Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Емдік қасиеті бар өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер



бет52/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Емдік қасиеті бар өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер

Қызыл дәрі – түрлі шөптің қоспасынан жасалған дәрі.

Тамыр дәрі – кейбір ауруларды емдеуге керек улы шөп.

Дәрі арша – жапырақтары мәңгі жасыл, емдік қасиеті бар арша туысының бір түрі.

Ырыс шөбі – жасқа жас қосатын қасиеті бар шөп.

Сарымсақты жедің бе, сырқатыма ем дедің бе? – сарымсақтың емдік қасиетіне байланысты айтылған.

Сол сияқты емдік қасиеті бар көптеген өсімдік атауларынан қалыптасқан тіркестер бар: жалбызды жерде жан қалар;



Иірі болса ер өлмес. Жолаушы жол жүргенде керек тастың ауырлығы болмас дегендей, қажетті немесе табылуы қиын затты ала жүру керек, әр нәрсенің алдын алу қажет дегенді үндейді. Иір ауырған жерді тыныштандыратын, қақырық түсіретін, жел шығаратын дәрі ретінде көптен белгілі. Бұдан жасалған дәрілерді халық арасында құрқұлақ, тырысқақ, тұмау, бөртпе сүзекке қарсы талай замандардан қолданылып келеді ерменді жерде ер өлмес;

Дермене дәру. Дару – парсы сөзі. Бойға дарысын, шапағаты тисін, ем болсын деген сөз.

Даруды «Жеңеше-ай» әні тапқандай болды (Ғ.Сланов. «Шалқар», 263 б).

Оның ақыры жай да емес, онықы-мұнықы да емес, «Шалқыманың»қой түлігін өсіруге бір дару болып шығатын (Ғ.Сланов. «Шалқар», 12б).

Жылата айтқан қашан да дару (Ғ.Сланов. «Шалқар», 220б).


  • Мына жандырма самагонды қайнатқан әйел жай ғана адам емес, нағыз алтын! Кәдімгі сары алтын. Дару-ақ болды (Х.Есенжанов. «Ақ Жайық», 29 б)

Өнер жүрегін қозғаған машинисті қан тамырдың соғуын бақылаған дарушыдай, үнсіз, қас қақпастан қарап тұр (Ғ.Сланов. «Өзен ағысы - өмір ағысы», 308 б).

Дару сөзі «Қазақ тілінің сөздігінде»:

  1. Емдік дәрі-дәрмек.

Шипа, ем, дауа, - деп сипатталған [72].

Меңдуана жегеннен саумысың?. Бұл өсімдіктің барлық бөлшектері уытты. Қара меңдуанамен уланған адам бір орында тұрақтамай жүгіріп, айқайлап күле береді, сандырақтайды. Сондықтан да болар адам жас балаша шалықтап күліп, бей-берекет кетсе, меңдуана өсімдігінің қасиетін тумысынан білетін халқымыз осындай тіркестерді қолданады. [19;97]. Мірғия жегенсің бе (бұл шөпті бұғылар үйірге түскенде жейді) ; уқорғасын жегенсің бе?;

Күшаласын жеді. Бұл тіркестің мағынасы өсімдіктің ащы, кермек дәміне байланысты алынып, таяқ жеді, көресісін көрді, басына қиындық туды дегенді білдірсе керек.

Күшала жеген иттей. Ертеректе қаңғыбас иттің көзін жою мақсатында тамағына қосып күшала берген. Оны жеген ит қисалаңдап, басын көтере алмай, жүруге шамасы келмей жатып қалады. Сондықтан бұл тіркес белгілі бір жағдайға байланысты есі ауысқан адамдай не істеп, не қоярын білмей қалған адамға қаратыла айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет