Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНА ТЕРМИНДЕРІНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Тілдің табиғатын тілдің өзіндік заңдылықтары негізінде зерттеу тілдің қалыптасу, даму, өзгеру эволюциясын өз дәрежесінде таныта алмайды. Сондықтан болар қазақ тіл білімінде соңғы кездері тілдік құбылыстардың табиғатын тану жолында кешенді, жүйелі түрде зерттеу жұмыстары орын алуда. Яғни, бұл бағыттар тіл мен сол тілде сөйлеуші халықтың өзара байланыстылығын, тіл мен таным сабақтастығын, тіл мен тарих біртұтастығын негізге алды. Ал бұл үрдіс түркітануда жаңа қалыптасып келе жатқан тілдің саласы этнолингвистикамен тікелей байланысты. Академик А.Н.Толстой оған төмендегідей анықтама береді: “...направление в языкознании, ориентирующее исследователя на рассмотрение соотношения и связи языка и духовной культуры, языка и народного менталитета, языка и народного творчества, их взаимозависимости и разных видов их корреспонденции” [1].
Этнолингвистика (гректің “этнос” – тайпа, халық, француздың “лингвистика”) деген сөздерінен тұрады. Этнолингвистиканың негізін И.Г.Гердер, В.фон.Гумбольдт қалаған. Славян тіл білімінде этнолингвистикаға Н.И.Толстой, А.Ф.Журавлев, В.В.Иванов, ал қазақ тіл білімінде А.Т.Қайдаров, Е.Жанпеисов, Ж.Манкеева және тағы басқа ғалымдардың еңбектері арналған.
Этнолингвистиканың зерттеу нысаны этнографизмдер, яғни, этностың болмысын танытатын “тілдік деректер”. Ал тіл деректері, әсіресе, салт-дәстүр, наным-сенім, әдет-ғұрыптарда кең көрініс тапқан. Сонымен қатар әр халықтың дүниетанымы, дәстүрлі көзқарасы өзгеше болып келеді. Бұл жерде А.А.Леонтьевтің “...В основе мировидения и миропонимания каждого народа лежит своя система предметных значений социальных стереотипов, когнитивных схем, поэтому сознание человека всегда этнически обусловлено” деген пікірін келтіруді жөн көрдік [2].
Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан бұлақтардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиеті үлгілерінен, лексикографиялық еңбектерден, көркем шығарма жанрларынан, шежірелерден т.б) этнос болмысына қатысты фактілерді тірнектеп жинау болса, екінші міндеті – оларды саралап жүйеге салу, олардың мазмұнын айқындау, түсіндіру, қорыту, яғни оларды этностың өзі туралы “сөйлете білу” [3]. Бір сөзбен айтқанда: “... на истории языка очень прозрачно отражается история народа, который на нем говорит” [4;17].
Осы ретте қазақ тіл білімінде халықтық медицина атауларының этнолингвистикалық табиғаты аса назар аудартады, өйткені бұл тақырыптық топ ұлт, халық тіршілік-тынысының негізгі көрсеткіші және де бұл сөз үйірлерінде ұлттық әдет-ғұрып, наным-сенімдер мол сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |