Судағы қалқып жүрген заттардың мөлшерімен байланысты бөлінеді: лайлылығы төмен - литырына 50 мг-ға дейін; лайлылығы орташа - литрына 50-250 мг-ға дейін; лайлы литрына 130-1 500 мг-ға дейін; лайлылығы жоғары - 1500 мг-ға дейін. Суға түстілік беретін құрамындағы гуминдік заттар мөлшеріне байланысты бөлінеді: түстілігі төмен 35-қа дейін; түстілігі орташа-35-120°-қа дейін; түстілігі жоғары - 120°-тан жоғары ҚР ҚНжЕ "Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар" құжатына сәйкес судың лайлылығының әртүрлі деңгейіне коагулянттың мөлшері литырына 25-80 мг аралығында болады.
Судағы гуминдік заттардың концентарциясы жоғары болған кезде коагуляцияны жылдамдату үшін, флокулянттар қолданады. Бұл органикалық заттар суда коллойттар түзеді және бір-біріне жабысатын бөлшектердің көлемін біршама үлкейтеді. Сумен қамтамасыз ету нәтижесінде флокулянпар ретінде жиі полиакриламид және белсенді кремний қышқылы қолданылады: қалыпты жағдайда олар теріс зарядталған, сондықтан да оларды суға коагуляция жүргізгеннен кейін қолданады.
Коагуляция үрдісі үшін шешуші рөлді коагулянттың оптималды мөлшері атқарады. Мөлшері аз болса, үлпек түзуі баяу өтеді және толық мөлдірлендіру байқалмайды, ал мөлшері көп болса, коагулянт толық бикарбонаттармен араласып, үлгермейді. Бұл жағдайда берілген реакция тұндырғыштардан кейін, тіпті сүзгіштерден, үлпек түзуден кейін де тазаланған суда оның лайлылығын аякталу мүмкін.