Дерягин мен Ландау теориялық есептеулер көмегімен көрсеткендей, әртүрлі зарядты иондар үшін коагуляция шекарасы мына қатынастарда табылады:
γ(1+);γ(2+):γ(3+) ≈
немесе 1; 0.018; 0.013, яғни иондардың әсері ион зарядының алтыншы дәрежесіне кері тәуелді.
Шульце – Гарди ережесі жуық сипатқа ие, себебі, заряд шамасымен қатар ион табиғатының да маңызы бар: ион гидраттануы жоғарылаған сайын оның коагуляция қабілеті де төменірек. Иондарды гидратталу дәрежесінің кемуі бойынша мына қатарға орналастырады. (Гофмейстердің лиотроптық қатары). C2O4²ˉ>SO4²ˉ>CH2COOˉ>Cr>NO3ˉ>Brˉ>Iˉ>CNSˉ
Li >Na>K>Rb>Cs>Mg²>Ca²>Sr²>Ba²
Шульце – Гарди ережесі
Cонымен,Шульце – Гарди ережесі бейорганикалық иондардың әсерін сипаттайды; ал органикалық иондардың ұйыту қабілеті олардың адсорбциялық қабілетіне байланысты (мысалы, морфиннің бір зарядты катионы екі зарядты ионға қарағанда күшті ұйыту қабілетіне ие); электролиттермен ұйыту кезінде алынған тұнбада ұйытқыш иондар бірге болады, мысалы, теріс зарядты Аs2S3 золін барий хлоридімен ұйытқанда тұнбада Ba² иондарының аз мөлшері кездеседі.

Коагуляцияның жүруі үшін бір уақыт қажет, демек ұю үдерісі белгілі бір жылдамдықпен сипатталады. Ұю жылдамдығы, химиялық реакциялар сияқты, бірлік уақыт ішінде бөлшектер санының өзгеруімен анықталады. Мұнда да химиялық кинетикадағыдай, жылдамдық теріс таңбамен алынған бөлшектік концентрацияның уақыт бойынша туындасына тең.