Кері байланыс
Сыныпта бақылаудың басты маңызды артықшылығының бірі,басқа тәсілдердің қамтамасыз ете алмайтын, мұғалімге сындарлы кері байланыс беру болып табылады. Тиімді кері байланыс мұғалімнің ұзақ уақытқа тиімділігін арттыратындығы дәлелденген.[13]. Сыныпта тиімділікке жету үшін бақылаудан кейінгі берілетін кері байланыс сындарлы бағытта болуы тиіс. Әдебиетте сындарлы кері байланыс беру жөнінде көптеген зерттеулер бар. Біліктілік талаптарымен бірге қолданылатын жыл бойы мұғалімді мектепішілік бағалау үдерісі осыны іске асырудың өте тамаша мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Ауызша немесе жазбаша берілген кері байланыс мұғалім тәжірибесін формативті бағалаудың ұтымды тәсілдерінің бірі және мұғалімді дамытудың түйінді фокторы болып табылады. Ол кездейсоқ қателерден болатын жағымсыз салдарды алдын алумен қатар, қойылған кәсіби мақсатқа жетуге ықпал етіп, кәсіби дамуды ынталандыруға себепші болады.Келешекте өз тиімділіктерін арттыру үшін мұғалімдерге қазірғі уақытта қаншалықты олардың тиімді екендігін түсіну маңызды. Оларға тәжірибелерінің мықты тұстарымен қатар дамытуды қажет етерлік тұстары жөнінде нақты ақпарат беру қажет. Кері байланысты адамдар өздерін көре алатын, дамыуын жоспарлайтын және жеткен жетістіктерін қадағалай алатын «айна» деп атауға болады.
Сонымен қатар, кері байланыс уәждеудің мықты құралы болып табылады. Кері байланыс,әсіресе, мұғалімның әрекеттеріне нақты нұсқау беруде тиімді, дегенмен, жалпылама мадақтау да адамды ынталандыруымен қатар өз күшіне сенімін арттырады. Кері байланыс тиімсіз тәжірибені бағалау арқылы мұғалімнің әрекетіне келешекте өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызады. Бұл жағдайда мұғалімнің бұрыс әрекеттері көрсетіліп, балама әрекеттердің ықпалынан нәтижелердің оңды болатындығына нұсқау беріледі. Әдетте бақылаушы тәлімгерге әріптесінің тәжірибесіндегі осал тұстарын байқау қиындық келтірмейді. Мұғалімге кемшіліктері туралы сындарлы түрде айту әлдеқайда қиын – келешекте оларды жоюды және кәсіби өсуді кепілдендіретіндей етіп жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |