Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет3/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Мектепішілік бағалау

Мектепішілік бағалау моделінде келесі кезеңдер бірізділікпен берілген:



  • кәсіби даму мақсаттын қою;

  • бірінші жартыжылдықта сабақты бақылау;

  • мақсатты түзету (мұғалім тәжірибесіне жартыжылдық шолу);

  • екінші жартыжылдықта сабақты бақылау;

  • мақсатқа жету (мұғалім тәжірибесіне жылдық шолу).



Мақсат қою
Кәсіби даму «сыныптағы тәжірибемен, нақтырақ айтсақ, пәннің мазмұныменжәне оқушыларды нақты пәнге оқыту үдерістеріменбайланысты болу керек. Мұғалімдер осы мазмұн аспектілерінде дамыса, олардың әрекеттерінің сапасы және оқушылардың оқу нәтижелері артады» (van Veen, Zwart, and Meirink). Алдыңғы оқыту рефлексиясына байланысты мақсат таңдалады. Мұғалім оқу жылының басында ӘБ жетекшісімен бірлесіп, даму аймағын анықтайды, кәсіби даму мақсатын тұжырымдайды және оған жету жолын жоспарлайды. Жарты жылдық шолу қорытындысы бойынша мұғалімнің тәжірибесін бақылау нәтижесінде берілген кері байланыс негізінде кәсіби даму мақсаты түзетіледі, мұғалім өзінің іс-әрекеттерін зерделейді, талдайды, қажет болған жағдайда жоспарға және кейінгі әрекеттерге түзетулер енгізеді.ӘБ жетекшісі жылдық шолу қорытындысы бойынша бақылау жөніндегі пікірлердің негізінде мақсаттарға қол жеткізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет