Қорытынды.
Жүргізілген зерттеу жұмысымыз педагогика мен мектеп тәжірибесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылатын оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мен оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуға арналған.
Әлеуметтік және ғылыми -техникалық процесті дамытудағы басты мәселелердің бірі – адамдардың белсенділігі, сапалы және терең білімі мен іскерлігі, сонымен қатар кәсіптік дайындығы болып табылады. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты- жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту мен шығармашылық іс – әрекетке баулуға негіз салу болып табылады. Осы мақсатты есепке ала отырып, оқыту барысында оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары мен тәсілдеріне байланысты бірқатар мәселелері қарастырылды.
“Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері” атты тарауда:
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекеттерінің мәні мен мазмұнын анықтауда бірқатар педагог-психологтардың (Т.С., Сабыров., М.А. Асылжанова., С. Жақыпов., Л.И. Божович., Д.Б. Эльконин., И.Г. Салмина., Н.И. Гуткина., А.А. Люблинская., А.Н. Леонтьев және т.б.) көзқарастарын талдаулар жасалды;
- Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық – дидактикалық шарттары Л.М. Фридман., Г.И. Волков., А.Н. Леонтьев., В.И. Селиванов., Е.Н. Кабанова, Меллер., М.И. Махмутов., П.Я. Гальперин., Ю.Н. Кулюткин., Т.И. Шамова., И.Л. Половинкова және т.б. педагог- психологтардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, айқындалды.
Сондай -ақ, шығармашылық іс -әрекетке баулудың деңгейлерін анықтауда И.Л. Половникова., П.И. Пидкасистый және т.б. көзқарастарымен ой пікірлері қарастырылды. “Шығармашылық”, “шығармашылық іс -әрекет” ұғымдарына анықтамалар берілді және оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың деңгейлері мен психологиялық – дидактикалық шарттары анықталды.
“Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары” атты тарауда:
- оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу технологиясының педагогикалық сипаттамасында қарастыруды “технология” ұғымына П.Р. Атутов., В.А. Поляков., Ф.Б: Гильбрейт., Ф.У. Тейлор анықтамалары, ал “педагогикалық технологияның” мәнін ашуда В.П. Беспалько., В.М. Монахов., Г.К. Селевко., В.А. Сластениннің анықтамалары келтірілді.
- Бастауыш сыныпта өтілетін пәндер (математика, бейнелеу, еңбек, дүниетану) арқылы оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың жолдары айқындалды;
- оқыту процесінде оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың тиімді әдіс – тәсілдері айқындалып, оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексерілді.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулу жұмыстары оларды болашақта шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін фактор болып табылады. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулуды зерттеу, тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: |