1. О – антиген (соматикалық)
2. К – антиген (капсулалы)
3. Н – антиген (талшықты)
О – антиген температураға тұрақты, бактерияның жасуша қабырғасында орналасқан. О – антиген культураның серологиялық топқа жататынын көрсетеді.
Эшерихияның К – антигені әртүрлі : А, В, L және М.
А мен М – температураға тұрақты.
В мен L– температураға өзгергіш.
К – антигені О антигенге қарағанда жасуша қабырғасында жоғары орналасқан, сондықтан оның қатысуымен реакция агглютинациясы О – қансарысуымен болмайды.
О – антигенін анықтау үшін культураны 100 градусқа дейін қыздырады: қыздырғанда К – антиген бұзылады, ал О – антиген қансарысумен байланысқа түседі.
Эшерихиялардың К – антигенің 100 типі бар. Н - антиген тек қана қозғалатын штаммаларда болады, себебі олар талшықтармен байланысты. Эшерихиялардың Н – антигенінің 50 типі бар.
Н - антигеннің анықталуы бөлінген культураның серовариантын анықтауда маңызды.
Эшерихиялардың сероварларынан басқа бөлінген культураның фаговарын анықтауға да болады. Фаговарларды анықтаудың эпидемиологиялық маңызы зор.
Эшерихиялардың антогонистік қасиеті, шіріту және патогенді бактериялардың өсімін тоқтату қабілеті, дисбактериозға және басқа да ішек ауруларына қарсы бактериялық препараттар дайындауда қолданылады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Эшерихиялар тұрақты. 55 градус температурада 1 сағаттан кейін, ал 60 градус температурада 15 минуттан кейін өледі. Суда, топырақта 2-3 айға дейін сақталады, ал сүтте сақталып қана қоймай – көбейеді. Дезинфекциялаушы ерітінділер: 3 % хлорамин 20 – 30 минуттан кейін өлтіреді.
E.coli бриллиант жасылына өте сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы.Эшерихиялардың кейбір серотоптары кейбір жануарларға патогенді, оларда ішек ауруларын қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан E.coli –ге кроликтер, ақ тышқандар, теңіз свинкалары сезімтал.
Культураны енгізу түріне байланысты әртүрлі аурулар қоздырады: тері астына енгізгенде – қабыну және абсцесс; тамыр арқылы енгізгенде – перитонит және сепсис.
Инфекция көзі.Ауру адам . Бактерия организмге сыртқы ортадан (экзогенді инфекция ) сонымен қатар «іштен»(энлогенді инфекция ) енеді.
Таралу жолдары. Инфекцияның экзогенді түрі тұрмыстық – жанасу арқылы таралады. Қоздырғыштар лас қолдар, ыдыстар, төсектер, ойыншықтар, тамақтар, шыбындар арқылы беріледі.
Патогенез.Эшерихиялардың қоздыратын ауруларын эшерихиоздар деп атайды.
Эшерихиоздардың дамуы қоздырғыштың ену түріне және серотобына байланысты. Ауыз арқылы енгенде ішек аурулары пайда болады. Адамдарда ауруды көбінесе О – тобының қоздырғыштары тудырады.
Бұл бактерияларды энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) деп атайды.
ЭПІТ –ның бірнеше тобы бар.
1- топ – жас сәбилерде колиэнтерит қоздырғыштары (серотиптар 0111; 026; 086 т.б.)
2- топ- дизентерияға ұқсас аурулар қоздырғыштары (025; 0124; 0143; 0144 т.б.)
3- топ- холераға ұқсас аурулар қоздырғыштары (01; 05; 06; 078 т.б.)
Ішек таяқшалары азық – түліктерге түсіп, көбейеді. Токсикоинфекция ауруын қоздырады.
Эндогенді инфекция әртүрлі мүшелерді зақымдайды: өттің қабынуы (холецистит), қуықтың қабынуы (цистит), қанға жұғу (сепсис).
Иммунитет.Осы ауруды қоздырған серовариантқа ғана болады. Эшерихиялардың әртүрлі варианттары болуы иммунитетті тұрақты болдырмайды.
Алдын-алу шаралары. Санитарлы – гигиеналық режимді, жеке гигиенаны сақтау.
Арнайы алдын –алу шаралары жоқ.