сыйымдылықтардан 9 аэрозольдік тасымалдағыштар жүйелерін қолдана отырып бункерге 12 тиейді, бұл бункер компрессордан 4, ресиверден 5 және ауалық сүзгіден 3 тұрады.
1-маятникті жүктегіш; 2-тұрғызу машинасы; 3-ауалық сүзгі; 4-компрессор; 5-ресивер; 6- ультрадыбыстық сопло; 7-роторлық қоректендіргіш; 8-қабылдау қалқаншасы; 9-сыйымдылықтар; 10-құбырлар; 11-ауыстырып қосқыштар; 12-бункер; 13-електер; 14-аралық бункер; 15-автоматты таразылар; 16- сыйымдылықтар; 17-қамыр араластырғыш машинасы; 18-мөлшерлеу станциясы; 19-агрегат; 20,21-сыйымдылықтар; 22-ашыту сыйымдылығы; 23-қамыр бөлу машинасы; 24-домалақтау машинасы; 25-пеш; 26-тұрақтандыру; 27-сақтау орнатқышы
Сурет 11. Нан өндірісі желісінің машина-аппаратуралық сызбасы
Әр сыйымдылықтардағы ұнды роторлық қоректендіргіштер 7 мен ауыстырып қосқыштар 11 көмегімен реттейді. Әр түрлі режимді жұмыста қысылған ауаны бір текті тарату үшін роторлық қоректендіргіш алдында ультрадыбыстық соплоны 6 орналастырады. Сыйымдылықтардағы 9 ұнды шығындау бағдарламасын әртүрлі партиялық ұн қоспаларынан нан пісіру негізінде нан зауыттарының өндірістік зертханасы береді. Мұндай партиялардың ұндарын араластыру өндіріске келіп түскен ұнның рецептуралық қоспасының наубайханалық сапасын тегістеуге мүмкіндік береді. Ұнның рецептуралық қоспасын ары қарай магниттік тұтқыштармен қамтылған електерде 13 бөгде қоспалардан тазартады, кейін аралық бункер 14 және автоматты таразылар 15 арқылы өндірістік сыйымдылықтарға 16 тиейді. Берілген желіде сапасы жақсы нанды алу үшін қамырды дайындаудың екі фазасы қолданылады. Бірінші фаза бойынша — опараны дайындап, қамыр араластырғыш машинасында 17 илейді. Онда ұнды өндірістік сыйымдылықтан 16 мөлшерлейді, сонымен қатар температурасы реттелген суды және ашытқы эмульсиясын мөлшерлеу станциясы 18 арқылы мөлшерлейді. Опараны дайындау үшін 30 - 70 % ұн қолданылады. Опараны машинадан 17 алты секциялық бункерлі агрегатқа 19 тиейді. Ашытылғаннан кейін 3,0...4,5 сағ. аралығында опараны агрегаттан 19 бір уақытта қалған ұнмен, сумен және тұз ерітіндісімен бірге қамыр илеу машинасына мөлшерлейді. Қамырды дайындаудың екінші фазасын 0,5... 1,0 уақыт аралығында ашыту сыйымдылығында 22 аяқтайды. Дайын қамырды сыйымдылықтан 22 қамыр бөлу машинасының 23 қабылдау шұқырағына (воронка) біртекті массалы қамыр порциясын алу үшін ағызады.
Домалақтау машинасында 24 қамыр порциясын өңдеуден кейін шар тәрізді пішінді қамыр дайындамасы жасалынады, олар кейін маятникті жүктегіш 1 көмегімен тұрғызу машинасының 2 торларының қақпағына орналастырады. Беткі қабаты қатпар болмау үшін пісіру кезінде дайын өнімді пешке 25 бермес бұрын олардың бетін кесеміз. Піскен өнімдерді орнатқыш 27 арқылы сақтауға жібереді [18,19].
Достарыңызбен бөлісу: |