Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет11/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Сәулелі энергия әдісі. Табиғатта көптеген микроорганизмдерге күн сәулесі әсер етеді. Әсіресе ультракүлгін сәулесі микробтардың жойылуын тездетеді. Сондықтан микробтардың өсімін лабораторияларда қараңғы жерде сақтау керек.
Ультракүлгін сәулесі ауаны залалсыздандыруда кеңінен пайдаланылады. Мысалы: ауруханаларда палаталарды, операционныйлар, лабораторияларда, бокстар т.б.
Ультрадыбыс – ультрадыбыс әсерінен цитоплазмадағы газдың қысымы артып, жасушақабықшасы ыдырап өлімге соқтырады.
Ультрадыбыс тамақ өнеркәсібінде кейбір тамақтарды залалсыздандыруда қолданылады (мысалы: сүт, су, шырындарды).
Залалсыздандыру – объектілерді микроорганизмдерден жою.
Залалсыздандырудың мақсаты: физикалық факторлар арқылы заттардағы микробтардың барлық түрлерін құрту, оларды жою.
Залалсыздандырудың физикалық әдістері: құрғақ ыстық ауамен, қысымы жоғары су буымен, инфрақызыл және радиациялық сәулелермен өңдеу, сүзу, қыздыру, өртеу арқылы жүзеге асырылады.
Залалсыздандырудың химиялық әдістері: газдарды, химиялық заттарды пайдалану, өңдеуге тиісті заттарды ерітіндіге батыру болып табылады.
Қыздыру – микробиологияда құрал – жабдықтарды, лаборатория және дәріхана ыдыстарын өңдеу үшін кеңінен қолданылады.
Дезинфекциялық камера – киімді, төсекті, кітаптарды т.б. заттарды өңдеу үшін қолданылады.
Құрғақ ауамен Пастер пешінде лабораториялық ыдыстарды залалсыздандырады (Петри табақшасы, пипеткілер, колбалар, пробиркалар, флакондар). Залалсыздандырудың алдында оларды жуып, құрғатып қағазға орап салады.
Петри табақшаларын біреуден немесе бірнешеуден қағазға орап полкаларға қояды. Пипеткілерді, колбаларды, пробиркаларды мақта – марліден жасалған тығындармен тығындайды – микроб кірмес үшін. Пробиркілерді 5 – 10 – 50 шт. байлап, қағазға орап салады. Шкафтың есігін тығыз етіп жабады ауа кірмес үшін, 160 – 1650 температурада 1 сағат қыздырады. Содан кейін пеш салқындағанға дейін есігін ашпайды, себебі салқын ауадан ыдыстар жарылып кетпес үшін.
Сұйық заттар (қоректік орталар, NaCl ерітіндісі т.б.) резиналы және синтетикалық заттарды құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыруға болмайды, себебі сұйық заттар қайнап кетеді, ал резина мен синтетикалық заттар балқып кетеді.
Қайнату – шприцтер, құрал – жабдықтар, шыны ыдыстар, резиналы трубкалар – арнайы металдан жасалған стерилизаторда жасалады. Суды жұмсарту үшін 1 – 2% Na гидрокарбонат қосады немесе дистирленген суда жасайды. Қайнағаннан бастап 15 – 30 минут қайнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет