Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет25/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Сілекей. Адамның, сондай-ақ, мал, басқа да үй хайуандарының сілекей бездерінен бөлініп шығып, ауыз қуысы арқылы шұбатылып ағатын сөл, сірне тәрізді сұйықтық.

Тер. Адам денесінен арнайы бездер мен терідегі майда түтіктер арқылы сыртқа шығатын сұйық зат. Ақ тер. Қатты шыққан алғашқы тер. Ақ тер, көк терге түсу. Қайта-қайта терлеу. Арам тер. Бірінші рет шығып отырған тер. Арам тер болу. Босқа әурелену. Бұлау тер. Бұлауға түскенде шыққан тер. Қамау тер. Қысылып, шықпай тұрған тер. Қара тер. Пора-порасы шыққан тер. Өлім тер. Жантәсілім болардың алдында қатты қысылып, маңдайынан шып-шып ағатын тер. Сағал тер. Адамның бетінен, самайынан шаң-топырақпен араласып тарам-тарам болып аққан тер. Тер басу. Демалу, тер тоқтату. Тер бөртпе. Көп терлеуден пайда болатын денедегі бөртпе ауруы. Тер қату. Терлеп тұрғанда суық тиіп, ауырып қалу. Тер қыстау. Тердің шыққысы келу, терлегісі келу. Терлегіш. Тершең адам. Терлеу. Дененің ерекше бездерінен бөлінген сұйық заттың тері көздері арқылы сыртқа шығуы. Алтын жер астында емес, тер астында. Алтын жер астында жатса да, оны қазып алу үшін көп тер төгу керек дегенді аңғартады.
Тоңғақ. Дүниеге жаңа келген нәрестенің уыз, емшек сүтін емуден кейде іші қатып, үлкен дәреті қатты болып түсуі.

Түк. Адамның сондай-ақ жан-жануарлардың денесінде болатын өте майда жүн. Бет-аузын түк басқан. Бетіне де, аузына да түк қаптап кеткен. Бетінің түгі шығу. Ашуға булығып, терісіне сыймай тұрған адамға байланысты айтылады. Жүрегінің түгі бар. Ешнәрседен қорықпайтын батыл адам. Түгі жығылу. Беті қайту, сағы сыну. Түгі сыртына шығу. Ашулану, зәрін төгу.

Түкірік. Адамның сілекей бездерінен бөлініп, ауыз арқылы сыртқа шығатын сілекей араласқан ақ көбік түріндегі қоймалжың зат. Түкіріктің емдік қасиеті: ыстық су мен будан, оттан денесі күйген адам сол жеріне түкірік жақса, күйік жараға айналмай тез қайтады. Аузына түкіріп қойғандай. Айнымай тартқан, ұқсас. Ауызға келген түкірік. Көмей бездерінің әсерінен кейде ауызға түкірік келеді. Ауызға келген түкірік, қайта жұтса – мәкүрік. Қазақ ұғымында ауызға келген түкірік таза емес, оны түкіріп тастау керек. Түкіру. 1. Түкірікті ауыздан ытқытып сыртқа шығару; 2. көзі жаман, тілі жаман адамдардың ұзақ сұқтана қарап, тілін кезеп, мақтап сөйлеген жас баланы тіл-көзден сақтау мақсатымен іштен дұға оқып, түкіріп, «тіпәй-тіпәй!» деп дем салу.

Тырнақ. Адамның аяқ-қолдарының, саусақтарының ұшынан өсіп шығатын мүйіз қабыршық түріндегі өткір өсінді. Ажал тырнағы. өлім қаупі. Ақ тырнақ. Тырнағы ағарып кететін кесел. Бір тырнағы ішінде. Жасырған бүкпесі бар, арам. Жаны тырнақтың ұшына келу. Адам денесінен жан шығудың алдында тұрған қалпы, көз жұмудың соңғы сәті. Бұл өлетін адамның шыбын жаны көзіне көрініп ұшып жүріп, бірден ғайып болмай, біресе тырнағының басына қонады деген түсінікке байланысты қалыптасқан ұғым. Жау тырнағынан құтылу. Жау қолынан босау. Қара тырнақ. Жұмысшының, қолмен еңбек ететін адамның тырнағы. Қара тырнағына да тұрмау. Қадірсіз болу, көк тиынға да тұрмау. Тырнағына алмау. Менсінбеу, бағаламау. Тырнағына тұрмау. Түкке тұрмау, бір тиындық бағасы болмау. Тырнағына ілігу. Азулы біреудің озбырлығына жолығу. Тырнағын батыру. Біреуге үстемдігін, билігін жүргізу. Тырнағын салу. Біреуге күш көрсету. Тырнағын іліктіру. Бір нәрсеге қолын жеткізу. Тырнақалды. Ең алғашқы, ең бастапқы. Тырнақ асты. Адамның ең жанды жерлерінің бірі. Тырнақ астынан кір іздеу. Жоқты-барды сылтау етіп, кінә тағу үшін біреуге бәле салу. Тырнақ көбесі. Тырнақтың саусақ терісіне кіріп тұрған жері. Тырнақтай. өте кішкентай. Тырнақ түбірі. Тырнақтың түбі, негізі. Тырнақты тық, шашты шаш. Алынған тырнақтарды шашып жіберсе, олар ішер тамаққа араласып, ішке кетіп, зиян төндіруі мүмкін; ал шашылған шаштар тырнаққа қарағанда қауіпсіздеу дегенді аңғартады. Тырнақты уысқа түсу. Мықты біреудің ырқында кету.

Уыз. Босанған ананың емшегінен шығатын алғашқы қоймалжың, қою сүті. Уызына жарамаған. Анасының уызын еміп, тойынбаған. Ананың ақ уызымен бойына дарыған ана тілі. Ана тілін анасынан жастайынан үйренген. Аузынан уызы арылмаған. Жап-жас, тәжірибесі жоқ. Аузынан уыз сүті кетпеген. Әлі жап-жас.

Шаш. Адамның бас терісіне қалың боп шығатын, ұзын болып өсетін жіңішке қылдар.

Шел. Адам көзінің қарашығын қаптап алатын ақ түсті ет. Көзді шел қаптау. Көздің қарашығына ақ түсіп, жұқа ет басып кету. Көзіне шел біту. Құдайын ұмыту; жақсылық істеген адамды ұмытып, оған жоғарыдан тұмсығын көтере қарау.

Ірің. Адам денесінің бір нәрседен зақымданып, не ішінен дүмпиіп, қабынудан пайда болған жарадан, жарақаттан бұзылып, иістеніп шығатын қоймалжың сұйық зат. Жара асқынып кетсе, оның ішіндегі ірің де қанмен араласып, жара төңірегіндегі денені уландыруы мүмкін. Мысалдар: Қара санды қаптаған іріңді тазартайын деп ем (Тоқаев). Борсық майы іріңдеп шыққан жараларға ем ретінде қолданылады (Қадырбаев). Мөңке Темірдің тамағынан бір іріңді жара шықты (Есенберлин). Қанды ірің. Қан аралас ірің. Ірің басу. Іріңдеп кету. Іріңдеу. Ірің пайда болу, ірің кеулеу. Ірің кеулеу. Ісіп кеткен, жараланған жерге іріңнің көптеп жиналуы. Ішкені – ірің, жегені – желім. Қайғы-қасірет шегу, берекесі кету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет