Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Құрсақ шашу – келін жерік болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп келеді. Оның себебі келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру



бет39/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Құрсақ шашу – келін жерік болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп келеді. Оның себебі келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру.


Сағыз шайнату – іштегі бала шымыр болсын деген ниетпен.

Түйе етін жегізбеу – жүкті әйел баласын тоғыз ай емес, он екі ай көтеруі мүмкін деген сенім бар. Сондықтан аяғы ауыр әйелдерге түйе етін бермейді. Ал босанатын уақыты өтіп кетсе, керісінше, түйенің үстінен аттатады, тез босансын деп [41].

Cаз, топырақ, қызыл ірімшік жегізу – баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.

Жуамен тамақтандыру – келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп жегізеді.

Ұлтабар – көбінесе әйелдер жейтін еттің түрі. Оны ұл тапсын деп жас келіншектерге береді.

Қалжа – жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті [ҚТС, 365]. Қалжа сөзі барлық түркі тілдерінде кездеседі, алайда олардың мағынасында ауытқушылық бар. Мысалы: татар тілінде kalca ет; тур. Ralja “көкеністермен бірге бұқтырылған ет”; қырғ. калжа – құлжа “езіліп піскен ет”: ноғ. қалжа – 1. тауық етінен дайындалған көже; 2. ашымаған қамырдан пісірілген ұн тағамы; 3. аста берілетін көженің түрі (ішінде кесек еті бар).

Көптеген зерттеушілер сөздің төркінін монғол тілінен іздейді, себебі онда Kylja – еркек тау ешкісі, ал көне монғол тілінде yaljadcin ұрғашы тау ешкісі. Парсы тілінде қалжа сөзі “бір жапырақ ет” деген мағынада қолданылады, ал оның ауыс мағынасы “босанған әйелге дайындалған ет тағамы”. Яғни, сөздің семантикалық дамуы төмендегідей: тау ешкісі жақсы пісірліген ет босанған әйелге дайындалған ет тағамы. “...Мен босанғанда да шешемнің қалжалағаны бір қой, бұны туғанда да шешесінің қалжалағаны бір қой, ажалым осы үрпек бас сары немеден болса қайда қашып құтылмақсың? Тәуекел!” – деп атынан түсті» (Домбаев, Жаман жәутік, 78).



Қалжа тек босанған әйелге ғана берілмеген, оны ауру адамға да дайындаған. “Содан екі айдай қалжа жеп емделіп, зорға дегенде үйге таяқпен кіріп шығатын болып, ауылда жатқан” (М.Ә).

Біз осы арада ескі түркі сөздігінде берілген qali – «көтерілу», «ұшып кету» етістігін көрсетіп, оны қазақ тіліндегі қалқи, қалықта, қалқы сөздерімен түбірлес деп, ортақ түбірі – қал, жалпы мағынасы – «көтерілу не көтерілетін күш» деп жорамалдап, оны босанғаннан кейін әлсіреген әйелге күш алып, көтерілу үшін берілетін тамақтың аты қалжамен байланыстырғымыз келеді. Қазақта қалжаға «көкөніс я бір кесек ет емес», күш беріп көтеру үшін арнайы қой сойып, жас сорпа ішкізеді. Дегенмен, бұл пікірді біздің айқын тұжырымдамамыз деп емес, пікір алысу ретінде түсінген жөн. Жалпы қалжа атауының о баста ауру адамға я әлсіреген адамға ішкізетін тамақ ретінде пайда болуы әбден мүмкін. Кейін ол дами келе, әртүрлі түрге, мазмұнға ие болып, жас босанған әйелге қой сойып, жас сорпа ішкізуі, соның нәтижесінде нақты атауға ие болуы мүмкін деп ойлауға болады [42;213].

Басқа түркі халықтары да жүкті әйелге көп көңіл бөлген, түрлі ырымдар жасаған. Мысалы: хакастардағы құрбандық шалу дәстүрі көңіл аудартады. Жүкті әйел бар үй судың құдайына әйелдің атынан 3 жасар өгізді құрбандыққа шалады. Оны “суг-эззи” деп атайды. Өгізді салмен судың ағынымен қоя береді, әйел жеңіл босансын деп.

Жалпы, түркі халықтары, оның ішінде қазақтар, босанған әйелге аса мән берген, қалжасына арнап қой сойған (ешкі өте сирек сойылған). Сөздің мағынасы “қоянды көріп қалжасынан түңіл” деген мақалда жақсы ашылған. Татар халқының “капкан саен калжа булмый” деген мақалынан кез-келген етті қалжаға бермегенін байқауға болады.

Телеуттерде жүкті әйелге иит-мун дайындайды (қой етінің сорпасы). Оны егде әйел дайындайды. Дайын тағамнан ең алдымен итке, сонан соң босанатын әйелге құйып береді. Егер әйел жеңіл босанса, сорпасынан басқа жүкті әйелдерге де береді (қол-аяқтарын тез жинасын деп). Қиналып босанса, тағамнан ешкімге бермейді [43;193]. Ал Хорезмде босанған әйелдің ең алғашқы тағамы – тауықтың жұмыртқасы болған.

Этнографтардың көрсетуінше, Хорезм өзбектері де босанған әйелдің тамағына аса мән берген. Атап айтқанда, оған қойдың сирағын - “бала тез жүріп кетсін” деп, мойын етін – “басын тез ұстасын” деп берген. Ал бесік тойда, бесіктің тесігінен кәмпит, бауырсақ, тәтті тағамдар салып баланың өмірі тәтті болсын деп тілеген.



Көшпенді қырғыздарда “бала сатып алу” ырымы болған. Әкесі бір жасқа дейін туыстарының үйінде тәрбиеленген баласын 9 зат (нәрсе) беріп сатып алған. 9 заттың ішінде талқан, кебек болған [43;105]. Ал қырғыздарда “боорсок чачма” деген дәстүр бар. Бесіктің түбегінен бауырсақ шашып, балаға ұзақ өмір тілейді.

Сүндетке отырғызу. Сүндеттеу барлық мұсылман еркектерге міндетті рәсім болып табылады. Сүндеттеу тақ сандармен байланысты болады, яғни жасы беске немесе жетіге келгенде. Сүндетке отырғызу тәсілінің екі түрі бар: кесу және шету. Кесу кішкене балаға қолданылады да, шету ес кіріп, марқайып қалған балаларға қолданылады. Бұрын баланы молда сүндеттейтін, бүгінгі күні бұған дәрігер (оташы) шақырылады.

Нәрестені «ит тиген» ауруынан сақтау. Қырқынан шыққаннан кейін нәрестеге жаңа көйлек кигізеді. Қырқына дейін киілген ит көйлегіне тары, кәмпит салып, иттің мойнына байлайды. Балалар қашқан итті қуып жетіп, тәттілерді алуға тырысады. Бұл дәстүр жаңа туған нәресте аурудан аман болады деген ырыммен жасалады. Егер иттің қашуына мүмкіндік берсе, онда нәресте ауырмайды деген сенім бар. [44;111]

Көңіл сұрау. Соңғы кезде Базаралы науқас дегенді естіп, көңілін сұрай барысты (М.Әуезов). ауырып жатқан адамның көңілін сұрау – адамгершіліктің белгісі. «Аурудың емі – саудың сәлемі» дегендей аталы сөз бар. Көңіл сұрай барған адамның науқасты жұбатып, «ауырып тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге шипа берсін» деген сөздермен оның жазылуға деген сенімін арттыра түсуге тиіс.

Қорықтық құю. «Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өапесімен көшіру ме...» (С.Торайғыров). Әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды. Табаға май құйып, қорғасынды басқа ыдысқа қорытады да, қорғасынды аурудың төбесіне әкеліп әлгі табаға құйып жібереді. Халықтың ұғымы бойынша, қатқан қорғасынға ауру неден қорықса, соның бейнесі түседі. Бейнесі түссе, ол жазылады деп түсінген.

Тәспінің емдік қасиеті . Тәспі деген сөз арабтың – суббах ( Аллаһты мадақтау ) деген сөзінен шыққан. Адам саусақтарының ұшында орталық нерв жүйесімен тығыз байланысты нүктелердің көптігін ғылыми медицина дәлелдеп отыр. Мұны медицина тілімен айтсақ, саусақтарда орталық жүйке жүйесіне импульс жіберетін көптеген рецепторлар бар. Олар ішкі мүшелермен жалғастыратын кері байланыс жолдары болып табылады. Мысалы, ортаңғы саусақтың ішін қысатын болсақ миды сергітеді, ішектің қызметін жақсартады, қан қысымын төмендетеді. Тәспі арқылы сұқ саусаққа массаж жасалса – асқазанның ас қорыту жүйесін арттырады; төртінші саусақ – бауырдың жұмысын жақсартуды; шынашақ – жүрек қызметінің жақсаруына әсері мол. Сөйтіп, ашуланып-мазасызданған адам тәспі арқылы саусағына нүкте массаж жасап, жүйкені тыныштандыруға жағдай туғызатыны сөзсіз.

Оразаның рухани және емдік пайдасы. Ораза рухани, әлеуметтік тұрғыдан және медициналық жағынан да аса пайдалы. Ораза адамның денесін нығайтып, денсаулығын жақсартады,асқазан бір ай бойы астан босап, жеңілденеді және жұмыс істеуі реттеліп, жақсарады, ішектер тазарады, денедегі керексіз заттар сыртқа шығарылады, іштің майы тартылып, азая түседі [45].

Зікір салу. Бақсылар адам емдегенде қобызын тартып, жынын шақырып, ауруды айнала ойнақтай жүгіреді, яғни зікір салады. Сөйтіп, ол осындай ерекше қимылдары арқылы ауруды қуып шықтым деп елді сендірген.[46;21]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет