Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет35/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Тамақтағы ұры. Қалқан безінің патологиялық үлкеюі. Алқым ісу, бұғақ ауруы, жемсау деп те аталады.

Тамыр қатаю. Холестерин, май алмасуы үрдісінің бұзылуы салдарынан артерияның ішкі қабығына холестерин жиналып, дәнекер ұлпаны басып, қан жүруіне кедергі жасау, бөгеу.

Тамыр қашу. Соғылу, тітіркендіргіш заттар әсерінен жіңішке артерия, капилляр тамырлары жиырылып сіресуі, жіңішкеруі.

Тамыр бітелу. Қан не лимфа ағысына ілесіп келген май тамшысы, ауа, бактерия сияқты бөлшектермен бітеліп қалуы.

Тамыр ұюы. Тамыр саңылауында қан ұйып, оны жартылай немесе толық бітеп тастап, қан жүруіне бөгет жасауын айтады.

Тасбауырлық. Айналасындағы жақын адамдарға суық қарап, өзін-өзі кінәлап, қапалану белгілерімен білінетін жүйке-сезім сырқаты.

Тасөкпе. Өкпе дертінің асқынған ауыр түрі.

Теміреткі. Созылмалы, қайталанып тұратын тері ауруы. Танабаеваның зерттеу еңбегінде бұл аурудың аты ауырған адамның терісі дәл темір сияқты таттанады, соған байланысты шығуы мүмкін деген жорамал бар.

Теңгеқотыр. Ақ трепонема қоздырушыдан организмге зардап келтіретін созылмалы жұқпалы ауру.

Теріскен. Көздің жиегіне шығатын шығу, бөрткен. Аурудың белгісі – көздің айналасындағы терінің ісуі, аурудың семантикасы айқын: тері+ісу+-кен.

Тұмау. Адам денесінің суық тиіп, әлсіреп, суық өту салдарынан болатын адамды ұзақ мазалайтын аурудың бірі [36;510]. Қысың тұманды болсын, ауруың тұмаулы болсын! Бұл қазақ арасында айтылатын жақсы тілектің бірі: «қысы өзіңе де, малға да жеңіл болсын, ал ауыра қалсаң, ауруың тұмау тәрізді жеңіл-желпі түрі болсын» деп тілеу. Көне түркі тілдерінде бұл туынды зат есім етістіктерден жасалған дей отырып, түбірі көне атау tum (tom) «холод» деп берген [37;574]. Біздің ойымызша, тұмау адамға суық тиюіне байланысты пайда болған ауру атауы.

Тұншығу. Өкпеге оттегі келуінің жетіспеушілігінен және онда көмірқышқылының жиналуында болатын күй.

Түлеу. Бүлінген немесе жойылған ет, терілердің қайтадан қалпына келуі.

Түйнеме. Адам мен малда болатын оба аталатын қоздырғыштан пайда болатын індет ауру, ол кейде күйдіргі деп те аталады.

Түсік. Мезгілінен бұрын нәресте түсіп қалу, түсік тастау.

Тырысқақ. Адамның аяқ-қолын тырыстырып тастайтын жұқпалы індет ауруы.

Тілдің қабынуы. Ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы.

Тілме. Терінің қызарып қабынуы. Бұл жарақаттану аллергия және қоздырғыштардың әсерінен болады.

Тіл тию. Балаға бөтен бір кісінің назарының түсіп кетуінен болатын ауру.

Тіс аурулары. Тіс етінің қанауы, тіс түбірінің шіруі, тіс етінің іріңдеуі, тіс етінің сөгілуі, тіс етінің қызаруы, тіс етінің ойылуы, тіс етінің ісуі, тіс етінің бұзылуы, тіс етінің елжіреуі, тіс етінің езілуі, тіс арасының ашылуы, тіс сыну, тіс босау, тіс түсу, тіс тозу.

Тісжегі. Ауру қоздырғышы әсерінен тіс эмаль мен дентиннің тесіліп, сонымен бірге минералдық заттардың жетіспеуінен тісте қуыс пайда болады.

Тіс ісігі\\ Қанжел. Пародонт ұлпаларының жеткіліксіз қоректенуінен туатын созылмалы ауру. Бұл тіс мойын түбірінің жалаңаштанып, қызылиектің семіп отыруымен сипатталады.

Ұшық. Күлдіреуіктер пайда болатын, қышып, шаншып ауыртатын ауру.

Шемен. Ішке, кеудеге, т.б. жерлерге сужелқаяқ жиналу.

Шешек. Эвфемистік баламасы. Оны кейде гүл, қорасан деп те атайды.

Шиқан\\ Сыздауық. Май бездің және түк баданасының қабынуы. Шиқан сөзі «шығу», «шыққан» сөздерінен жасалған деп айтуға болады, себебі кейбір жергілікті тіл ерекшеліктері бойынша «шиқан шықты» немесе «шығу шықты» деп қолданылады. Сондай-ақ, сөзді екі түбірден «ши» және «қан» сөздерінен тұрады деп қарастыруға да болады, алайда қанның өзі қызыл болғандықтан, шидің түсіндей қан деп айту ойға қонымсыз және ауру атауының «қанға» ешқандай қатысы жоқ. Сөздікте: «шырықан»: шиқан. Денеге шығатын жараның бір түрі. Оның түсі ши секілді қызыл болғандықтан, солай деп атаған». – делінген [38;507].

Олай болса, шиқанның түбірі – ши де, ал қан – жұрнақ болып табылады.



Шораяқ. Зат алмасу сарынының бұзылуы, белгілі бір буынның бүгілмей қалуы.

Шошқа мойын. Сәбилерге сілекеймен жұғатын жұқпалы ауру.

Шуаш. Саусақ арасындағы тері бүкпелерінде жасырын асқынудан терінің қызарып, дымқылданып бүлінетін ауру.

Шыжың. Жиі несеп келетін, бірақ оны ұстау қабілеті жоғалатын ауру.

Шірінді. Сау сүйек ұлпаларының ауру ұлпалардан бөлініп шыққан бір бөлігі.

Ылжырау. Өлі еттенген орында көгерген немесе қарайған түс пайда болады.

Ыстық шығу. Сыртқы ортаның қызуынан дене температурасының шамадан тыс көтерілуі.

Іріңді безеу. Бет терісіне шығатын іріңді бөртпе.

Ірің жиналу. Кез келген тұйық қуыста іріңнің жиналуы.

Іш ауруы. Асқазанның кілегей қабығының созылмалы ауруы. Сатқақ іш ауруы. Іші тоқтамай, жиі өтіп ауыратын ауру. Ішбұрғы. Іші бүріп ауыратын ауру. Бақатамақ. Тамағы асқынып, ірің шығып тұратын ауру.

Іш жүрмеу. Нәжістің ұзақ уақыт ішектен шықпай, ішті кернеуі.

Ішек қабынуы. Ішек ағзалар мен ұлпаларда болатын зақымға қорғанысын көрсететін реакциясы.

Ішекқұрт ауруы. Адам мен жануар, өсімдік денесінде тіршілік ететін жұмыр, жалпақ, тікенбас құрттар.

Ішектің бүруі. Көк ет жарығынан, жарылған іштен ішектің тері астына не сыртқа шығуы.

Ішектің түйілуі. Ащы ішектің микрофлорының өзгерісі немесе ұзақ уақыт аш болып көп мөлшерде тамақ ішу салдарынан, ішектің қалыпты қозғалысы өзгеріске ену салдарынан ішек түйіледі.

Іш өту. Жиі-жиі нәжіс шығару.

Іш сүзегі||іш көзігі. Ішек жолдарының жұқпалы ауру және ащыішектің лимфтерінің жарақаттануы салдарынан дене уланып, теріде бөрткендер пайда болады.

Іштегі өлі бала. Әртүрлі себептерден құрсақтағы баланың мезгіліне жетпей, не жетіп қалғанда іш өлікке айналуы; оны туу, не денеден сыртқа шығару ана денсаулығына зиян ауру болып саналады.

Іш шемені. Іш қуысына су толу.
Науқас адамды емдеу үшін ең әуелі дұрыс балау (диагноз) қою қажет болады. Дұрыс диагноз қою үшін мына сатыларды орындауға тура келеді.

Қарау. Көптеген аурудың зардабы адам денесінің әр жерінен өз белгісін көрсетеді. Мысалы, бауыр ауруына шалдыққандардың көз еті, денесі сарғаяды. Сондықтан ауырған адамның бет әлпетіне, терісіне, ерін, тіс, тіл, тырнақ сияқты мүшелеріне, үлкен-кіші дәретіне зер салып қарау керек.

Осының өзінен де бірқатар аурулардың белгілері белес береді. Бет әлпеті албырап тұрса, қызуы асқандықты, беті бозарып шөлмек тартса, қаназдықты білдіреді.



Ұстау. Ауырған адамның ауырған жерін ұстау. Ұстап тексерудің ең маңыздысы тамыр ұстау болып есептелінеді. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Қалқыма тамыр. Ұстаса болды тамырдың соғуы білінеді. 2. Шөкпе тамыр ақырын ұстағанда білінбей, батыра ұстағанда ғана білінетін тамыр. 3. Баяу тамыр. Тамырдың соғуы баяу тартып, бір тыныс алғанда 2-3рет соғады. 4. Қарқынды тамыр. Тамырдың соғуы өте тез, бір тыныс алғанда 5-6 рет соғады. Бұл ыстық асудың шегін білдіреді. 5. Керме тамыр. Тамыр садақтың адырнасындай керіліп соғады. Бұл тамыр көбіне бауыр ауруының белгісін білдіреді. 6. Сырғақ тамыр. Тамыр жұмырланып соғып, қан сырғанап аққандай білінеді. Бұл көбінесе өкпеге қақырық жиналғандығын, асқорытудың нашарлығын, әйел болса жүкті болғандығын білдіреді. 7. Тебінді тамыр. Тамыр тебінді әрі күшті соғады. 8. Әлсіз тамыр. Тамыр әлсіз соғып, жіңішке жіптен болымсыз білінеді. 9. Өрекпіме тамыр. Тамырдың атқылақтап, екпіндеп соғуы. Рухани ауруларға шалдыққандардың тамыры көбіне осындай белгі береді.

Сұрау. Науқастың қалай пайда болған даму сатыларын, т.б. жағдайларды егжей-тегжейлі сұрау керек. Бұлай етудің науқасқа дұрыс диагноз қоюға септігі бар.

Тексеру. Бұл жерде айтылып отырған тексеру жалпылық тексеру, адамды жатқызып, тұрғызып, жүргізіп, жүгіртіп, еңкейіп, еңбектетіп тексеріп көру керек.

Тыңдау. Адамның жүрек соғуын, тамыр жүрісін, дем алысын, ентігін, есту қабілетін тыңдап тексеру, қажет деп табылғанда осы заманғы аспаптармен тыңдап көру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет