1) Мұғалімдерді дамыту мақсатында бағалау мұғалімдерге кәсіби даму арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолдануға болатынкері байланыс беруге бағытталады.Бұл, зерделеуді, рефлексияны және оқыту тәжірибесін дамытуды қамтиды. Әдетте, бұл мектеп мәнмәтініде жүзеге асырылады, сондықтан әр мұғалімнің кәсіби даму мүмкіндіктері мектептің даму жоспарымен тығыз байланысты.
2) Мұғалімдерді тиімділікті растау мақсатында бағалау мұғалімдердің өз жұмыстарының нәтижелерінің жақсаруын мансаптарының өсуімен байланыстыруға бағытталған.Бұл мұғалімдердіең үздік нәтиже көрсетуге ынталандырады. Әдетте, мұндай бағалау нәтижесі –мансаптық өсу, еңбекақының көтерілуі және басқа да сыйақылар. Мұндай бағалау өзінің табиғаты бойынша суммативті болып табылады жәнемұғалім жұмысының белгілі бір тұстары бойынша жүзеге асырылады.
Әріптестердің бағалауы
Кейбір жүйелердегімұғалімдерді бағалау тәжірибесі жауапкершілігі көбірек әріптестердің бағалауына негізделген, бұл әдетте даму мақсатындағы бағалауда қолданылады. Алынған деректер нақты фокусы және әріптестер берген тиімді кері байланысы бар сабақты бақылаудыңоқыту сапасын арттыруға тигізетін әсерін дәлелдейді.Мұғалімнің тиімділігін растау мақсатында әріптестер бағалаушы рөлінде мұғалімді бағалағанда,легитимділік мәселесін шешу аса өзекті.
Мұғалімді мектепішілік және сыртқы бағалау
Мұғалімдерді мектепішілік бағалаудың артықшылығы –мектептің өзі бағалау рәсімдеріне жауапты болуы және барлық бағалау аспектілерініңқамтылуын бақылауы.Бұл, сондай-ақ, мектеп мәнмәтіні ескерілгеніне мектептерге сенімділік береді – әрбір мұғалімнің мектеп мақсатымен және әлеуметтік білім беру ортасымен келісілгенстандарттарға сәйкестік дәрежесі бағаланды. Сонымен қатар, мектеп ішінде әзірленген құралдардымұғалімдерді дамыту мақсатында бағалауда қолдануға қолайлы.
Нәтижелерді формативті қолдану
Мұғалімді бағалаудың түйінді мақсаты мектептің жалпы даму жоспарын ескеретін жеке даму (кәсіби дамуды қоса алғанда) жоспарын жасауға бағыттайтынәрбір мұғалімнің даму басымдықтарын анықтауболып табылады.Кәсіби даму мүмкіндіктерімен байланыс болмаса, бағалау үдерісі мұғалімнің оқыту тәжірибесін толыққанды жақсартпайды, бұл өз кезегінде бағаланатын мұғалімдерде сенімсіздікті тудыратын мүлде мағынасыз рәсімге айналады.(Danielson, 2001; Milanowski и Kimball, 2003; Margo и соавт. 2008).
Бағалау критерийлері
Сапалы бағалау тәжірибесінің негізі құзыретті (оқудан өткен және тәжірибелі) бағалаушылар жүйелі қолданатын айқын критерийлердіңболуы.Ол үшін оқыту тәжірибесінің нәтижесінде не күтілетініне қатысты басшылыққа алатын нұсқаулық дайындалуы қажет.
Мақсаттар қою мен жеке сұхбат
Мұғалімдерді бағалау модельдерінің көбінде мұғалім мектеп әкімшілігімен келісілген белгілі бір уақыт кезеңіне мақсат қояды.Бағалау кезінде осы мақсатқа қандай дәрежеде қол жеткізілгені қарастырылады. Мақсат қою, өзін-өзі бағалау сияқты, әдетте бағаланатын мұғалімдермен жеке сұхбат өткізуді қамтиды.
Түрлі аспектілердегі мұғалім қызметіне байланысты жазба жүргізудің стандартты формасы
Мұғалімді кешенді/жан-жақты бағалау модельдері түрлі аспектілердегі мұғалім қызметіне байланысты жазба жүргізу үшін стандартты формаларды қолдануды қамтиды. Олар бағалау шеңберіндегі түрлі домендер бойынша мұғалім қызметін қағазға түсіруге бағытталған,бағалау үдерісінде қолданылатын негізгі құралдар болып табылады.
Мұғалімдердің бағалау құзыреті және Кері байланысты пайдалану
Мұғалімдерді бағалаудың тиімділігі мұғалімдер мен бағалаушылардың дұрыс бағалау дағдылары мен құзыреттерін меңгергеніне негізделген. Мысалы, бағалаушылардың мұғалімдердің алдында легитимдіболуы өте маңызды. Сонымен қатар, тәжірибені дамыту мақсатындағы кері байланысты қолдану дағдыларыбағалау үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Мектепті дамыту үдерісінде даму мақсатындағы мұғалімді бағалау негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Әдетте бағалаушыларрөлін:
сырттан келген немесе мектеп құрамындағы мұғалімдер;
нақты мұғалімді және бағалаушы немесе басшы рөліндегі мұғалімдерді бағалау үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын сыртқы инспекторлар;
мектеп басшыларыатқарады.
Бірнеше бағалаушылардың қатысуы бағалау тәжірибесінің табысты өтуінің негізі болып табылады; мұғалімдердің сапасы мен тиімділігін бағалау үшін кем дегенде екі немесе одан да көп адам тартылуы керек. (Peterson, 2000; Stronge and Tucker, 2003).Danielson және McGreal (2000) айтуынша, бірнеше бағалаушыларды біріктіретін «360 градустық бағалау жүйесі» мұғалімнің білімі мен құзыреттілігін әр түрлі жақтан қарастыру және сол барлық жақтардан үлгілі (ең дегенде дұрыс) болу идеясын қолдайды. Үдерісте бірнеше бағалаушының қатысуы бағалау маңыздылығын кенет жоғарылатады (тиімділікті растау функциясы басым болады).
Эксперттік бағалау тұрғысынан алғанда бағалаушылар рөлінде пәнді терең меңгерген және педагогикалық тәжірибесі бар «қалыптасқан» мұғалімдер, оқыту үрдісінде басқаларды бағыттай және қолдай алатын тиімділігі жоғары және табысты практиктер болуы керек..
Мұғалімді бағалаудың әрбір моделінің табыстылығы бағалаушылардың дайындығына байланысты.Тәжірибе көрсеткендей, бағалаушылардың бойында келесі сипаттамалар мен дағдылар жиынтығы болуы керек: оқыту тәжірибесі, білім және әдістемедегі бағалау теориясы саласындағы білімі, оқыту сапасы ұғымдарын білу, мектеп сапасын бағалау жүйесі, соның ішінде мектеп сапасын арттырудағы оқыту сапасының рөлі және жеке дамуға бағытталған оқыту сапасының рөлі туралы білімі, бағалау құралдарын (бақылау сенімділігі мен валидтілігін қоса алғанда) әзірлеу туралы түсінігі, бағалаудың психологиялық аспектілері туралы түсінігі, сапалы бағалау тәжірибесі, бағалаудың және кері байланыс беру дағдылары арасындағы байланыстарынтүсіну.
Мектеп директорларына бағытталған ұсыныстар әдетте адам ресурстарын дамыту мен мектеп сапасын (мұнда өзін-өзі бағалау да қамтылады) растауға бағытталған. Әдетте, бұған мұғалімдермен құрылымдалған ынтымақтастық құру, мектеп мақсаттары мен функционалдық міндеттерін байланыстыратын мақсаттар қою, құралдар әзірлеу, бағалау нәтижелерін қолдану үшін құралдарды басқару сияқты аспектілерді көтере отырып, қызметкерлерді басқару жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |