Мұғалімнің кәсіби дамуындағы әдістемелік бірлестік жетекшісінің және директор орынбасарының рөлі
ӘБ жетекшісі мен директор орынбасарының рөлі ерекше, олар мұғалімнің кәсіби дамуына тәлімгер ретінде қатысады.Олар оқу бағдарламасы бойынша, мұғалімдердің қызметін бағалау туралы қазіргі заманғы идеялармен танысып, өзінің портфолиосында оны ашып көрсетеді. Тәжірибе жүзінде олар:
кәсіби даму мақсатына жетуге арналған кері байланыс ұсыну үшін мұғалімдер қызметін бақылау;
сабақ бойынша рефлексиялық есепті зерделеп, мұғалімнің рефлексиясы туралы пікір айту;
аттестаттау бойынша шешім қабылдау кезінде сындарлы кері байланыс беру және мұғалімді қолдауды қамтамасыз ету;
мұғалімдер барлық стандарттарға сәйкес келуі үшін оқыту мен тәжірибесін жетілдіруге бағыттау қабілеттерін көрсетеді.
Әлемнің ең үздік білім беру жүйелеріндегі соңғы зерттеулер мәліметтері бойынша мектептердегі оқушының нәтижелерін арттырудағы шешуші фактор оқыту сапасы және педагогикалық қоғамдастықтағы өзара әрекеттесу болып табылатыны барған сайын айқындалуда. Кәсіби даму мақсаттарына қол жеткізу үшін және педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сай болуы үшін мұғалімдерге білікті тәлімгерлердің қолдауы керек. ӘБ жетекшілері мен директор орынбасарларының тағы бір маңызды рөлі бар – олар бағалау критерийлерін қолдана отырып және сабақ бойынша рефлексиялық есептерді бағалай отырып мұғалімдер үшін сарапшы болулары керек.
Мұғалімдерінің кәсіби қызметінің сапасын айқындаумен қатар, ӘБ жетекшілері мен директор орынбасарлары үшін өздерінің оқуы мен тәжірибесін үздіксіз бағалауы, және, осылайша, тәлімгер ретіндегі жұмысының сапасын көрсету үшін өз портфолиосының дәлелдемелерін жинақтауы маңызды.
I бөлім. АТТЕСТАТТАУ ШЕҢБЕРІНДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ МЕН РӘСІМДЕРІ
Аттестаттау шеңберінде Зияткерлік мектеп мұғалімін бағалау үш кезеңді қамтиды:
1. Мектепішілік бағалау
2. Тәуелсіз бағалау
3. Аттестаттау туралы шешім (мұғалімнің аттестаттау комиссиясымен әңгімелесуі)
Мектепішілік бағалау мұғалімнің әлеуетін анықтайды, кәсіби дамуға, ӘБ жетекшісі мен директор орынбасарына тәлімгерлік жүргізуге, мазмұнды кері байланыс жасауға мүмкіндік береді. ЭЫДҰ зерттеулері (2009) көрсеткендей, көптеген мұғалімдер «олардың еңбегін бағалау мен кері байланыстың болуы жұмыспен қанағаттану деңгейіне оң әсер еткенін, педагогикалық тәжірибенің өзгеруіне әкелгенін және олардың кәсіби деңгейінің едәуір артқанын атап көрсетеді».
Достарыңызбен бөлісу: |