Зерттеудің дереккөздері.Халықтық медицина терминдерінің этнолингвистикалық табиғатын жан-жақты зерттеу негізінде осы тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мақалалар, лексикографиялық еңбектер мен ғалымдар зерттеулері дереккөздер ретінде алынды. Сонымен қатар зерттеу жұмысымызда өз тарапымыздан жинақталған материалдар да кеңінен пайдаланылды.