Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет37/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

1.2.7. Демалыс ұғымы

Адам баласына салауатты өмір салтын ұстану үшін демалыстың орны ерекше. Әрбір ұлт, әрбір қоғамғ әрбір әлеуметтік топ, тіпті әрбір адам «демалу» ұғымын өзінше танып, оны өзінше ұйымдастыруға дағдыланған. Сол себептен «демалыс», «демалу» ұғымдары және оның түрлері белгілі бір этностың әдет-ғұрпына, шаруашылық дәстүріне, сондай-ақ ұлттық менталитеттің көрінісіне айналған.

Жалпы қазақ этносына тән демалыстың дәстүрлі түрлеріне не жатады, олар бұл феноменді қалай түсінеді, өмір тіршілігінде қалай іске асырады? Бұл заңды сауалдарға жауап беру үшін қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтына, дәстүрлі шаруашылығына, жасап келе жатқан табиғи ортасына мән берген жөн. Қай заманда да қазақ қоғамы үшін демалыс факторы ел-жұрттың әлеуметтік жағдайына, әркімнің әл-ауқатына, қолда бар мүмкіншілігіне байланысты болған. Бай, орта, шаруа, кедейлердің «демалыс» ұғымына деген көзқарасы да, түсінігі де, демек, соған қарай оны қолданған іс-әрекеті де әртүрлі болған. Ертеден қара кешке дейін ыстық күннің көзінде, суық желдің өтінде жүріп, түн баласы ұйқы көрмей, қой күзететін қойшының, күндіз-түні жылқы жаюшы жылқышының, түйе, сиыр соңында жүрген малшылардың «демалыс» туралы түсінігі мен «не жеймін, не ішемін?» деп ойламайтын, төрт құбыласы тең, дәулеті асып-тасқан бай, билеуші тап өкілдерінің бұл жайындағы түсінігін салыстыруға болмайды, әрине.

Көбіне демалысты «жан рақаты, тән рақаты – тамақтың тоқтығынан, көңілдің қоштығынан» деп түсінетін кешегі көшпелі ел, малшы қауымның «демалыс» идеалы қазы-қарта мен боза, қымызға тойып, қызара бөртіп алып, жорға мініп, ат үстінде жортып жүру болып саналған.

Ертедегі қазақтар бүгінгідей «курорт, санаторий, демалыс үйі» дегендерді, «арасан суынан ішіп, оған шомылып, дәрі-дәрмекпен емделе жүріп демалу» дегенді бұрын білмеген. Демек, қазақ барша өмірін тіршілік-тірлік қамымен жүріп өткізген бейнеткер халық.

Қазақ ұрпағының рухы биік, дені сау, қайратты да қажырлы болып шыңдалып өсуінің көп себептерінің бірі табиғат ортасына байланысты болса, екіншісі оның ішіп-жейтін қуатты да құнарлы тамағынан.

Демалуға қатысты ұғым-түсініктер:

Қазақ қауымындағы жалпы денсаулық және оның өзекті саласы ретінде демалыс мәселесі туралы қазақ тілінің қорында сақталған осы ұғымға қатысты сөздер мен тұрақты тіркестер мол кездеседі.



Демалу. 1. Адамның мұрны арқылы таза ауа жұтып, өкпені кислородпен қоректендіру. 2. Адам организмінің қосымша қызметсіз, өзінің табиғи ырғағымен мұрынмен ауа жұтып, оны өкпемен қайта шығарып жаңалау арқылы тынышталып, тынығуы.

Демалыс. Денсаулықты, яғни тәннің саулығын, жан рақатын тұрақты қалып-күйін сақтаудың сан тәсілдері мен жолдары.

Қазақтың ұғымындағы демалыс:

  1. Ұйқы, ұйқы қану. Таза ауада ұйқы төрт сағатта қанады екен.

  2. Таза ауа.

  3. Құнарлы тамақ: ет, қымыз, сүт тағамдары;

  4. Ән-күй, сауық кештер;

  5. Той-томалақ;

  6. Ат үсті жүріс;

  7. Серуен құру;

  8. Аңға шығу;

  9. Жиеннің сағынып жүрген нағашысының үйіне барып, ұзатылған

қыздың төркініне барып, аунап-қунап қайтуы да олар үшін бір демалыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет