Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Ауру-сырқауға, емшілікке байланысты диалектизмдер



бет53/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

2.5. Ауру-сырқауға, емшілікке байланысты диалектизмдер

Ауру атауларының ішінде әдеби, ғылыми атаулардан басқа халықтық атаулар да бар. «Халықтық атау» терминін әдеби лексикада уақытша өмір сүретін жалпыхалықтық атау деп түсінеміз.

Тіл білімінде «әдеби тіл» және «жалпыхалықтық тіл» терминдері қолданылады, олардың біріншісі жазба тілге, екіншісі сөйлеу тіліне тән.

«Қазақтың жалпыхалықтық байырғы сөздеріне кейін пайда болған неологизмдер мен терминдерді, тек жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздерді жатқызуға болады. Неологизмдер мен терминдерде байырғылық сипат жоқ болса, ал соңғылары тарихи көне тіл құбылыстарымен ұштасып жатқанымен, жалпыхалықтық қолданыста жоқ. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір жердің тұрғындары үшін байырғылық сипат болуы мүмкін.

Халықтық атаулар жазба тілде, көркем әдебиетте, газет-журнал беттерінде де қолданылады.

Ә.Қайдар этнолингвистиканың диалектологиямен сабақтастығын оның зерттеу мақсатымен байланыстырады, ол – этносқа қатысты «тіл қорының қойнау-қойнауларын тінте қарап, тірнектеп жинап, түгел қамту». Ал «диалектология әдеби тілдің сыртында» жатқан, сонау тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар қолданысында сақталып келе жатқан көне де байырғы сөздерді жинақтап, түсіндіру арқылы этнолингвистиканың бастау алар бұлақтарының бірі болып саналады. Сондықтан диалектілік лексика қазақ этносы болмысын танытудың бір көзі ретінде алынып, қазақ этносы әлемінің тілдік бейнесін жасауда тіл иесі табиғатын тіл деректерінің ішкі мазмұны арқылы ашу тұжырымдамасы ұсынылып отыр, өйткені тіл – ғасырлар бойы қалыптасқан этномәдени ақпаратты, этникалық ерекшелікті сақтаушы, жеткізуші құрал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет