«Хабарландырулар тақтасы»жаттығуы. Жаттығуды орындау үшін газеттерден немесе тағы басқа баспа түрлерінен некелік хабарландырулар жинақталады. Бұл хабарландырулар топпен талқыланады. Сендерге қандай хабарландырулар ұнады ?. «Бақуатты, бірақ интелегентті ер адам......», «Екі сүйкімді қарлығашпен екі жігіт танысқысы келеді.......», немесе т.б. Сендерге серіктестің қандай рухани қасиеттері маңызды ? Сырт келбетінің қандай ерекшеліктері ? Осы сияқты хабарландыруда өздерінің қандай қасиетіңізді келтіретін едіңдер ?....».
Жеткіншектер өз қасиеттері және серіктесінен қалайтын қасиеттерді сипаттай отырып хабарландыру жасайды. Қатысушылардың келісімімен олардың хабарландырулары талқыланады.
«Досымды іздеймін» жаттығуы Барлық қатысушылар хабарландырулар жасайды және «Танысу» атты тақтаға іліп қояды. Егер біреуді қандай да бір хабарландыру қызықтырса, оған белгі қойып қояды. Нәтижесінде, бір хабарландырулар «басымдық» алады, ал басқалары қызықтырмайды.«Танымал хабарландыру несімен тартымды ? Неліктен басқаларға аз көңіл аударды ? Олардың мазмұнында не жетіспейді ?» Таңдау жасау тәжірибесі серіктестің бойындаңы қасиеттердің әртүрлі мүмкіндіктердің мәнін сезінуге көмектеседі.
Содан соң сұрақтарды талқылауға болады:Өз таңдауыңызды қалай елестетесіз ? Сіз үшін жақсы дос, өмірлік серік деген кім ?
«Өзара әрекеттесу» тренингі. Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту. Бағдарламада Т. Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И. Лебедеваның, Г.И. Исуртнканың жұмыс тәжірибелері қолданылады. Тренинг марковскаяның (2000) еңбегіне негізделеді.
Бағдарлама міндеттері:
өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
отбасындағы коммуникацияны белсендіру.
Көп жағдайда тренинг бағдалламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларына қолайлы. Осында сипатталған нұсқа ата –ана және балалар мен 12 сабақты болжайды; аптасына 2 рет 2-3 сағаттан, яғни курс ұзақтығы 1,5-2 ай.
Сабақ №1. Танысу.
Қатысушылардың бір –бірімен және топтық жұмыс формасымен танысуы. Ата –аналардың күтулері мен қауіптенілерін анықтау. Ата –ана мәселелеріне толығымен бағдарлану.
1.Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен таныстырады. Жұмыстық тәртібі және шарттары ойласытылады, топтық жұмыстың ережелері ендіріледі. Психолог сабақтар қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады. Сонымен қатар, қатысушыларға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді: бала тұлғасын қолдау және қызметтестікке ұмтылу.
2.Танысу барысы: қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді. Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы, әр қатысушы оған өз есімін, немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.
3.Психогимнастикалық жаттығу: орнынан тұрып, қандай да бір қажет бойынша орнын ауыстыру, мысалы, шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.
4.Психолог өз -өзін және баланы түсіне білу өте маңызды екенін айтып, ата- аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Ата –аналар күнделікке назар аударады, психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн. Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындау маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет. Үй тапсырмасына келесі күнгі сабақтарға талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.