Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Қоршаған орта факторына төзімді



бет57/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Қоршаған орта факторына төзімді. 60 – 70 градус температурада 20 – 30 минуттан кейін өледі. Споралар төзімді, олар қайнатқаннан кейін 1 – 1,5 сағаттан кейін өледі. Топырақта көп жылдар сақталады. Күн сәулесі бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Дезинфекциялаушы ерітінділер 5 – 6 сағаттан кейін өлтіреді.
Жануарлардан жылқы мен ұсақ малдар ауырады. Тәжірибеліктен ақ тышқандар, қояндар ауырады.
Инфекция көзі – бактериятасымалдаушы жануарлар, ауру көбінесе ауыл шаруашылығы жерінде кездеседі. Қоздырғыш адам мен жануарлар ішегінен нәжіспен топыраққа түсіп,шаң арқылы киімге т.б. заттарға таралады.
Таралу жолдары. Сіреспе жарақат инфекциясына жатады. Ол зақымданған тері және кілегей қабаты арқылы жұғады.
Патогенез. сіреспе таяқшасы жарақатқа түсіп көбееді, экзотоксин бөледі. Токсин орталық нерв жүйесіне әсер етіп, бұлшық еттердің жиырылуын тудырады. Әуелі шәйнау еттері (тризм), сосын бет және желке еттері жиырылады (сардоническая улыбка) пайда болады. Тыныс алу еттерінің жиырылуының әсерінен тұншығу (асфиксия) пайда болып, өлімге келтіреді.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет жоқ, себебі бұл ауру көбінесе өліммен аяқталады. Жасанды иммунитет анатоксин енгізу арқылы пайда болады.
Арнайы алдын - алу. Балаларға 2 айдан бастап АКДС вакцинасын енгізуден басталады. 1 жас 6 айда ревакцинация, 6-7 жаста ревакцинация, содан кейін 10 жыл сайын қайталап тұрады.
Арнайы емі - бұлшық етке сіреспеге қарсы сарысу, иммуноглобулин енгізу. Сонымен қатар антибиотиктер: тетрациклин, пенициллин, т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Сіреспе қоздырғышын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Жарақат ішіндегісі
2. зақымданған аймақтан тілім
3. жарақатқа түскен бөгде зат
4. топырақ


Негізгі зерттеу әдісі.
1.микроскопиялық
2.биологиялық
3.бактериологиялық

Ботулизм.
Clostridium botulinum 1896 жылы Ван – Эрменген анықтаған.
Морфология. Ботулизм қоздырғыштары шеттері қайырылған таяқшалар, спора түзеді, субтерминалды орналасқан. Капсуласы жоқ, қозғалмалы перитрихтар. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium botulinum – анаэробтар. 25 – 37 градус температурада pH 7,3 – 7,6 казеин, ет т.б. орталарда өседі. Қанглюкоза агарда әртүрлі жіпшелері бар колония құрады. Бауыр сорпасында лайлы, тұнба түрінде өседі.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті: лактозаны, глюкозаны, мальтозаны және глицеринді қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Белокыдырату қасиеті: бауырдың тілімдерін ерітеді, жұмыртқа белогін ыдыратады, желатинды ерітеді, күкірттісутек пен аммиак құрады.
Токсинтүзуі. Ең күшті биологиялық токсин түзеді, ол 2 компоненттен тұрады: нейротоксин және гемагглютинин.
Антигендік құрылымы. 7 серовары бар: A, B, C, Д, E, F және G.
Ауруды көбінесе А, В, Е сероварының токсиндері тудырады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Споралары төзімді, қайнатқанда 5 сағатқа дейін төзімді. Етте, консерв банкілерінде споралар автоклавта өңдегеннен кейін де сақталады. 5% фенол ерітіндісінде споралар 1 тәулікке дейін сақталады. Ботулизм экзотоксині қайнатқанда 10 минутке дейін төзімді. Ол күн сәулесіне, төмен температураға, дезинфекциялаушы ерітінділерге төзімді.
Жануарлардан – ірі, кіші қара малдар, құстар, кемірушілер сезімтал. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар, теңіз шошқалары, мысықтар сезімтал.
Инфекция көзі. Жануарлар нәжістерінен түскен қоздырғыштар суда, топырақта кеңінен тараған. Адамдар ботулизм қоздырғыштары, экзотоксиндері бар тамақтардан ауру жұқтырады.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы (әсіресе консервілер, ет, балық, саңырауқұлақтар, т.б.)
Патогенез. Нейротоксин асқазанның, ішектің ферменттеріне сезімтал емес, ол ішек арқылы қанға сіңіп, бүкіл ағзаға таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауруларда көз, тыныс алу және жұтыну жүйелері зақымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет