Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Сабақтағы күнделікті формативті бағалау – тиімді оқытудың қажетті элементі. Ол, мұғалімнің қандай жетілдірулер енгізу керектігін және келесі қадамдар қандай болатындығын анықтай отырып, сабақ үдерісінде оқу қалай дамып жатқанындығына көңіл аударғанын талап етеді. Бағалау тиімді болуы үшін, балаларға қандай да бір нәрсені қаншалықты жақсы істей алатындықтары туралы өз пайымдауларын қалыптастыруға көмектесе отырып, оларды бұл үдеріске үнемі тартып отыру керек. Серіктестікте (өзара бағалау) бағалау үшін оқу мақсаттарын – не оқылу керектігін және оқу нәтижелерін – оны оқығаннан кейін балалар неге қабілетті болатындығын олармен талқылау керек. Сабақ кезінде оқушының пән бойынша білімдері мен біліктері, сонымен қатар өздерінің құнды ұстанымдары туралы кері байланыс алуы маңызды. Оқушыларды бағалау үдерісіне қатыстыру оқушылардың бір-біріне кері байланыс берулеріне, бір-бірін оқытуға және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, олардың талдау, түсіндіру және бірін-бірі сыни түрде бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Мұғалім тарапынан дұрыс ұйымдастырылған бағалау оқушының өзін бағалай алуын дамытуға, өзінің оқудағы ілгерілеуіне үнемі артып отыратын жауапкершілік алуға көмектесе алады.
Формативті бағалау нәтижесінде оқушылар, қойылған оқу мақсаттары тұрғысынан алғанда, өздерінің мықты және әлсіз тұстары туралы сындарлы кері байланыс алады. Сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде, танымдық үрдіс пен олардың иерархиясы негізге алынады. Төмендегілер бағаланады:
Фактілерді, рәсімдерді және түсініктерді білу, еске түсіру, тану, ақпаратты іздеу, есептеу, өлшеу, жіктеу және ретімен орналастыру.
Білімді қолдану, әдістерді таңдау, ақпараттарды саналуан түрде ұсына білу, стандартты есептерді моделдеу мен шешу.
Пайымдау, негіздеу, талдау, жинақтау, қорытындылау, нәтижелерді бағалау, стандартты емес тапсырмаларды шешу. [11]
Сабақтағы формативті бағалау, мұғалім мен оқушының назарын оқытуды емес, көбінесе оқуды қадағалап отыруға және жақсартуға шоғырландырады. Бұл мұғалім мен оқушы оқуды қалай жақсарту мен жетілдіруге шешім қабылдауына негіз болатын ақпарат береді. Бұл бағалау, дербестікті, академиялық еркіндікті және мұғалімнің жоғары кәсібилігін көздейді, өйткені нені және қалай бағалау керектігін, бағалау нәтижесінде алынған ақпараттарға қалай әрекет етуді тікелей ол шешеді. [12]
Сонымен қатар, өз қызметінің мән-мағынасын ұғынуға, өз нәтижелерін әділ бағалауға, мәселелерді анықтауға бағытталған, заманауи білім беру үшін өзекті құзіреттің бірі рефлексия болып табылады. Егер сабақ кезінде, рефлексиялық дағдыларды дамытуды талап ететін жағдай жасалатын болса, онда оқушылар осы қабілеті меңгеретін болады. Оқушылардың сабақ мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету, оқу табыстылығына сөзсіз кепілдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |