Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Морфология. Clostridium perfringens полиморфты таяқшалар, қозғалмайды. Капсуласы бар, қолайсыз жағдай да спора түзеді. Грам оң. Культиверлеу



бет53/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Морфология. Clostridium perfringens полиморфты таяқшалар, қозғалмайды. Капсуласы бар, қолайсыз жағдай да спора түзеді. Грам оң.
Культиверлеу. Clostridium perfringens – анаэробтар. 37 – 42 градус температурада рН 7,2 – 7,4 ет гидролизат немесе казеин ортасында тез өседі. Өсім газ бөлінуімен және рН мәнінің қышқылға төмендеуімен жүреді. Тығыз қоректік ортада Clostridium perfringens бұдырлы R, тегіс S және кілегейлі M колония құрады. Сұйық қоректік ортада тегіс лайланады, газ бөлінеді, қанды ортада гемолиз аймағы болады.
Ферментативті қасиеті. Лактозаны, глюкозаны, сахарозаны және мальтозаны қышқыл мен газға дейін ашытады. Сүтті жәй ұйытады (2 – 7 күн) желатинді сұйылтады. Clostridium perfringens патогенді ферменттер өндіреді: лецитиназа, гиалуронидаза, желатиназа, коллагеназа.
Токсинтүзуі. Күрделі токсин өндіреді, грек әріптерімен белгіленеді: λ, θ, β сонымен қатар энтеротоксин түзеді.
Антигендік құрылымы. 5 серовары бар: A, B, C, Д, E.
Серовар А – ішектің қалыпты мекендеушісі, адамдарда ауру қоздыруы мүмкін.
Серовар В – қозыларда ішек ауруын қоздырады.
Серовар С – адамдарда және ірі қара малдарда энтерит тудырады.
Серовар Д – малдарда энтеротоксемия тудырады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Clostridium perfringens тұрақты емес. Дезинфекциялауы ерітінділер тез жояды.
Жануарлар қабылдаушылығы. Үй жануарлары ауырады. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқалары, кроликтер, тышқандар ауырады.

Clostridium novyi.
1884 жылы Нови анықталған.
Морфология. Clostridium novyi ірі, тіке немесе қисық таяқшалар, тізбектеліп орналасады, қозғалмалы – перитрихтар. Капсуласы жоқ. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium novyi – анаэробтар. Ауа оттегісіне өте сезімтал. 37 – 43 градус температурада рН 7,4 – 7,6 казеинді, көмірсутекті және ет пентонды орталарда өседі. Тығыз агарда 48 сағаттан кейін дөңгелек, жартылай мөлдір, беті түйіршікті, шеттері шашақты колония құрайды. Сұйық қоректік ортада газ жиналып, тұнба қабыршақтанып өседі. Қанды агарда колонияның айналасында гемолиз аймағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет