Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет33/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Қызыл иектің қабынуы. Жергілікті және жалпы факторлардың зиянды әсеріне байланысты қызыл иектің талаурап қабынуы.

Қызылөңеш рагы. Қызыл өңеште болатын түрін қазақ «қылтамақ» деп атап келген.

Қызылша. Балаларда болатын өте қауіпті жұқпалы ауру. Оны «қызыл», «қызыл көйлек» деп басқаша атайтын.

Қима. Бастың сақинасы, басқа баратын қан тамырлары қызметінің бұзылу салдарынан, қоректік заттардың жетіспеушілігінен туындайтын бас ауруы.

Қылау. Емшектегі баланың аузында болатын ауру.

Қылғыма|| Қызыл сүйек|| Қыл өңеш|| Қылтамақ. Өңеш эпителий ұлпасының шала жетілген клеткасынан тұратын уытты ісік; рак ауруының бір түрі. Бұл ауруға шалдыққан адамның тамағынан ас жүрмей қалады.

Қырна. Қазақ халқының салт-дәстүрін зерттеген Әбубәкір Диваев өз еңбегінде бұл ауру туралы сөз қозғайды: «Мұндай ауруға ұшыраған адам ішінің бұрап ауруынан азап шегеді. Егер іш ауру қырна ауруына қарағанда да азапты бола түссе, онда бұл ауру енді сатқақ деп аталады», - дейді [33;177б].

Қышыма бөртпе. Адам денесінің жүйке талшықтарының тітіркенуінен болатын жайсыз сезім әсерінен бөртпелер пайда болуы.

Қышыма қотыр. Жұқпалы тері ауруы, терінің жұқа жерлеріне шығып, күні-түні маза бермей, жүйке талшықтарын тітіркендіретін ауру түрі.

Мақау\\ Мылқау. Туа біткен тілі жоқтық. Мақаудан сақау жақсы. Тілі жоқ адамнан гөрі, тілі күрмеліп, кекештеніп сөйлесе де, сақау адаммен ұғынысу жеңіл.

Маскүнем сандырағы. Ішкілікке салынған адамның улануы мен жүйке жүйесінің шектен тыс құлдырауы, жүйке-сезім жүйесі бұзылып сандырақтауы, өзін-өзі билеп басқара алмауы.

Мерез. Адамның барлық мүшелері мен ұлпаларын зақымдайтын, ұзаққа созылатын жұқпалы өте қауіпті дерт.

Мешел. Денеде витамин мен минералды заттар алмасуының бұзылып, сүйек құрылысының өзгеруімен білінетін ауру.

Ми қабынуы. Мидың қабығының қабынуынан болатын адамның сезім-жүйке жүйесінің зілді ауруы.

Миқұрт. Ми қабықтары мен ұлпаларын бүлдіретін ,халық түсінігінде, көзге әрең көрінетін зиянкес ауру қоздырғыштар тудыратын ауру.

Ми тамырының қатаюы.Қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы.

Мысқыл\\ Ақпа\\ Шірінше. Шықшыт безінің қабынуы, жас балалардың жұқпалы ауруы.

Нақұрыс. Ең терең ақыл кемістігі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тек түсініксіз дыбыс шығаратын, өздігінен жүре алмайтын, ортада не болып жатқанын сезбейтін күйде болады.

Несеп тоқтау\\ Тұтығу\\ Зәр жоқ болу. Бүйректен несеп түзілмеуі, несеп түтігінің бітеліп қалуынан қуыққа несеп құйылмау, несеп шықпау.

Ноғала. Көздің мүйізді қабығына түскен ақ.

Оба. Дене қызуының көтерілуінен, өте айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да мүшелер мен жүйелерінің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Обыр. 1.қатерлі ісік (рак) ауруы. 2. Көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір.

Ойық жара. Іші суға толы күлдіреуік.

Омыртқа қабынуы. Омыртқа бағанасының қосымша сүйек қалыпты кейпін жоюынан туған ұзаққа созылатын ауру.

Оқыра созылмалы ауру, саңырауқұлақ микроорганизмі енуінен болады.

Өкпе ауруы \\ Көксау \\ Көкірек ауруы \\ құрт ауру \\ Туберкулез. Өкпе дертінің өте асқынған түрі.

Өкпе қабынуы. Өкпеге түрлі себептердің әсер етуінен туған зақымға, түрлі өзгерістерге қарсы бағытталған жауап реакциясы.

Өкпенің қатерлі ісігі\\ өкпе рагы. Өкпенің жайылма ісіктік зақымдануы рактық лимфагитте және бронхоальволалық ракта даму мүмкіндігі.

Өкпенің талаурауы. Өкпенің қабынуы.

Өкше мүйізі. Табанның сырт, ішкі жақтарына ұсақ түйіршік көпіршіктер шығып, шоғырланып, қуысқа айналып қабығы жарылып, қабыршықтанады, қатты мүйізді қабатқа айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет